Қазақстанда педофилдерді жаңа ережелер бойынша кастрациялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі сотталғандарға бостандыққа шығар алдында кастрация жасау ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды altyn-orda.kz.
Не өзгермек?
Бұйрық жобасына сәйкес, химиялық кастрация қолдану туралы түзету енгізу ұсынылып отыр. Енді сексуалдық зорлық жасаған қылмыскерге бұл шара босатылуына алты ай қалғанда тағайындалатын болады.
Сонымен қатар, сотталған адамның психикалық ауытқулары мен сексуалдық зорлыққа бейімділігін анықтау үшін босатылуына он екі ай қалғанда сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жолдау қажет болады.
Бұйрық жобасы НҚА сайтында жарияланды. Құжат 2025 жылғы 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауда.
Еске салайық, Қазақстанда педофилдерге қатысты қазіргі 8 жылдық әкімшілік бақылаудың орнына өмір бойы бақылау енгізу жоспарлануда.
ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, бұл бақылау әр алты ай сайын сотпен ұзартылып отырады,
Бұл шара мектептерге баруға тыйым салу, түнгі уақытта сыртқа шығуға шектеу және басқа да тыйымдар сынды шектеулерді қамтиды. Бұл шектеулерді бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Шектеулер балаларды қорғауға және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады
27.08.2025, 10:23Қазақстан мектептері мен балабақшаларында жаңа жоба
22.08.2025, 10:38
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады
27.08.2025, 10:23 -
Қазақстандық әнші «Жаңа толқын» байқауында жеңімпаз атанды
25.08.2025, 13:11 -
Пашинян: Армения «Қарабах қозғалысынан» түбегейлі бас тартты
25.08.2025, 13:05 -
Қазақстан авиациясында серпіліс: 103 жаңа ұшақ пен ондаған жаңа бағыт
25.08.2025, 09:52 -
Армениядағы наразылық. Тұрғындар Ресей әскери базасын жабуды талап етті
25.08.2025, 09:41 -
Қазақстан мектептері мен балабақшаларында жаңа жоба
22.08.2025, 10:38
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru