Қазақстандық машина жасау зауыттары Германия нарығына шығуға дайындалуда

Қазақстан мен Германия теміржол саласындағы өнеркәсіптік әріптестікті нығайтуда. Deutsche Bahn компаниясымен өткен келіссөздердің нәтижесінде екі меморандумға қол қойылып, қазақстандық зауыттарға Еуропа нарығына жол ашылды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Келіссөздерге ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков пен Deutsche Bahn компаниясының аға вице-президенті Торстен Лац қатысты.
Тараптар қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін неміс теміржол алыптарының жеткізу тізбегіне енгізу үшін сертификаттау мәселелеріне баса назар аударды.
Кәсіпорындарды Еуропа нарығына шығару үдерісі технологиялық процестерді тексеруді, материалдардың сапасын бақылауды және Германия мамандарының қатысуымен пилоттық сынақтар өткізуді қамтиды.
Қазақстан тарабы өндірісті жаңғыртуға және халықаралық басқару стандарттарын енгізуге дайын екенін мәлімдеді.
Берлин өз кезегінде Орталық Азиядағы сенімді серіктестермен жұмыс істеуге мүдделі екенін білдіріп, сертификаттау рәсімдерін техникалық сүйемелдеуге дайын екенін атап өтті.
Қол қойылған келісімдер қазақстандық машина жасау саласының жаңа экспорттық нарықтарға шығуына және жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграциялануына мүмкіндік береді. Бұл қадам Қазақстанның аймақтағы өнеркәсіптік орталық ретіндегі позициясын нығайтпақ.
Altyn-orda.kz
Жетісайдағы өрт: Көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді
18.11.2025, 16:58Қазақстан жайлы ауыр сөздер айтқан Екатерина Бивол жындыханаға түсті
17.11.2025, 13:28
Соңғы жаңалықтар
-
Жетісайдағы өрт: Көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді
18.11.2025, 16:58 -
Қазақстан жайлы ауыр сөздер айтқан Екатерина Бивол жындыханаға түсті
17.11.2025, 13:28 -
Ташкенттегі саммит: Тоқаев аймақтық интеграцияның жаңа бағытын ұсынды
17.11.2025, 10:17
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










