Қазақстанда “QosLike” және “Қалаулым” телебағдарламаларын жабу туралы петиция жарияланды

Қазақстанда “QosLike” және “Қалаулым” сияқты телебағдарламаларға тыйым салу туралы петиция жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Altyn-orda.kz    .

Петицияда  хайп пен бағдарлама рейтингін арттыру үшін қолдан жасалатын жанжалдардың және басқа да келеңсіз әрекеттердің көріністері жиналған жағымсыз эмоцияларды күшейтетіні айтылған.

“Бұл көріністер қазақ отбасының салауатты қарым-қатынасының нормаларына, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын, игі, жағымды идеялар, мақсаттар мен құралдар жоқ”, – делінген хабарламада.

Петиция авторы мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын айтты. Айта кетейік, бұл петицияны бұған дейін де жүздеген қазақстандық қолдаған.

Qoslike – төрт жылдан бері қазақ телевизиясындағы рейтингі жоғары реалити-шоулардың бірі. Жобаның мәні – махаббатпен жұп құру.