“Қазақтың қанындағы белгі”: Баян Мақсатқызы “крест” тағуға қатысты ойын бөлісті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы мойнына не себепті “крест” тағатынын түсіндірді. Бұл туралы Altyn-orda.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
“Мойнымдағы бұл әшекейді он жылдан бері тағып жүрмін. Иә бұл – крест. Бірақ бұл сіз ойлағандай “крест” емес, мұнда қазақтың қанындағы белгі бар. “Төртеу түгел болса” дегенді білдіретін төрттік “крест”. Бұл – қазақтың ерекшелігін білдіретін таңба”, – деді Баян Мақсатқызы.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, продюсердің сөзімен келіспейтіндерін жеткізді.
“Оны христиандар қабылдаған”, “Қазақтарда мұндай белгі болмаған”, “Крестің астыңғы жағы ұзын болмаушы ме еді”, “Орыстарды қолдайтын адамдар ғой, сол үшін де крест тағады”, “Қазақ тұмар таққан”, “Шаңырақ болса түсінетін едім, көзге басқаша көрініп тұр”, “Мұсылмандарға мұндай әшекей тағу жат”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы ауыл баласының қазақшасын түсінбей қалғанынжазған едік.
@e1am4n Ответ пользователю @Гульшат ♬ оригинальный звук – e1am4n
