Қазақстандық балуан қыздар Польшадағы турнирде бес медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Польша астанасы Варшава қаласында әйелдер күресінен XXVII Poland Open халықаралық жарысында бес медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды. Финалға шыққан Ирина Казюлина (65 келі) украиналық Юлия Лесковецке, ал Анастасия Панассович (72 келі) франциялық Кендра Огюстен Джоселин Дачерге жол берді. Сондай-ақ Айнұр Әшімова (55 келі), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекеш (59 келі) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте Польша құрамасы бірінші орынға ие болса, Қазақстан мен Канада үздік үштікті түйіндеді.

kaz.nur.kz

 

Тегтерпольша