Қазақстандық құтқарушылар Газиантепте үйінді астынан үш адамды тірідей шығарып алды (видео )

Газиантептегі объектілердің бірінде қазақстандық құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды тірідей шығарып алды. Үйінді астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт құтқарылған. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт құтқарылған.

Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырған. «Жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанымен аса күрделі жағдайларда жүргізілді», — делінген хабарламада. Сондай-ақ ведомство адамдарды анықтау үшін кинологиялық топтар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылғанын атап өтті. 

 

 

kaz.nur.kz