«Кешірім сұрағым келмейді»: «Құрмет» орденімен марапатталған Әли Оқапов ел күтпеген мәлімдеме жасады
Ұлттық мереке қарсаңында “Құрмет” орденін алған Әли Оқапов сынға ілікті. Әншінің “лайықсыз” екенін айтқан экс-депутатқа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол марапатты қазақ музыка саласына қосқан үлесі үшін алған болатын.
“Қымбатты достар, соңғы жағдайға байланысты пікір білдіргім келіп отыр. Шынымды айтсам, дәл осылай ел талқысына түсемін деп күтпедім. Ешкімге кінә артпаймын, бірақ бұл дұрыс емес. Сондықтан осы сәтті пайдаланып, осы күнге дейін алған барлық музыкалық жүлделерімнен бас тартамын. Тіпті, мұны көптен бері ойлап жүрген едім. Өйткені менің ұлыма балалар бөлмесі қажет. Ал статуэткалар орын алады. Мемлекеттік марапат – салмақты жүлде. Мен жүлдені қайтару жөнінде Ата Заңды да оқыдым. Бірақ өзіме қажетті нормативтік құжатты таппадым. Демек осы күнге дейін ешкім мемлекеттік марапаттан бас тартпаған, – дейді.
Осы орайда әнші марапат алатынын түнде ғана естігенін айтып ақталды.
“Мен ештеңені алдын-ала білмедім. Ұйымдастырушылар түнде ғана хабарласып, таңертең марапаттау рәсіміне келіңіз деді. Өзімді не күтіп тұрғанын да түсінбедім. Сондықтан ешкімнің алдында кешірім сұрағым келмейді. Сыйлықтан бас тарту – өзімнің шешімім. Ешкім мені мәжбүрлеген жоқ. Осы күні мені қолдаған барлық тыңдарманыма алғысым шексіз. Мен бақытты адаммын. Отбасым жанымда, сүйікті ісіммен айналыса беремін”, – деп алғыс білдірді әнші.
Әли Оқапова әріптестері қолдау білдіріп, видеосының астына жарыса пікір жазып жатыр.
Еске салсақ, Тәңірберген Бердіоңғаров әншіні “қатардағы орындаушы” деп сынап, марапатымен келіспейтінін жазған болатынбыз.