Қазақстандық бітімгершілер Сирияға аттанды

Қазақстандық бітімгершілер Голан биіктіктеріне аттанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ге сілтеме жасаған Altyn-orda.kz   Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сүйене отырып.

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты базасында екінші ұлттық бітімгершілік контингентін шығарып салу рәсімі өтті.

Әскери қызметшілер БҰҰ-ның ажырату жөніндегі бақылау миссиясына қатысу үшін Голан биіктіктеріне жіберілді.

Фото Минобороны

Контингент құрамында 139 адам бар. Олар қызметін аяқтаған бірінші құрамды алмастырады. Барлық қатысушылар ерікті түрде іріктелген, олардың арасында екі әйел адам  бар.

Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығының бастығы, подполковник Валихан Байкеновтың айтуынша, іріктеу жан-жақты дайындық нәтижесінде жүргізілген. Кандидаттардың кәсіби және моральдық қасиеттері ескерілген.

«Бітімгершілік контингентінің барлық әскери қызметшілері ерікті түрде қабылданды. Олардың арасында екі әйел бар. Іріктеу жан-жақты дайындықтың нәтижелері бойынша жүргізілді, кандидаттардың кәсіби және моральдық қасиеттері назарға алынды. Біздің контингент БҰҰ мандаты аясында барлық міндеттерді орындауға дайын деп сенеміз», – деді подполковник Валихан Байкенов.

Фото Минобороны

Бітімгершілер атысты тоқтату режимінің сақталуын қамтамасыз етеді, аумақты патрульдейді, бақылау-өткізу бекеттерін күзетеді, БҰҰ персоналын ілестіреді және жарылғыш заттарды залалсыздандырады.

«Халықаралық стандарттар бойынша дайындалған және жабдықталған контингентіміз БҰҰ миссиясының мандаты аясында жүктелген міндеттерді орындауға дайын», – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.

Фото Минобороны

Контингентті шығарып салу салтанатында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев сөз сөйледі. Ол контингенттің орналастырылуы Қазақстанның және оның Қарулы Күштерінің халықаралық аренадағы беделінің көрсеткіші екенін атап өтті.

Айта кетейік, алғашқы бітімгершілік контингент өзіне жүктелген барлық міндеттерді сәтті орындап, миссия басшылығынан және БҰҰ Хатшылығынан жоғары баға алған.

Фото Минобороны

 

Қазақстандық бітімгершілер Голан биіктіктеріндегі БҰҰ миссиясына қатысқаны үшін қанша алады

Айта кетейік, биыл ақпанда Мәжілістің пленарлық отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары «Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасында ажыратуды бақылау күштеріне (UNDOF) ресурстар ұсыну жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға хат алмасу түріндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды.

Отырыс барысында Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев әрбір әскери қызметшіге ай сайын 1448 доллар (шамамен 730 мың теңге) мөлшерінде төлем белгіленгенін айтты.