Қазақстандықтарды БАӘ мен Катардан шығара бастады: қосымша рейстер тағайындалды

2025 жылғы 26 маусымда қазақстандық әуе компаниялар Дубай мен Дохадан алты рейс орындап, бұрын транзиттік аймақтарда қалып қойған азаматтарды елге жеткізеді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ұшулар Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан әуе кеңістігін айналып өтіп жүзеге асырылуда.
Air Astana 25 маусымнан бастап Дубай мен Дохадан Алматы мен Астанаға тұрақты рейстерін қайта жалғастырды.
Тұрақты рейстерден бөлек, компания бұрын тоқтатылған рейстердің жолаушылары үшін қосымша репатриациялық ұшулар ұйымдастыруда.
SCAT Airlines те Катардан азаматтарды шығара бастады. Бүгін Доха – Алматы рейсі орындалып, 213 жолаушы жеткізілді. Дохадан Астанаға ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 14:30-ға жоспарланған, ұшақ бортында 290 адам болады деп күтілуде.
Келесі чартерлік рейстер:
-
27 маусым: Доха – Астана
-
29 маусым: Доха – Алматы
ҚР Сыртқы істер министрлігі бұған дейін Таяу Шығыс елдеріне сапарлардан толық тұрақтанғанша бас тартуға кеңес берген болатын.
Altyn-orda.kz
