«Кездескім келеді». Түрмеден шыққан Бақытбек Есентаевты 11 жастағы қыз неге іздеді?

Алты жылын абақтыда өткізіп, осы жазда бостандыққа шыққан Бақытбек Есентаевты Аяна есімді қыз іздеп жүр. Ол әлеуметтік желіде өзіне көмек қолын созған ағасымен кездесіп, алғыс айтқысы келетінін жеткізген деп хабарлайды juldyzdar_news  инстаграм парақшасында 

Аянаның айтуынша, ол үш жаста болғанда қатты ауырыпты. Сол кезде ем-домына Бақытбек Есентаев қол ұшын созған екен. Кішкентай қыз Instagram әлеуметтік желісі арқылы ағасына жолығып, алғыс айтқысы келетінін жазған.

«Менің атым — Аяна. Жасым — 11-де. Мен сізге рақмет айтайын деген едім. Мен ауырғанда сіз көмек беріпсіз, ол кезде менің жасым үште болған. Сол үшін сізбен кездескім келеді. Нағима тәтеге де көп хат жаздым. Бірақ ол кісі әлі оқымады ғой деймін, әйтпесе сізбен кездестіретін еді», — деп жазды Аяна есімді қыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🌟 ЖҰЛДЫЗДАР ƏЛЕМІ 🌟↗ЖАЗЫЛАМЫЗ (@juldyzdar_news)

ТегтерБақытбек