Қазақстандық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына 100 пәтер сыйлап қуантты

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов шынайы жомарттық пен адамгершілік жылуы бұл өмірде әлі де бар екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.
Жүк тасушылар, жүргізушілер, тазалықшылар және басқа да қарапайым жұмысшылар “мақтау қағазын табыстаймыз” деген сылтаумен жиналысқа шақырылған болатын.
Алайда оларды күтпеген әрі шын мәнінде тебірентерлік тосын сый күтіп тұрды, олардың алдына Тұрсынғали Алагөзовтің өзі шығып сөйледі.
Қолында мақтау қағаздың орнына — жаңа пәтерлердің кілті болды.
Жүз адам пәтер алды — сыйақы да емес, сертификат та емес, баспана беретіні белгілі болды .
— «Бұл адамдар менің жанымда жарқын күндерде де, қиын сәттерде де болды. Олар менің отбасым қиындық көргенде де, сынбай, соңына дейін баратыныма сенді. Енді, міне, мен оларға шын жүректен алғыс айту мүмкіндігіне ие болдым», — деді Тұрсынғали сахнадан.
Жұмысшылар көз жастарына ерік берді — бұл сәт осы адамдардың есінде мәңгі сақталатыны сөзсіз .
