«Келдік қой әйтеуір…»: Сүйінші, қандастардың жаңа легі Қазақ еліне оралды

Қазақтың төл атажұртында тапжылмай мекен етіп, алмағайып заманда шекара сыртында қалып қалған қандастарымыздың бір тобы елге оралды. Жат елдің құрамында қалған қазақ атажұртынан оралған ағайындар көзіне жас алып, туған-туыс, өз қазағымен қауышып жатыр. Шығыс Түркістан, Үрімжі, топырағынан жеткен қазақтардың елге келуін «Адырна» ұлттық порталы сүйіншілейді. 

Қуанышты жаңалықты Қазақ елінің солтүстігін қазаққа толтыру мақсатында табанды еңбек етіп жүрген Бурахан Даханов жеткізді.

Ал сүйінші ағайын, Күншығыстан көш қозғалды. Кешелері, Қытайдан, Үрімжі қаласынан елім- жерім деп біршама қандас, ағайынымыз елге жеткен екен.. Елім меніңді айтып, қуанып отырғандарын қараңыздаршы.. Елге ел қосылса құт дейді, құтты болсын ағайын. Атамекенге қош келдіңіздер. Өсіп — өніп өркендеп кетулеріңізді тілеймін… —  деді жазба авторы.

Сонымен қатар, Бурахан Даханов көктем шығысымен елге оралатын қандастардың легі артатынын хабарлады. Пәкістан топырағында қалған 300-ден астам қазақтың қиын жағдайынан сөз етті.
Бұйырса, жер қарайған уақыттан бастап көршілес жатқан Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Ресейден келетін қандастар легі көбейейін деп тұр. Үмітсіз шайтан демекші, соонау Пәкістаннан Атамекенге жете алмай жатқан 300-ден астам қандасымыз және бар. Осыған орай, көші қонға ресми жауап беретінИльяс Испановмырзаға, Отандастар қорының төрағасыAbzal Saparbekulyмырзаға.. Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтің көші қонды реттеу, қандастарды жайғастыру, ауылдарды көтеру деген тапсырмасына орай, сіздерден: Шет елден келетін қандастарымызды квалификациясына, потенциалына қарай еліміздің түкпір — түкпіріне бағыттап отыратын негізгі орталықтың жұмысын жандадыруды, Шет елден келем деп, хабарласып, елшіліктермен байланысқа шығып жатқан қандастарымызды бірден Солтүстік Қазақстанға көшулеріне үгіт насихат жүргізуді,(үгіт насихат барысында барды бар, жоқты жоқ деп айтылсын), немесе, мың естігеннен бір көрген жақсы дегендей, отағаларын жинап Теріскейді бір аралату сынды іс әрекеттер ұйымдастыруды және елге келіп, Солтүстік өңірлерге көшуге ниет еткен азаматтарға арнайы жеңілдіктер мен субсидиялар пакетін дайындауды, Шет елден келген қандастардың азаматтық алу тетіктерін жеңілдету, айдалаға сабылтпай құжат мәселелерін осы Солтүстікте ақ шешу тетіктерін қарастыруды және Облыс басшылығымен бірлесе отырып —көшіп келген қандастарды топ— топқа бөліп, тым болмаса 7-8 отбасымен бір ауылға шоғырландыру мүмкіндіктерін ойластыруларыңызды сұраймын. Теріскей бізге аманат, — деді автор.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADYRNA.KZ — Жаңалықтар (@adyrna.kz)