Қазақстандық жеті жасар шахматшы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық жас шахматшы Қайрат Абдул-Мәлік 7 жасқа дейінгі категорияда шахматтан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, жарыс Сербияның Врнячка-Баня қаласында өтті. Бұл жеңіс Абдул-Мәлікті аталған жас категориясында әлем чемпионы атағын алған алғашқы қазақстандық шахматшы етті.

Ақтық турдың алдында Қайраттың 8 ұпайы болды, бұл оған ең жақын қарсыласынан бір ұпай алға шығуға мүмкіндік берді. Шешуші партияда ол үндістандық шахматшы Ом Еш Готтумукаланы жеңді.

Қорытынды нәтижелер:

U7 санаты (31 қатысушы)

Қайрат Абдул-Мәлік (Қазақстан, 1601) – 8 ұпай

Ом  Еш Готтумукала (Үндістан, 1413) – 7 ұпай

Айсұлтан Алмасұлы – 4 ұпай (13–21 орын)

Мұслим Амраев – 2,5 ұпай

Осы күні қалған 10 жас категориясында жеңімпаздар анықталады. Бұл номинациялардың жетеуінде қазақстандық шахматшылар жүлдеге үміткер болып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы шахматтан әлем чемпионаты Перу астанасы Лимада өткен болатын. Сол кезде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды: Айару Алтынбек G13 (13 жасқа дейінгі қыздар) санатында чемпион атанса, Қостанайлық Иман Набиев O9 (9 жасқа дейінгі жалпы санат) категориясында қола жүлдегер атанған еді.