Қазақстан Украинаға генераторлар жіберді

Қазақстан Украина ауруханаларына генераторлар партиясын жөнелтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Украинадағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Қазақстаннан Украинаның медициналық мекемелеріне арналған генераторлардың бірінші партиясы келді. 43 генераторды жергілікті бизнес өкілдері сатып алып, Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қолдауымен жіберді”, – делінген хабарламада.

Украина ІІМ Қазақстанға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.