Қазақстандық боксшы никарагуалық «Бұқа»-ны жеңді

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов Чехияның Пльзени қаласында өткен кәсіби бокс сайысына шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәукенов никарагуалық боксшы Серхио Гонсалеспен шайқасты. Ол “Бұқа” лақап атымен танымал. Олардың жекпе-жегі бірінші жартылай орта салмақта өтті және алты раундқа созылды. Қазақстандық үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Дәулет Дәукенов кәсіби мансабында 11-ші жеңіске жетті, ал Серхио Гонсалес 33-ші жеңіліске ұшырады.