Қазақстан Түркияға жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттарды қалпына келтіруге көмектеседі

Қазақстан Түркияға ақпан айында болған күшті жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттарды қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы 

Қазақстан түрік тарапына үйлерді қалпына келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіреді.

Бұл туралы Анкарада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясының 12-ші жалпы отырысында мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл бастама — президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы.

Айта кетейік, 25 сәуір күні Анкарада ақпан айының басында Түркияда болған жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелеріне жетекшілік еткен төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдерін марапаттау рәсімі өткен болатын.

kaz.nur.kz