«Кедейлер өз өздеріне проблема жасап алатын сияқты кейде» -Сабит Рысбаев

Бұл жазбаны ол өзінің фейсбук парақшасында қалтырған деп хабарлайды altyn-orda.kz/
Екі үйдің чатында отырамын. Біреуі комфорт класс. Астананың ортасында. Екіншісі эконом класс. Астананың шетінде. Туысымның үйі. Астанадасың ғой деп маған тапсырған.
Квартирант кіргіземін. Әйтеуір ол чатта да бармын. Былайша айтқанда кедейлерский үйдің чаты.
Шыны керек кедейлердің чатында проблема көп. Ана жерге мусорды кім тастап кеткен, мынаны кім сындырған, ана жерге көлікті кім дұрыс емес қойған, колхозниктер, балалар алаңындағы құлыпты кім сындырды ошым жырлары бітпейді.
Байлардың чатында рахат.
Ол жақта проблема аз айтылады.
Көбінесе ойын алаңында мынаны кім қалдырды, ертең мына жолдар жабылады, мысығымды 1 аптаға қарайтын адам бар ма, 2 аптаға кетіп жатырмыз, ашитын заттарымызды беріп кетейік мұқтаж таныстарыңыз жоқ па, мейрам құтты болсын. Ошым байлардың чатында көбінесе керек ақпарат аласың.
Ана чатта проблема бітпейді. Кедейлер өз өздеріне проблема жасап алатын сияқты кейде. Мусорыңды апарып төк. Тұрған нәрсені сындырма. Сындырсаң жөндеп қой. Балалар алаңына көлігіңмен шығып кетпе. Әйтеуір өз өзімізге проблема жасап жүретін секілді көрінеміз ше.