Келесі айда Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
