Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі

Қазақстанда табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген түзетулер күшіне енді. Олар 25 мыңнан астам су шаруашылығы қызметкерінің жалақысын едәуір арттыруды көздейді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, еңбекақы аймақтарға байланысты 35%-дан 50%-ға дейін өседі. Бұл жалақыны энергетика саласы мамандарының деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді.
Заңды іске асыру қыркүйек айында басталады. Түзетулер былтырдан бері дайындалып, биыл маусымда Президент қол қойған. 2024 жылы «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы бұған дейін 25%-ға көтерілген болатын.
Сонымен қатар Үкімет елдегі ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін талқылауды жалғастыруда. Бұл қадам экономиканың маңызды салаларындағы еңбек жағдайларын тұрақтандыруға және жақсартуға бағытталған.
Altyn-orda.kz
