Қазақстанда поштаны енді QR-код арқылы алуға болады — сіздің орныңызға басқа адам да ала алады

2025 жылғы 13 маусымнан бастап Қазақстанда пошта жөнелтілімдерін беру бойынша жаңа ережелер күшіне енеді: енді сәлемдемелерді тек адресат қана емес, басқа тұлға да QR-код немесе PIN-код арқылы ала алады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) 2025 жылғы 28 мамырдағы №265/НҚ бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Altyn-orda.kz online.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа тәртіп тіркелетін пошта жөнелтілімдеріне (жай, тапсырысты және құны жарияланған хаттар мен сәлемдемелерге) қатысты, бірақ ақшалай аударымдар мен жеткізу кезінде төленетін сәлемдемелерге қолданылмайды.

Енді жөнелтілімді алу үшін растау кодын көрсету жеткілікті — жүйе оны тіркеу кезінде көрсетілген алушының нөміріне немесе байланыс ақпаратына жібереді. Алушы бұл кодты басқа адамға беруге құқылы, ол адам сәлемдемені алып кете алады.

«Жөнелтілімдерді тапсыру PIN-код немесе штрих-код арқылы алу құқығын растау арқылы үшінші тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкін», — делінген құжатта.

Сәлемдемені алу үшін операторға PIN-кодты айту немесе сканерлеу үшін QR-кодты көрсету жеткілікті.

Министрліктің мәліметінше, бұл шара азаматтардың ыңғайлылығын арттыруға және байланыс бөлімшелеріндегі кезектерді азайтуға бағытталған. Әсіресе, алушы өзі келе алмайтын жағдайларда бұл тәсіл тиімді болмақ.

Altyn-orda.kz