Қазақстанда жаңа оқу жылында 200-ден астам жаңа мектеп ашылады

2025–2026 оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл шамамен 300 мың жаңа оқушы орнының ашылуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа нысандардың жалпы санынан 112 мектеп 206 мың оқушы орнына арналған және олар «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.
Құрылыс жүріп жатқан мектептердің жартысына жуығы ауылдық жерлерде орналасады.
«Жобалар үш ауысымды оқытуды жоюға, 15 апатты мектепті жабуға және 150 мыңға жуық оқушы орнының тапшылығын қысқартуға бағытталған», – деп атап өтті министрлік.
Ауыл мектептерін кешенді жаңғырту
Қосымша 1 000 ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мектеп жиһаздары, асханалар мен кітапханалар жабдықтары жаңартылып, қауіпсіздік жүйелері күшейтіледі, сондай-ақ жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер мен робототехника кабинеттері орнатылады.
Жаңғырту бағдарламасы – 2029 жылға дейін
Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдан бастап 1 231 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Келесі жылы бұл жұмыстар 248 білім беру мекемесінде басталады. Жаңғырту аясында:
-
шатыр мен терезелер ауыстырылады;
-
инженерлік жүйелерге күрделі жөндеу жүргізіледі;
-
мектептердің қасбеттері жаңартылады;
-
мектеп аумақтары абаттандырылады.
2019 жылдан бері елде 1 200-ден астам жаңа мектеп ашылып, 1 миллионнан астам қосымша оқушы орны құрылды және 3 000-нан астам мектеп бір ауысымды оқыту форматына көшті.

Аустралиялық музыкант домбырамен «Қазақстан» күйін орындады
08.07.2025, 12:22
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстан фермерлеріне мал сатып алу үшін жеңілдетілген несие беріледі
08.07.2025, 12:36 -
Аустралиялық музыкант домбырамен «Қазақстан» күйін орындады
08.07.2025, 12:22 -
Трамп Қазақстаннан келетін барлық тауарларға 25% баж салығын енгізді
08.07.2025, 11:55 -
Ресейде ұшақ апатты жағдайда қонды
07.07.2025, 13:27 -
Ресейліктер Әзербайжанға жолдама сатып алудан бас тарта бастады
07.07.2025, 12:06
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru