Кепілге алынған банк қызметкерлері босатылды (ВИДЕО)

Kaspi банктің кепілдегі 4 қызметкері босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді. Барлық кепілге алынғандар босатылды!

Кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер шығарылды.

Басып алушы қауіпті емес!

Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ», — делінген ресми хабарламада.

Басқыншымен келіссөзді ішкі істер министрі М. Ахметжанов жүргізген. Ол сондай-ақ, күштік операцияны басқарды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам ұйым қызметкерлерін кепілге алды.

Банктің баспасөз қызметі ғимаратта клиенттердің жоқтығын және полиция қызметкерлерінің күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Тегтербанк