Қазақстанға Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараның 300 шақырымын белгілеу ғана қалды — ҰҚК шекара қызметі

Қазақстанға Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараның 300 шақырымын белгілеу қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов мәлімдеді.

«Мемлекеттік шекарада даулы аймақтар жоқ. Түркіменстанмен мәселеміз әлі бар, яғни ратификация ғана қалды, барлық мәселелер шешілді. Қазір Өзбекстан мен Ресейге қатысты мәселеде – тек Шығыс Қазақстан облысы қалды, ол жақтың барлығы таулы аймақтар болғандықтан жұмыс істеу өте қиын. Климаттық жағдайларды, ауа райын, жер бедерін ескере отырып, жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілуде. Шамамен 50% қалды. Ұзындығы шамамен 300 км», — деді Алдажұманов бейсенбіде сенат залында.

Шекара қызметінің басшысы бұл учаскеде тек мемлекеттік шекараның нүктелерін белгілеу ғана қалғанын атап өтті.

«Мәселе мынада, демаркация жүріп жатқан кезде жұмыстың екі кезеңі болады – біріншісі теориялық кезең, мемлекеттік шекара жазбаша қол қойылған кезде болады, ал екінші кезең — практикалық кезең, бұл нүктелер мемлекеттік шекара сызығының қай жерінде болатынын анықтайтын кезең», — деп түсіндірді ол.