Қазақстандықтар Абай облысындағы өртте көз жұмған Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасына 22 сағатта 26 миллион теңге жинады
Қазақстандықтар алапат өрт кезінде көз жұмған Новошульбі филиалы Успен орман шаруашылығының басшысы Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасына 26 миллион теңге жинап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоғам белсендісі Гүлмира Әбдірашева ақша жинаудың аяқталғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазақстандықтар 22 сағатта 26 миллион теңгеден астам қаржы жиналған.
«Бұл қаражат Мейрамгүл Жиенбаеваның балаларына Астана қаласынан пәтер алып беруге жұмсалады», — деп жазды журналист Михаил Козачков.
Мейрамгүл Жиенбаеваның артында 15 жастағы ұлы мен 5 жасар қызы қалды. Құрбысы Шолпан Кенжебаеваның айтуынша, марқұм үшінші баласына жүкті болған.