Қазақстанда бетті толық жабатын киімге шектеу қойылды

12 шілдеден бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киімді киюге тыйым салатын заң күшіне енді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Билік бұл шара азаматтарды тануды жеңілдету және қауіпсіздік шараларын күшейту үшін енгізілгенін түсіндірді.
Тыйым балаклаваға, никабқа, медициналық мақсатта қолданылмайтын маскаларға және бетті тануға кедергі келтіретін өзге де киім түрлеріне қатысты.
Ауа райына байланысты жағдайлар, медициналық себептер немесе кәсіби қызметке қажетті арнайы киім бұл талаптан босатылады.
Бетті жасырмайтын діни атрибуттар — мысалы, хиджаб, шейла немесе химар — заңға қайшы келмейді. Полиция бұл шара дін бостандығына қарсы бағытталмағанын және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзбайтынын атап өтті.
Жаңа заң қоғамда қызығушылық туғызып отыр. Құқық қорғау органдары түсіндірме жұмыстарын бастап, халық арасындағы құқықтық түсінбеушілікті азайтуға кірісті.
Altyn-orda.kz
