Кентау саябақтарының бірінде жылқы мінген адам баланы жаншып өткен — ВИДЕО
Кентаудағы саябақтардың бірінде 9 мамыр күні жылқының иесі жылқыны басқара алмай, кішкентай қызды құлатып алған.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды altyn-orda.kz
Түркістан облысы баспасөз қызметі қыздың әкесі арыз жазбағанын хабарлады.
Ол қыздың ешқандай жарақат алмағанын айтты.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек тексерілуде. Жылқы мен оның иесін қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз.