Қазақстанға оралмауға шешім қабылдады: Қазақстандық үш студент Ресей Федерациясының азаматтығын алды

Қазақстанның бұрынғы тұрғындары Қорған облысының Макушинск округінде Ресей азаматтығын алған ант беріп, құжаттарын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.news сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат Қорған облысы бойынша Ресей ІІМ ресми сайтында жарияланған.

«Курган медициналық колледжінің Макушинск филиалының  үш студенті Ресей азаматтығын алды. Олар біздің елде қалып, мамандық бойынша жұмыс істеуге, сондай-ақ оқуын жалғастыруға және жоғары білім алуға шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлім қызметкерлері оларға құжаттарды ұсынып, жаңа азаматтықпен құттықтады. Ресей азаматтары Конституцияны құрметтеуге және Ресей Федерациясының заңдарын сақтауға уәде беріп, ант берді.