Қазақстаннан тәуелсіз екендерін мәлімдеген сепаратистерге қатысты іс қозғалды

Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялаған сепаратистерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазіргі таңда жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,—деді басқарма ҚазТАГ редакциясына.
Еске сала кетейік, бұған дейін
петропавлдық белсенділердің Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарғанын жазған едік.
