Қазақстандықтар Түркияда зілзаладан зардап шеккен түрік ағайындарға 120 киіз үй жібереді

Бұл жаңалықпен    журналист   Нұргелді Әбдіғаниұлы бөліскен деп хабарлайды  altyn-orda.kz

Қазақстандықтар Түркияда зілзаладан зардап шеккен түрік ағайындарға 120 киіз үй жібереді. Бұл туралы қоғам белсендісі Арман Шораев хабарлады.

«Түркияға 100 емес, 120 киіз үй жөнелтіледі! Бұл қуанышты хабарды маған Нұрбек Бекбау бауырым жазды. Осы себептен ол қаражат жинауды жабады. Барлық қатысқандарға көп рахмет! Ризамын!!!», — деп жазды Шораев.

«Түркияға 100 киіз үй» науқанын бастап, игі істің себепкері болған Нұрбек Бекбау тиісті қаражат жиналғанын мәлім етті.

«Дәл қазірге 20 млн. теңгеден асатын ақша жиналды. Міне, 45 киіз үйді сатып алуға ақшасын аудардық. Бұған 17 млн 300 мың теңге кетті. Енді 2 млн 700 мыңға тағы да 10 киіз үй аламыз. Бірер минутта киіз үйлердің видеосын жариялаймын. Кәсіпкер ағалар 50-ге жетердей киіз үй сатып алып, әуежай қоймасына қойды. Яғни бізден 50-ден астам және жеке кәсіпкерлерден 50, жалпы 100-ден астам киіз үй Түркияға жіберіледі. Ақша жіберуді тоқтатайық. Сбор жабылды!», — деп жазды журналист.