Қазақтың төл атажұртында тапжылмай мекен етіп, алмағайып заманда шекара сыртында қалып қалған қандастарымыздың бір тобы елге оралды. Жат елдің құрамында қалған қазақ атажұртынан оралған ағайындар көзіне жас алып, туған-туыс, өз қазағымен қауышып жатыр. Шығыс Түркістан, Үрімжі, топырағынан жеткен қазақтардың елге келуін «Адырна» ұлттық порталы сүйіншілейді.
Қуанышты жаңалықты Қазақ елінің солтүстігін қазаққа толтыру мақсатында табанды еңбек етіп жүрген Бурахан Даханов жеткізді.
Ал сүйінші ағайын, Күншығыстан көш қозғалды. Кешелері, Қытайдан, Үрімжі қаласынан елім- жерім деп біршама қандас, ағайынымыз елге жеткен екен.. Елім меніңді айтып, қуанып отырғандарын қараңыздаршы.. Елге ел қосылса құт дейді, құтты болсын ағайын. Атамекенге қош келдіңіздер. Өсіп — өніп өркендеп кетулеріңізді тілеймін… — деді жазба авторы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

