Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов кезекті жекпе-жегінде өзбекстандық қарсыласын ауыр нокаутпен жеңді

Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Бекбауов рингтегі толық басымдығын көрсетті. Ол қарсыласын қысымда ұстап, дәл әрі жойқын соққыларымен өз тактикасын таңды деп хабарлайды Altyn-orda.kz Өзбек боксшысы бірнеше мәрте соққы өткізіп алғаннан кейін қорғанысқа көшкенімен, Дулаттың қарқынына төтеп бере алмады.
Кездесудің шешуші сәтінде қазақстандық спортшының қуатты соққысы қарсыласын есеңгіретіп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұл жеңіс Дулат Бекбауовтың жоғары дайындық деңгейін, мінезін және халықаралық аренадағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстандық боксшылар үшін принципті саналатын өзбек мектебінің өкілін нокаутпен ұту — Бекбауовтың мансабындағы маңызды жетістіктердің бірі екені сөзсіз.
Жанкүйерлер енді Дулаттың алдағы жекпе-жектерін асыға күтіп, одан жаңа жарқын жеңістер күтуде.










