Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысы 2035–2036 жылдары аяқталады деп жоспарлануда

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2035–2036 жылдары аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы Altyn-orda.kz сайты Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, жобаны жобалау кезеңінен іске қосуға дейінгі жүзеге асыру мерзімі әлемдік тәжірибеге сай келеді және 10–12 жылды құрайды.
«Росатом» мемлекеттік корпорациясы осы жоспарларға сәйкестікті растап отыр», — деп нақтылады агенттік.
Altyn-orda.kz
