Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісі Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын табыс етті

Киевтегі «София Киевская» ұлттық қорық-мұражайы аумағында Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге ресми түрде сенім грамоталарын табыс етті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады altyn-orda.kz.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қысқаша әңгіме барысында тараптар қазақ-украин қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ сауда, мәдениет және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады.
Төлежан Барлыбаевты Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 17 сәуірде қол қойған болатын.
Оған дейін бұл қызметті Дархан Калетаев бес жылдан астам уақыт атқарған.
Төлежан Барлыбаев Теміртауда дүниеге келген, Мәскеудегі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін тәмамдаған.
Дипломатиялық мансабын 1993 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Қызмет барысында ол Қазақстанның Украина, Польша, Нидерланд, Словакия, Хорватия, Черногория және Босния және Герцеговинадағы елшіліктерінде жұмыс істеген.
Сондай-ақ Барлыбаев Қазақстан Президенті Әкімшілігінде және Сыртқы істер министрлігінде басшылық қызметтер атқарған, оның ішінде министр хатшылығының басшысы болған.
Ол – ІІ дәрежелі төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесінің иегері, халықаралық қатынастар мен мәдени дипломатия саласында мол тәжірибесі бар

Аты аңызға айналған футболшы Қазақстан азаматтығынан бас тартты
16.06.2025, 09:55Қазақстанда коммуналдық қызметтер бағасы 100%-ға жуық қымбаттады
12.06.2025, 11:08
Соңғы жаңалықтар
-
Аты аңызға айналған футболшы Қазақстан азаматтығынан бас тартты
16.06.2025, 09:55 -
Қазақстанда дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы үштен бірге төмендейді
12.06.2025, 12:03 -
Қазақстанда коммуналдық қызметтер бағасы 100%-ға жуық қымбаттады
12.06.2025, 11:08 -
Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді
11.06.2025, 10:28
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru