Қазақстанда азық-түлік бағасы қаншаға өсті? Қазақстан инфляция деңгейі бойынша ЕАЭО елдерінің барлығынан алда

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі бір жылмен салыстырғанда 6,5%-ға өсті, деп жазады Altyn-orda.kz.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар. Баға өзгерістері апта сайын жаңартылып отырады. Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат бүкіл облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан жинақталады.
Осы мақсатта елді мекеннің әр жерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі бөлшек сауда нысандары (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер және павильондар) таңдалады», — дейді Ұлттық статистика бюросы.

2023 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлардың орташа бағасы:

макорон  – 316 теңге/кг;

қарақұмық – 331 теңге/кг;

Күнбағыс майы-770 тг/л.

Айта кетерлігі, Қазақстан инфляция деңгейі бойынша ЕАЭО елдерінен алда. Мамыр айының соңында Қазақстанда жылдық баға өсімі 14,6%-ды құрады. Ал Қырғызстанда бұл небәрі 10,5 пайызды құрайды.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған болатын.