+Дип. Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі, ТарГПИ — 2012 — 67

Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қоргау» туралы заңында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карулы шабуылды тойтару мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін қүрайды».

Заң тұрғысынан алганда, жалпы әскери жарғылар — дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен зандылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтыгы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін үйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдык-түрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің қүқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің қызметтегі және одан тыс уакыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-қүлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жогары үйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен үрысқа дайындықты сақтаудың қүқықтық жағы мен әдістерін реттейді.

Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындагы әскери қызметішлердің міндетін, сондай-ақ үрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды

Саптық дайындық оқыту әдістемесі тақырыбы бойынша, қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  жарғылары жеке құрамды  тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары  және өзара қарым – қатынастары анықталады.

Жарғылар әскерлердің өмірі мен  күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.

Казіргі кезде жарғыларды Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік  Қарулы Күштерін қалыптастырудағы көпжылдық  тәжірибелер есепке алынған. Олар әскери – техникалық прогресс нәтижесінде  қол жеткізілген әскери істің қазіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда  әскери істе болған өзгерістерді қамтиды.

Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байлансты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Презідентінің  1998 жылғы  27 қарашадағы № 4156 Жарлығымен бекітілді.   

Жалпы әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштеріндегі  барлық бөлімдер мен бөлімшелер, кеме, шекара мен ішкі әскерлердің орындауы міндетті.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

Барлық жоғары айтылған дипломдық жұмыстың «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген тақырыбын таңдатты.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:  «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген тақырыбты жан-жақты талдау жасау және оның оқыту ерекшеліктерін анықтау.

Дипломдық жумыстың зерттеу обьектісі «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген тақырыб бойынша сабақты жүргізу

Зерттеудің пәні  «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген сабақты өткізудің  әдістемелік ерекшеліктері

  Зерттеудің мәселелері:

  1. «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген сабақтың үйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктерін  айкындау және талдау;
  2. «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» атты сабақтың үйлесімді мазмұнын және жоспарлауын анықтау;
  3. «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» атты сабақтың әдістемелік ерекшеліктерін айкындау;
  4. «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» атты сабақты үйлесімді өткізуге байланысты әдістемелік нүсқау беру.

Зерттеудің әдістері:

  1. Зерттеу мәселері бойынша ғылыми — әдістемелік әдебиеттерді талдау;
  2. мектеп мүгалімдердің тәжірибелік жұмыстарын зерттеу ;
  3. сабақтың үстінде педагогикалық бақылау жүргізу;
  4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғының оқыту әдістемесі» деген тәжірибелік сабақтың нәтижелерін талдау.

       Зерттеудің кайнарларымен Қазақстан қарулы күштерінің дамуын аңықтаушы  ресми қүжаттар болды (Қазақстан Республикасы – 2030 даму стратегиясының концепциясы), жалпы білім беретін орта мектептердегі алғашқы әскери дайындықтың типтік бағдарламалары,  алдынғы педагогикалық тәжірибе.                       

     Зерттеудің ұйымдастыру мен кезеңдері: Зерттеу 2010 / 2011 оқу жылында, екі кезеңде № 45 орта мектебінің базасында өткізілді.

      I кезең —  зерттеу тақырыбын айқындау, педагогика теориясында тап осы зерттеу түралы күй – жағдайын анықтау, зерттеудің ғылыми апаратын айқындау, зерттеудің жоспары мен мазмұнын күру.

    II кезең   — осы мәселе түралы әдебиеттерді талдау, зерттеу және өндеу, мектептің ұздік мүгалімдерімен кеңес өткізу, мектептің және жаттығу сабақтарын талдау, мектептегі мүгалімдердің сабақтарын бақылау, алынған мәліметтерді өндеу және жүйеге келтіру. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 тарау.  Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның және бригаданың (полктің) жорық саптары

1.1. Бөлімше саптары

 

Өрістетілген сап

 

 Бөлімшенің өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

Бөлімше командирі саптық қалыпты қабылдап және команда беріп саптың маңдайшеп жағына қарап тұрады; бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай, 1, 2-суреттерде  көрсетілгендей сапқа тұрғызылады (шартты белгілер – 4-қосымша).

 
   

 

 

 

 

1-сурет.

Бөлімшенің өрістетілген сабы –

бір қатарлы

2-сурет.

Бөлімшенің өрістетілген сабы –

екі қатарлы

 

Сапқа тұрғызу басталғанда бөлімше командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

 Бөлімшені орнында түзету қажет болған кезде «ТҮЗЕЛ» немесе «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы беріледі.

«ТҮЗЕЛ» командасы бойынша оң жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі) және әрқайсысы өзін бірінші деп санағанда төртінші адамның кеудесін көретіндей түзеледі. «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы бойынша сол жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын солға бұрады (сол құлақ оң құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі).

Түзелу кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады.

«Аяққа» күйіндегі карабиндермен (оқшашарлармен) түзелу кезінде одан басқа, орындалатын команда бойынша сүңгі (ұңғы жағы) өзіне қарай тартылады және оң бүйірге қысып ұсталады.

Түзелу аяқталғаннан кейін «ТІК ТҰР» командасы беріледі, ол бойынша барлық әскери қызметші басын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (оқшашарлар) бұрынғы күйге келтіріледі.

Бөлімше артқа бұрылып түзелген кезде командада түзелу жағы көрсетіледі.

Мысалы: «Оңға (солға) – ТҮЗЕЛ».

 «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша және «РЕТТЕЛ» командасы бойынша орнында тұрған әскери қызметшілер осы Жарғының 29-тармағында көрсетілгендей әрекет жасауы тиіс.

«Бөлімше – ТАРА» командасы бойынша әскери қызметшілер саптан шығады. Бөлімшені жинау үшін «Бөлімше – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша әскери қызметшілер командир жанына жүгіре жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрғызылады.

 Бөлімшенің бұрылыс жасауы осы Жарғының 31, 39 және                                  57-тармақтарында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша түзелуді сақтай отырып, барлық әскери қызметшілер бір уақытта орындайды. Екі қатарлы саптағы бөлімше оңға (солға) бұрылыс жасағаннан кейін бөлімше командирі оңға (солға) жарты адым, ал артқа бұрылыс жасаған кезде – алға бір адым жасайды.

 Бөлімше орнында жазылу үшін «Бөлімше оңға (солға, ортадан) осынша адымға алшақ-ТА (жүгіре, алшақ-ТА)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша, жазылуды жүргізу басталатыннан басқа, барлық әскери қызметшілер көрсетілген жаққа қарай бұрылады, аяқтарын қоюмен бір уақытта басын саптың маңдайшебі жағына бұрады және артта келе жатқанға иығы арқылы қарап және одан көз айырмастан, жиіленген жарты адыммен (жүгіріп) жүреді; артта келе жатқан адам тоқтағаннан кейін әр қайсысы командада көрсетілгендей осынша адым жасайды және солға (оңға) бұрылады.

Ортадан жазылған кезде ортадағы адам көрсетіледі. Ортадағы болып аталған әскери қызметші өз тегін естігеннен кейін «Мен» деп жауап береді, сол қолын алға созады және оны төмен түсіреді.

Бөлімше түзелген кезде жазылу кезінде белгіленген аралық сақталады.

 Бөлімшені орнында жинақтау үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортаға) жинақ-ТАЛ (жүгіре, жинақ-ТАЛ)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша жинақталу тағайындалғаннан басқа барлық әскери қызметші жиналатын жаққа қарай бұрылады, одан кейін жиіленген жарты адыммен (жүгіре) жиналған сап үшін белгіленген аралыққа келеді және келгеннен кейін өз бетінше тоқтайды және солға (оңға) бұрылады.

 Бөлімшенің қозғалуы үшін: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС» командалары беріледі.

Егер қажет болса, командада қозғалыс бағыты мен түзелу жағы көрсетіледі.

Мысалы: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Саптық плац бағытына           (5-қосымша), назар оңға (солға), адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС».

«БАС» командасы бойынша барлық әскери қызметші назарды және аралық пен арақашықтықты сақтай отырып, сол аяқтан қозғалысты бір уақытта бастайды.

Егер назар жағы көрсетілмесе, назар оң жақ қапталға қарай басты бұрмай көзқараспен жүргізіледі.

Бөлімшені тоқтату үшін «Бөлімше —  ТОҚТА» командасы беріледі.

 Әскери қызметшілерде қарудың әр түрлі түрі болған кезде және олардың біреуін басқа күйге ауыстыру қажет болған кезде командада осы қарудың атауы көрсетіледі.

Мысалы: «Автоматтарды кеуде-ГЕ», «Оқшашарларды қарубау-ҒА», «Карабиндерді иық-ҚА».

 Сапта тұрып орнында шетке қарай бірнеше адымға орын ауыстыру үшін «Бөлімше, оң-ҒА (сол-ҒА)», ал сап бұрылғаннан кейін – «Бес адым алға, адым — БАС» командалары беріледі. Әскери қызметшілер қажетті адым санын жасағаннан кейін бөлімше «Сол-ҒА (оң-ҒА)» командасы бойынша бастапқы күйге бұрылады.

Алға немесе артқа қарай бірнеше адымға орын ауыстыру осы Жарғының 38-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.

 Аяқ алысты ретсіз алып жүру қажет болған кезде «Ретсіз – АДЫМДА», ал аяқ алысты ретпен алып жүру үшін «Ретпен – АДЫМДА» командасы беріледі (ретпен жүру бағыттаушы бойынша немесе командирдің санауы бойынша жүзеге асырылады).

 Қозғалыс бағытын орнынан иықпен еніп өзгерту үшін «Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым – БАС», жүру кезінде – «Бөлімше, оң (сол) иық алға – АДЫМДА» командасы беріледі.

Осы команда бойынша бөлімше оң (сол) иықпен алға енуді бастайды: еніп келе жатқан қапталдың шеткі адамы басын маңдайшеп бойына бұрып, өзінің қозғалысын қалғандарын қозғалмайтын қапталға ығыстырмайтындай етіп толық адыммен жүреді; қозғалмайтын қапталдың шеткі адамы орнында адымдайды және біртіндеп енетін қапталдың қозғалысымен үйлесе отырып, солға (оңға) бұрылады; қалғандары енетін қапталға қарап, маңдайшеп бойынша түзелуді сақтай отырып (басын бұрмай) және қозғалмайтын қаптал жағында тұрған жанындағының шынтағын сезе отырып, олар қозғалмайтын қапталға жақындаған сайын шағын адым жасайды.

Бөлімше қажеттілігіне қарай бұрылғанда «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА» командасы беріледі.

 Бөлімшені бір қатардан екіге қайта сапқа тұрғызу үшін алдын ала «Бөлімше, бірінші-екіншіге – САНАЛ» командасы бойынша бірінші және екіншіге санау жүргізіледі.

Осы команда бойынша әрбір әскери қызметші оң қапталдан бастап кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге басын бұра отырып, өз нөмірін атайды және жылдам басын тік қаратады; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

Жалпы нөмірлеу бойынша есеп те осылай жүргізіледі, ол үшін «Бөлімше, ретпен – САНАЛ» командасы беріледі.

Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ қапталындағы адам жалпы нөмірлеу бойынша саптың есебі аяқталғаннан кейін: «Толық» немесе «Толық емес» деп баяндайды.

. Бөлімшені орнында бір қатардан екіге сапқа қайта тұрғызу «Бөлімше, екі қатарға – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер бірінші нөмірлердің ту сыртына тұру үшін сол аяғымен артқа адым жасайды,                                                   оң  аяғын жерге қоймастан, оң жаққа адым жасап, сол аяғын жерге қояды.

Егер бөлімшенің сол қапталында бір қатарлы сапта бірінші нөмірлі әскери қызметші тұрса, онда екі қатарға қайта тұрғызу кезінде оның оң жағында тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен артқа бір                       адым жасайды, сол қапталдағы бірінші нөмірлі әскери қызметшінің ту                      сыртына тұру үшін сол аяғын жерге қоймастан, сол жаққа адым жасап, оң аяғын қояды. Бөлімшені орнында екі қатарлы жинақталған саптан бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін бөлімше алдын ала бір адымға                                       алшақтайды, содан кейін «Бөлімше, бір қатарға – САПҚА ТҰР» командасы беріледі.Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен сол жаққа бір адым жасайды, оң аяғын қоймастан, бір адым алға жасайды және сол аяғын жерге қоя отырып, біріншілердің қатарына шығады.Егер бөлімшенің екі қатарлы сабындағы соңғы қатар толық болмаса, онда бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу кезінде соңғы қатарда тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен оң жаққа бір адым жасайды, сол аяғын жерге қоймастан, алға бір адым жасап, оң аяғын жерге қояды.

 

1.2 Жорықтық сап

. Бөлімшенің жорықтық сабы бір лекті немесе екі лекті болуы мүмкін.

Бөлімшені орнында бір (екі) лекті сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір (екі) лекке – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі. Бөлімше                        командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып                     қозғалыс бағытына қарап тұрады, ал бөлімше штатқа сәйкес сапқа тұрады                  (16 және 17-суреттер).

       
   
     
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет.

Бөлімшенің жорықтық сабы –

бір лекке

4-сурет.

Бөлімшенің жорықтық сабы –

екі лекке

 

 Бөлімшені өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, оң-ҒА» командасы бойынша бөлімшенің оңға бұрылуымен жүргізіледі. Екі қатарлы саптың бұрылуы кезінде бөлімше командирі оңға жарты адым жасайды.

 Бөлімшені лектен өрістетілген сапқа қайта сапқа тұрғызу  «Бөлімше, сол-ҒА» командасы бойынша бөлімшенің солға бұрылуымен жүргізіледі. Екі лекті бөлімшенің бұрылуы кезінде бөлімшенің командирі алға жарты адым жасайды.

 Бөлімшені бір лектен екі лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, екі лекпен адым – БАС» (жүру кезінде – «АДЫМДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) жарты адыммен жүреді, екінші нөмірлер оңға шығып, адым ырғағымен лектегі өз орнына 17-суретте көрсетілгендей тұрады; бөлімше «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА» командасына дейін жарты адыммен қозғалады.

 Бөлімшені екі лектен бір лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «АДЫМДА») командасы бойынша орындалады.

Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) толық адыммен, ал қалғандары – жарты адыммен жүреді; орынның босауына қарай екінші нөмірлер адым ырғағымен бірінші тұрғанның ту сыртына енеді және толық адыммен қозғалысты жалғастырады.

  1. Лектің қозғалыс бағытын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі:

«Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым-ДА», бағыттаушы                               «ТУРА» командасына дейін солға (оңға) бұрылады, қалғандары оның соңынан жүреді;

«Бөлімше, менің соңымнан, адым-ДА (жүгіре – БАС)», бөлімше командирдің соңынан жүреді.

 

1.3 Әскери сәлемдесуді саптағы орнында

және қозғалыста орындау

 

 Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық                   10-15 адымға жақындағанда, бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ТҰР, назар ОҢҒА (СОЛҒА, ОРТАҒА)» командасын береді.

Бөлімшенің әскери қызметшілері саптық қалыпты қабылдайды, бір уақытта басын оңға (солға) бұрады және бастықты, оның соңынан басын бұра отырып, көз қиығымен шығарып салады.

Бастық саптың тыл жағынан келген кезде бөлімше командирі бөлімшені артқа бұрады, ал одан кейін әскери сәлемдесуді орындау үшін команда береді.

 Бөлімше командирі әскери сәлемдесуді орындау үшін команда беріп (егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарады; егер ол «иыққа», «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен болса, қаруы жоқ қолымен қозғалысты жалғастыра отырып, осы Жарғының              74-тармағында көрсетілгендей іс-қимыл жасайды), бастыққа саптық адыммен келеді; оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.

Мысалы: «Лейтенант мырза. Екінші бөлімше сабақ кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Бөлімше командирі сержант Әлімов».

Сәлем берілетін бастық әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілгеннен кейін қолын бас киіміне апарады.

Бөлімше командирі баяндап болғаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым артта және саптың сыртқы жағынан жүреді.

Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «Еркін тұр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

 Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа дейін 10-15 адым қалғанда бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ЖҮР, назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасын береді. «ТІК ЖҮР» командасы бойынша барлық әскери қызметші саптық адымға көшеді, ал «Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша бір уақытта бастық жаққа басын бұрады және қолдарымен немесе қару ұстамаған қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. «Иыққа» күйіндегі карабинмен қозғалыста қару ұстамаған қолмен қозғалыс жасау тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз болса немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, басын бұра отырып қолын бас киіміне апарады.

Бастықтың жанынан өткеннен кейін немесе «Еркін жүр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ЖҮР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

 Бастық сәлемдескенде немесе алғыс жариялаған кезде әскери қызметшілер көтеріңкі, анық, үйлесімді жауап береді. Қозғалыста барлық әскери қызметші сол аяқтарын жерге қоя отырып, кейінгі сөздерді әрбір адыммен айтып жауап беруді бастайды.

 

1.4. Взвод саптары

Өрістетілген сап

 

  1. Взводтың өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» командасы бойынша жүргізіледі.

Взвод командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады; бөлімше командирден солға қарай 5, 6-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрады. Екі қатарлы сапта әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болуы тиіс.

Бөлімшелерді сапқа тұрғызу басталғанда взвод командирі саптан шығады және бағынысындағылардың әрекетін бақылайды.

Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взвод 7-суретте көрсетілгендей екі қатарлы сапқа тұрғызылады.

 
   

 

 

 

 

 

5-сурет. Взводтың өрістетілген сабы – бір қатарлы

 

 
   

 

 

 

 

 

 

6-сурет. Взводтың өрістетілген сабы – екі қатарлы

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

    1)

                                  2)

7-сурет. Бөлімшенің мынадай саны бар взводтың өрістетілген екі қатарлы сабы: 1) төрт адамнан; 2) үш адамнан

 

 Взводтың өрістетілген саптағы түзелуі, бұрылуы, қайта сапқа тұрғызылуы және басқа да әрекеттері бөлімше үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

 Взводты бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа немесе керісінше қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 88-90-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі. Взводтың бөлімшелерінде бірінші және екіншіге санау кезінде бөлімше командирлері санауға кірмейді.

 

 

1.5 Жорықтық сап

 

 Взводтың жорықтық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе бір лекті болуы мүмкін (8-9-сурет).

Взводты орнында үш (төрт) лекті сапқа тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.  Осы команда бойынша бөлімше 7-суретте көрсетілгендей жылдам сапқа тұрады.

Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взводты екі лекке жорықтық сапқа тұрғызу 9-суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

       
     
   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           1)                     2)

8-сурет. Взводтың жорықтық сабы: 1) үш лекке; 2) төрт лекке

9-сурет. Взводтың жорықтық сабы – екі лекке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 1)                    2)

10-сурет. Взводтың жорықтық сабы – бір-бірден бір лекке

11-сурет. Взводтың жорықтық сабы – бөлімшелердің мынадай санымен екі лекке: 1) төрт адамнан; 2) үш адамнан

 

 Взводты өрістетілген бір қатарлы саптан бір лекке (екі қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу взводты оңға бұрумен жүргізіледі.

 Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан бір лекке (бір қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»;                                   «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Бір (екі) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

«Адымда» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде осы Жарғының 95-тармағында көрсетілгендей бір лекке (94-тармақта көрсетілгендей екі лекке) қайта сапқа тұрғызылады; қалған бөлімшелер бір (екі) лекке біртіндеп қайта сапқа тұра отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүреді.

 Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке  қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»; «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

«Адым-ДА» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде бір лекті сапқа қайта тұрып, жарты адыммен жүреді, қалған бөлімше біріншінің сызығына сол жаққа, сондай-ақ бір лекті сапқа тұрып, белгіленген аралыққа шығады, одан кейін взвод командирі «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасын береді.

 Взводты бір лекті саптан өрістетілген бір қатарлы сапқа (екі лектен екі қатарлы сапқа) қайта сапқа тұрғызу взводты солға бұрумен жүргізіледі.

 Взводты үш (төрт) лектен екі лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, екі лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша бірінші бөлімше осы Жарғының 94-тармағында көрсетілгендей жүру кезінде екі лекті сапқа қайта тұра отырып, тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды, одан кейін біртіндеп екі лекке қайта сапқа тұра отырып, алда келе жатқан бөлімшенің ту сыртына шығады.

 Взводты үш (төрт) лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін взвод алдын ала екі лекті сапқа қайта тұрады және одан кейін – осы Жарғының 108-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.

 Взводты үш (төрт) лектен бір лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша бірінші бөлімше тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды және бөлімшенің лектен кезектесіп шығуына қарай өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша алдында келе жатқан бөлімшенің ту сыртынан жүріп, қозғалысты толық адыммен бастайды.

 Взводты бір лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша бірінші бөлімше орнында адымдайды, қалған бөлімшелер бірінші тұрғанның сызығына шығып, сондай-ақ взвод командирінің «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасына дейін орнында адымдайды.

 Взводты екі лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі. «Адым-ДА» командасы бойынша взвод осы Жарғының                             107-тармағында көрсетілгендей үш лекті сапқа қайта тұрғызылады.

 Взводты жинау үшін «Взвод – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша бөлімшелер жүгіріп взвод командирінің жанына жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрады.

 Жорықтық сапта взводтың қозғалыс бағытын ауыстыру бөлімшенің жорықтық сабы үшін көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.

 

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

 

 Взводтың әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындауы осы Жарғының 97-100-тармақтарындағы бөлімшелер үшін көрсетілгендей жүргізіледі.

Взвод сержанты мен бөлімшелер командирлері сапта өз орындарында тұрады және қолын бас киіміне апармайды.

Қозғалыста команда бойынша әскери сәлемдесуді орындау үшін ән айту тоқтатылады.

1.6 . Рота саптары

Өрістетілген сап

 

 Ротаның өрістетілген сабы екі қатарлы немесе взводтық лектер сызығына (взводтар үш, төрт лекте; арнайы бөлімше екі лекте) болуы мүмкін (12, 13-суреттер).

Қажет болған кезде рота бір қатарлы сапқа тұрғызылуы мүмкін.

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12-сурет. Ротаның өрістетілген сабы – екі қатарлы

 

 

 

 

 

 

 

 

13-сурет. Ротаның өрістетілген сабы – взводтық лектер сызығына

 Ротаны өрістетілген сапқа тұрғызу «Рота, екі қатарға – САПТАН» немесе «Рота, взводтық сызыққа үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі. Ротаны сапқа тұрғызу бірінші взвод бойынша жүргізіледі.

Рота командирі саптық қалыпты қабылдай және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады. Рота командирінің орынбасарлары рота командирінен солға қарай, белгі беруші-барабаншы (командирдің бұйрығы бойынша) орынбасарлардан солға қарай тұрады, одан әрі қарай рота сержанты және басқару тобы тұрады. Бірінші взводтың командирі «Взвод, екі қатарға (үш, төрт лекке) – САПТАН» командасын бере отырып, өз взводын басқару тобынан солға қарай сапқа тұрғызады. Қалған взводтар өз командирлерінің командасы бойынша бірінші взводтан солға қарай өз нөмірлерінің реті бойынша сапқа тұрғызылады. Бірінші взводты сапқа тұрғызу бастағанда рота командирі ротаның сабынан шығады және бағыныстылардың іс-қимылын бақылайды.

Арнайы бөлімше үшінші взводтан солға қарай сапқа тұрады.

Ротаны екі қатарлы сапқа тұрғызған кезде төрт және                                  үш адамнан бөлімшелері бар взводтар 20-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

 Өрістетілген сапта ротаны түзеу, бұру, қайта сапқа тұрғызу және басқа да іс-қимылдар бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

Жорықтық сап

 Ротаның жорықтық сабы үш (төрт) лекті немесе екі лекті болуы мүмкін (12, 13-суреттер).

Ротаны орнында үш (төрт, екі) лекке сапқа тұрғызу                                     «Рота, үш (төрт, екі) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша рота 12, 13-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады. Бұл ретте взводтар өз командирлерінің командасы бойынша үш (төрт, екі) лекке нөмірлерінің ретімен сапқа тұрғызылады; арнайы бөлімше үшінші взводтан кейін, ал басқару тобы – бірінші взвод командирінің алдында екі лекке сапқа тұрғызылады.

Ротаны жорықтық лекке сапқа тұрғызу және қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің орынбасарлары рота командирінен кейін екі адымда, олардан кейін екі адымда белгі беруші-барабаншы тұрады, рота сержанты басқару тобының алдында, рота старшинасы – арнайы бөлімшеден кейін тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       
   
     
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 сурет. Ротаның жорықтық сабы –  үш лекті

15-сурет. Ротаның жорықтық сабы – екі лекті

 Ротаны взводтық лектер сызығынан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу мынадай командалар бойынша жүргізіледі: «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, менің соңымнан                                   (немесе бағыты, жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе                          «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: басқару тобы, бірінші взвод (немесе өзге жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының алдында екі адымда тұрады, ал рота сержанты басқару тобының алдында тұрады.

Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе командада аты аталған взвод қозғалысты бастайды; қалған бөлімшелер орнында адым жасайды. Басқару тобының немесе командада аты аталған взводтың қозғалуына қарай қалған бөлімшелер өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша рота командирі немесе 14, 15-суреттерде көрсетілген тәртіппен қозғалысты бастайды.

Егер қажет болса, взводтар рота командирі көрсеткендей, өз командирлерінің командасы бойынша жүру кезінде қайта сапқа тұрғызылады.

 Ротаны үш (төрт) лектен взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу «Рота, солға қарай взводтық лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе бағыттаушы взвод орнында адым жасайды, қалған взводтар бағыттаушы сызығына солға қарай шығады. Взводтар командирлерінің «ОРНЫҢДА» командасы бойынша взводтар орнында адым жасай отырып, рота командирінің «ТУРА» немесе «Рота – ТОҚТА» командасына дейін маңдайшеп бойынша және тереңдікке қарай түзеледі. «Рота – ТОҚТА» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының оқ жақ қапталына, ал рота командирінің орынбасарлары мен рота сержанты – басқару тобының оң жақ қапталына тұрады.

 Ротаны өрістетілген екі қатарлы саптан екі лекке қайта сапқа тұрғызу ротаны оңға бұрумен, ал екі лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа – солға бұрумен жүргізіледі.

 

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

 

 Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық  40-50 адымға жақындағанда рота командирі «Рота, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

Осы команда бойынша барлығы саптық қалыпты қабылдайды және көрсетілген жаққа басын бұрады, ал сапта тұрған рота командирлерінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты, одан басқа қолын бас киіміне апарады.

Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, саптық адыммен бастыққа жақындайды, оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.

Мысалы: «Майор мырза. Бірінші рота сабақтар кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Рота командирі капитан Әлтаев».

Рота командирі баяндауын аяқтағаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей, бір уақытта оңға (солға) бұрылумен сол (оң) аяқпен                      шетке қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай  өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым кейін және саптың сыртқы жағынан жүреді.

Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «ЕРКІН ТҰР» командасы      бойынша рота командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

 Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау бөлімше мен взвод үшін көрсетілгендей жүзеге асырылады. Бұл ретте рота командирінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты қолын бас киіміне апарады.

Егер бастық рота легінен озып бара жатса, әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілмейді; әскери сәлемдесуді тек взвод және                               одан жоғары бөлімшелердің командирлері, сондай-ақ рота сержанты орындайды.

 

1.7  Батальон саптары

 

Өрістетілген сап

 Батальонның өрістетілген сабы взводтық лектер сызығына, роталық лектер сызығына немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Батальонды сапқа тұрғызу батальон командирінің «Батальон, взводтық (роталық) лектер сызығына – САПТАН» немесе «Батальон, екі қатарға – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

 Батальонды взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызу былай жүргізіледі (16-сурет): роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы взводтық лектер сызығына, взводтар үш (төрт) лекке; взводтар мен роталар арасындағы аралық – екі адым.

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – взводтық лектер сызығына

Батальон роталық лектер сызығына 17-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады: роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы үш (төрт) лекке; взводтар арасындағы аралық – төрт адым; роталар арасындағы аралық – екі адым.

Батальонды екі қатарлы сапқа тұрғызу тәртібі 18-суретте көрсетілген.

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – роталық лектер сызығына

 

 Батальонды взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызу кезінде батальонның артиллериялық бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері екі адым аралықта лектердің бас жағымен роталардан солға қарай роталар сызығына тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерге сапқа тұрғызылады.

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

18-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – екі қатарлы

 

 Батальон командирінің орынбасарлары өрістетілген сапта батальон командирінен солға қарай екі қатарға, ал 16-18-суреттерде көрсетілмеген батальонның басқа да офицерлері мен батальон сержанты батальон басқармасының қалған құрамымен сапқа тұрғызылады.

 Өрістетілген сапта түзеу және бұрылулар жасау                  бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

Жорықтық сап

 Батальонның жорықтық сабы (19-сурет) екі адым арақашықтықта бірінен кейін бірі үш (төрт) лекке сапқа тұрғызылған (алда келе жатқан ротаның соңғы қатарынан рота командиріне дейін) роталардың, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелерінің жорықтық сабынан тұрады.

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-сурет. Батальонның жорықтық сабы – лек

 Батальон взводтық немесе роталық лектер  сызығынан жорықтық лекке мынадай командалар бойынша қайта сапқа тұрғызылады: «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: батальон басқармасы, бірінші рота (немесе өзге жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық лекпен» командасы бойынша роталар командирлері өз роталары алдына тұрады, олардан кейін екі адымда – олардың орынбасарлары, взводтар командирлері – өз взводтары алдында екі адымда, роталар сержанттары – басқару топтары алдында  екі адымда, белгі беруші-барабаншылар роталық белгі беруші-барабаншылар үшін ережелерді орындай отырып, 16-суретте көрсетілгендей (6-қосымша) орындарда тұрады. Батальон командирінің орындалатын командасы бойынша роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері өз командирлерінің командалары бойынша (осы Жарғының 121-тармағы) біртіндеп лекке қайта сапқа тұра отырып, батальон командирі көрсеткен тәртіппен жүреді.

Батальон командирі бағыттаушы бөлімше командирінің алдында, батальон командирінен кейін екі адымда екі қатарда оның орынбасарлары мен батальон штабының бастығы қозғалады, ал олардан кейін екі адымда батальон басқармасының қалған құрамы қозғалады.

 Батальон жорықтық лектен өрістетілген сапқа батальон командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте батальонның сапқа тұру орны мен маңдайшебі, қандай рота бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.

«Батальон, солға қарай взводтық (роталық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта                             сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 29, 30-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

Батальонды өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу батальонды оңға қарай бұрумен және кейіннен: «Батальон, үш (төрт) лекке,  адым – БАС» командасын орындаумен жүзеге асырылады.

«Адымда» командасы бойынша батальон бөлімшелері осы                         Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызылады.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

 Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау осы Жарғының 124, 125-тармақтарында рота үшін көрсетілгендей  жүргізіледі.

Батальон лекте жүріп келе жатқан кезде әскери сәлемдесуді орындау үшін батальон командирінің командасын бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде роталардың командирлері (бағыттаушыдан басқа) біртіндеп қайталайды.

 

1.8 . Бригада (полк) саптары

 

 Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен, қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.

Бригаданың (полктің) өрістетілген сабында оң жақ қапталға олардың нөмірлерінің ретімен батальондар, олардан солға қарай – артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады.

Бригада (полк) басқармасы батальондардан оңға қарай сапқа тұрады. Бригада (полк) командирінің орынбасарлары басқармадан оңға қарай, ал Жауынгерлік Тумен сапқа тұрғызылған кезде – одан оңға қарай, Жауынгерлік Туды тапсырған кезде – 7-қосымшаға сәйкес тұрады. Батальондар арасындағы аралық – үш адым (20-сурет).

 
   

 

 

 

 

 

 

20-сурет. Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы – взводтық немесе

роталық лектер сызығына

 

Әскерлер тектері мен қызметтері бастықтары, оларға бағынысты офицерлер мен бригада (полк) сержанты бригада (полк) басқармасының құрамында сапқа тұрғызылады.

 Бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу үшін бригада (полк) командирі өзі немесе штаб арқылы бұйрық береді, онда: сапқа тұрғызу мақсатын, орнын, уақыты мен тәртібін; киім нысаны мен жабдықтарды; бөлімшелерде қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетеді.

 Бригаданы (полкті) жорықтық сапқа тұрғызу тікелей жорықтық лекке сияқты (21-сурет), өрістетілген саптан взводтық немесе роталық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу жолымен де жүргізілуі мүмкін.

Орнында жорықтық лекке сапқа тұрғызу кезінде батальондар, артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері лектерде бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу орнына келеді және оларға көрсетілген орындарға тұрады.

Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу командалар бойынша жүргізіледі.

Мысалы: «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі) адым – БАС» немесе «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, сапқа тұру тәртібімен (немесе өзге де жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық лекпен» командасы бойынша батальондар командирлері саптан шығады және өз батальондарының бас жағындағы бөлімшелер командирлерінің алдында сегіз адымда, батальондар командирлерінің орынбасарлары – батальондар командирлерінен кейін екі адымда екі қатарда тұрады, роталар мен взводтар командирлері саптан шығады және осы Жарғының 132-тармағында көрсетілгендей тұрады. Батальондар командирлері қозғалу үшін біртіндеп команда береді.

Бригаданың (полктің) қозғалуы 22-суретте көрсетілген сапқа тұру тәртібімен немесе бригада (полк) командирі көрсеткен өзге де тәртіппен жүргізіледі; батальондар (дивизиондар) арасындағы арақашықтық орнында – үш адым, қозғалыста – 10 адым, ал басқа да бөлімшелер арасында – үш адым.

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22-сурет. Бригаданың (полктің) жорықтық сабы – лек

 Бригада (полк) жорықтық лектен өрістетілген сапқа бригада (полк) командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте бригаданың (полктің) сапқа тұрғызылу орны мен маңдайшебі, қандай батальон бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.

«Бригада (полк), солға сызыққа, батальондар, роталық (взводтық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 33-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

 Саптағы орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бригада (полк) командирі «Бригада (полк), ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

Саптағы орнында бригада (полк) командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, бастық жаққа бұрылады, оған саптық адыммен келеді және баяндайды.

Жорықтық саптағы қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу үшін бригада (полк) командирі берген команданы бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде батальондардың командирлері біртіндеп қайталайды.

 

2  тарау.  Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінің саптық дайындықты оқыту әдістемесі

2.1. Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның және бригаданың(полктің) жаяу тәртіптегі саптары

Бөлімшенің өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

Бөлімше командирі саптық қалыпты қабылдап және команда беріп саптың маңдайшеп жағына қарап тұрады; бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай, 14, 15-суреттерде  көрсетілгендей сапқа тұрғызылады (шартты белгілер – 4-қосымша).

Сапқа тұрғызу басталғанда бөлімше командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

Бөлімшені орнында түзету қажет болған кезде «ТҮЗЕЛ» немесе «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы беріледі.

«ТҮЗЕЛ» командасы бойынша оң жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі) және әрқайсысы өзін бірінші деп санағанда төртінші адамның кеудесін көретіндей түзеледі. «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы бойынша сол жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын солға бұрады (сол құлақ оң құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі).

Түзелу кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады.

«Аяққа» күйіндегі карабиндермен (оқшашарлармен) түзелу кезінде одан басқа, орындалатын команда бойынша сүңгі (ұңғы жағы) өзіне қарай тартылады және оң бүйірге қысып ұсталады.

Түзелу аяқталғаннан кейін «ТІК ТҰР» командасы беріледі, ол бойынша барлық әскери қызметші басын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (оқшашарлар) бұрынғы күйге келтіріледі.

Бөлімше артқа бұрылып түзелген кезде командада түзелу жағы көрсетіледі.

Мысалы: «Оңға (солға) – ТҮЗЕЛ».

 «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша және «РЕТТЕЛ» командасы бойынша орнында тұрған әскери қызметшілер осы Жарғының 29-тармағында көрсетілгендей әрекет жасауы тиіс.

«Бөлімше – ТАРА» командасы бойынша әскери қызметшілер саптан шығады. Бөлімшені жинау үшін «Бөлімше – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша әскери қызметшілер командир жанына жүгіре жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрғызылады.

Бөлімшенің бұрылыс жасауы осы Жарғының 31, 39 және 57-тармақтарында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша түзелуді сақтай отырып, барлық әскери қызметшілер бір уақытта орындайды. Екі қатарлы саптағы бөлімше оңға (солға) бұрылыс жасағаннан кейін бөлімше командирі оңға (солға) жарты адым, ал артқа бұрылыс жасаған кезде – алға бір адым жасайды.

Бөлімше орнында жазылу үшін «Бөлімше оңға (солға, ортадан) осынша адымға алшақ-ТА (жүгіре, алшақ-ТА)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша, жазылуды жүргізу басталатыннан басқа, барлық әскери қызметшілер көрсетілген жаққа қарай бұрылады, аяқтарын қоюмен бір уақытта басын саптың маңдайшебі жағына бұрады және артта келе жатқанға иығы арқылы қарап және одан көз айырмастан, жиіленген жарты адыммен (жүгіріп) жүреді; артта келе жатқан адам тоқтағаннан кейін әр қайсысы командада көрсетілгендей осынша адым жасайды және солға (оңға) бұрылады.

Ортадан жазылған кезде ортадағы адам көрсетіледі. Ортадағы болып аталған әскери қызметші өз тегін естігеннен кейін «Мен» деп жауап береді, сол қолын алға созады және оны төмен түсіреді.

Бөлімше түзелген кезде жазылу кезінде белгіленген аралық сақталады.

Бөлімшені орнында жинақтау үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортаға) жинақ-ТАЛ (жүгіре, жинақ-ТАЛ)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша жинақталу тағайындалғаннан басқа барлық әскери қызметші жиналатын жаққа қарай бұрылады, одан кейін жиіленген жарты адыммен (жүгіре) жиналған сап үшін белгіленген аралыққа келеді және келгеннен кейін өз бетінше тоқтайды және солға (оңға) бұрылады.

Бөлімшенің қозғалуы үшін: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС» командалары беріледі.

Егер қажет болса, командада қозғалыс бағыты мен түзелу жағы көрсетіледі.

Мысалы: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Саптық плац бағытына (5-қосымша), назар оңға (солға), адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС».

«БАС» командасы бойынша барлық әскери қызметші назарды және аралық пен арақашықтықты сақтай отырып, сол аяқтан қозғалысты бір уақытта бастайды.Егер назар жағы көрсетілмесе, назар оң жақ қапталға қарай басты бұрмай көзқараспен жүргізіледі.Бөлімшені тоқтату үшін «Бөлімше —  ТОҚТА» командасы беріледі. Әскери қызметшілерде қарудың әр түрлі түрі болған кезде және олардың біреуін басқа күйге ауыстыру қажет болған кезде командада осы қарудың атауы көрсетіледі.

Мысалы: «Автоматтарды кеуде-ГЕ», «Оқшашарларды қарубау-ҒА», «Карабиндерді иық-ҚА».

Сапта тұрып орнында шетке қарай бірнеше адымға орын ауыстыру үшін «Бөлімше, оң-ҒА (сол-ҒА)», ал сап бұрылғаннан кейін – «Бес адым алға, адым — БАС» командалары беріледі. Әскери қызметшілер қажетті адым санын жасағаннан кейін бөлімше «Сол-ҒА (оң-ҒА)» командасы бойынша бастапқы күйге бұрылады.

Аяқ алысты ретсіз алып жүру қажет болған кезде «Ретсіз – АДЫМДА», ал аяқ алысты ретпен алып жүру үшін «Ретпен – АДЫМДА» командасы беріледі (ретпен жүру бағыттаушы бойынша немесе командирдің санауы бойынша жүзеге асырылады).

Қозғалыс бағытын орнынан иықпен еніп өзгерту үшін «Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым – БАС», жүру кезінде – «Бөлімше, оң (сол) иық алға – АДЫМДА» командасы беріледі.

Осы команда бойынша бөлімше оң (сол) иықпен алға енуді бастайды: еніп келе жатқан қапталдың шеткі адамы басын маңдайшеп бойына бұрып, өзінің қозғалысын қалғандарын қозғалмайтын қапталға ығыстырмайтындай етіп толық адыммен жүреді; қозғалмайтын қапталдың шеткі адамы орнында адымдайды және біртіндеп енетін қапталдың қозғалысымен үйлесе отырып, солға (оңға) бұрылады; қалғандары енетін қапталға қарап, маңдайшеп бойынша түзелуді сақтай отырып (басын бұрмай) және қозғалмайтын қаптал жағында тұрған жанындағының шынтағын сезе отырып, олар қозғалмайтын қапталға жақындаған сайын шағын адым жасайды.

Бөлімше қажеттілігіне қарай бұрылғанда «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА» командасы беріледі.

Бөлімшені бір қатардан екіге қайта сапқа тұрғызу үшін алдын ала «Бөлімше, бірінші-екіншіге – САНАЛ» командасы бойынша бірінші және екіншіге санау жүргізіледі.

Осы команда бойынша әрбір әскери қызметші оң қапталдан бастап кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге басын бұра отырып, өз нөмірін атайды және жылдам басын тік қаратады; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

Жалпы нөмірлеу бойынша есеп те осылай жүргізіледі, ол үшін «Бөлімше, ретпен – САНАЛ» командасы беріледі.

Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ қапталындағы адам жалпы нөмірлеу бойынша саптың есебі аяқталғаннан кейін: «Толық» немесе «Толық емес» деп баяндайды.

Бөлімшені орнында бір қатардан екіге сапқа қайта тұрғызу «Бөлімше, екі қатарға – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер бірінші нөмірлердің ту сыртына тұру үшін сол аяғымен артқа адым жасайды,                                                   оң  аяғын жерге қоймастан, оң жаққа адым жасап, сол аяғын жерге қояды.

Егер бөлімшенің сол қапталында бір қатарлы сапта бірінші нөмірлі әскери қызметші тұрса, онда екі қатарға қайта тұрғызу кезінде оның оң жағында тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен артқа бір                       адым жасайды, сол қапталдағы бірінші нөмірлі әскери қызметшінің ту                      сыртына тұру үшін сол аяғын жерге қоймастан, сол жаққа адым жасап, оң аяғын қояды.

Бөлімшені орнында екі қатарлы жинақталған саптан бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін бөлімше алдын ала бір адымға                                       алшақтайды, содан кейін «Бөлімше, бір қатарға – САПҚА ТҰР» командасы беріледі.

Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен сол жаққа бір адым жасайды, оң аяғын қоймастан, бір адым алға жасайды және сол аяғын жерге қоя отырып, біріншілердің қатарына шығады.

Егер бөлімшенің екі қатарлы сабындағы соңғы қатар толық болмаса, онда бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу кезінде соңғы қатарда тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен оң жаққа бір адым жасайды,                                               сол аяғын жерге қоймастан, алға бір адым жасап, оң аяғын жерге қояды.

Жорықтық сап: Бөлімшенің жорықтық сабы бір лекті немесе екі лекті болуы мүмкін.

Бөлімшені орнында бір (екі) лекті сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір (екі) лекке – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі. Бөлімше                        командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып                     қозғалыс бағытына қарап тұрады, ал бөлімше штатқа сәйкес сапқа тұрады                  (16 және 17-суреттер). Бөлімшені өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, оң-ҒА» командасы бойынша бөлімшенің оңға бұрылуымен жүргізіледі. Екі қатарлы саптың бұрылуы кезінде бөлімше командирі оңға жарты адым жасайды.

Бөлімшені лектен өрістетілген сапқа қайта сапқа тұрғызу  «Бөлімше, сол-ҒА» командасы бойынша бөлімшенің солға бұрылуымен жүргізіледі. Екі лекті бөлімшенің бұрылуы кезінде бөлімшенің командирі алға жарты адым жасайды.

Бөлімшені бір лектен екі лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, екі лекпен адым – БАС» (жүру кезінде – «АДЫМДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) жарты адыммен жүреді, екінші нөмірлер оңға шығып, адым ырғағымен лектегі өз орнына 17-суретте көрсетілгендей тұрады; бөлімше «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА» командасына дейін жарты адыммен қозғалады.

 Бөлімшені екі лектен бір лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «АДЫМДА») командасы бойынша орындалады.

Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) толық адыммен, ал қалғандары – жарты адыммен жүреді; орынның босауына қарай екінші нөмірлер адым ырғағымен бірінші тұрғанның ту сыртына енеді және толық адыммен қозғалысты жалғастырады.

 Лектің қозғалыс бағытын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі:

«Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым-ДА», бағыттаушы                               «ТУРА» командасына дейін солға (оңға) бұрылады, қалғандары оның соңынан жүреді;

«Бөлімше, менің соңымнан, адым-ДА (жүгіре – БАС)», бөлімше командирдің соңынан жүреді.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында  және қозғалыста орындау:

Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 10-15 адымға жақындағанда, бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ТҰР, назар ОҢҒА (СОЛҒА, ОРТАҒА)» командасын береді.

Бөлімшенің әскери қызметшілері саптық қалыпты қабылдайды, бір уақытта басын оңға (солға) бұрады және бастықты, оның соңынан басын бұра отырып, көз қиығымен шығарып салады.

Бастық саптың тыл жағынан келген кезде бөлімше командирі бөлімшені артқа бұрады, ал одан кейін әскери сәлемдесуді орындау үшін команда береді.

Бөлімше командирі әскери сәлемдесуді орындау үшін команда беріп (егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарады; егер ол «иыққа», «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен болса, қаруы жоқ қолымен қозғалысты жалғастыра отырып, оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.

Мысалы: «Лейтенант мырза. Екінші бөлімше сабақ кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Бөлімше командирі сержант Әлімов».

Сәлем берілетін бастық әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілгеннен кейін қолын бас киіміне апарады.

Бөлімше командирі баяндап болғаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым артта және саптың сыртқы жағынан жүреді.

Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «Еркін тұр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа дейін 10-15 адым қалғанда бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ЖҮР, назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасын береді. «ТІК ЖҮР» командасы бойынша барлық әскери қызметші саптық адымға көшеді, ал «Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша бір уақытта бастық жаққа басын бұрады және қолдарымен немесе қару ұстамаған қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. «Иыққа» күйіндегі карабинмен қозғалыста қару ұстамаған қолмен қозғалыс жасау тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз болса немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, басын бұра отырып қолын бас киіміне апарады.

Бастықтың жанынан өткеннен кейін немесе «Еркін жүр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ЖҮР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

Бастық сәлемдескенде немесе алғыс жариялаған кезде әскери қызметшілер көтеріңкі, анық, үйлесімді жауап береді. Қозғалыста барлық әскери қызметші сол аяқтарын жерге қоя отырып, кейінгі сөздерді әрбір адыммен айтып жауап беруді бастайды.

Взводтың өрістетілген сабы.  Взводтың өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» командасы бойынша жүргізіледі.

Взвод командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады; бөлімше командирден солға қарай 18, 19-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрады. Екі қатарлы сапта әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болуы тиіс.

Бөлімшелерді сапқа тұрғызу басталғанда взвод командирі саптан шығады және бағынысындағылардың әрекетін бақылайды.

Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взвод 20-суретте көрсетілгендей екі қатарлы сапқа тұрғызылады.

Взводтың өрістетілген саптағы түзелуі, бұрылуы, қайта сапқа тұрғызылуы және басқа да әрекеттері бөлімше үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

Взводты бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа немесе керісінше қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 88-90-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі. Взводтың бөлімшелерінде бірінші және екіншіге санау кезінде бөлімше командирлері санауға кірмейді.

Жорықтық сап: Взводтың жорықтық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе бір лекті болуы мүмкін.

Взводты орнында үш (төрт) лекті сапқа тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.  Осы команда бойынша бөлімше 21-суретте көрсетілгендей жылдам сапқа тұрады.

Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взводты екі лекке жорықтық сапқа тұрғызу 24-суретте көрсетілген.                                                                          

Взводты өрістетілген бір қатарлы саптан бір лекке (екі қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу взводты оңға бұрумен жүргізіледі.

Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан бір лекке (бір қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»;                                     «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Бір (екі) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

«Адымда» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде осы Жарғының 95-тармағында көрсетілгендей бір лекке (94-тармақта көрсетілгендей екі лекке) қайта сапқа тұрғызылады; қалған бөлімшелер бір (екі) лекке біртіндеп қайта сапқа тұра отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүреді.

Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке  қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»; «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

«Адым-ДА» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде бір лекті сапқа қайта тұрып, жарты адыммен жүреді, қалған бөлімше біріншінің сызығына сол жаққа, сондай-ақ бір лекті сапқа тұрып, белгіленген аралыққа шығады, одан кейін взвод командирі «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасын береді.

Взводты бір лекті саптан өрістетілген бір қатарлы сапқа (екі лектен екі қатарлы сапқа) қайта сапқа тұрғызу взводты солға бұрумен жүргізіледі.

Взводты үш (төрт) лектен екі лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, екі лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша бірінші бөлімше осы Жарғының 94-тармағында көрсетілгендей жүру кезінде екі лекті сапқа қайта тұра отырып, тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды, одан кейін біртіндеп екі лекке қайта сапқа тұра отырып, алда келе жатқан бөлімшенің ту сыртына шығады.

Взводты үш (төрт) лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін взвод алдын ала екі лекті сапқа қайта тұрады және одан кейін – осы Жарғының 108-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.

Взводты үш (төрт) лектен бір лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша бірінші бөлімше тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды және бөлімшенің лектен кезектесіп шығуына қарай өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша алдында келе жатқан бөлімшенің ту сыртынан жүріп, қозғалысты толық адыммен бастайды.

Взводты бір лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша бірінші бөлімше орнында адымдайды, қалған бөлімшелер бірінші тұрғанның сызығына шығып, сондай-ақ взвод командирінің «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасына дейін орнында адымдайды.

Взводты екі лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі. «Адым-ДА» командасы бойынша взвод  үш лекті сапқа қайта тұрғызылады.

Взводты жинау үшін «Взвод – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша бөлімшелер жүгіріп взвод командирінің жанына жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрады.

Жорықтық сапта взводтың қозғалыс бағытын ауыстыру бөлімшенің жорықтық сабы үшін көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау: Взводтың әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындауы осы Жарғының 97-100-тармақтарындағы бөлімшелер үшін көрсетілгендей жүргізіледі.

Взвод сержанты мен бөлімшелер командирлері сапта өз орындарында тұрады және қолын бас киіміне апармайды.

Қозғалыста команда бойынша әскери сәлемдесуді орындау үшін ән айту тоқтатылады.

Ротаның өрістетілген сабы: Ротаның өрістетілген сабы екі қатарлы немесе взводтық лектер сызығына (взводтар үш, төрт лекте; арнайы бөлімше екі лекте) болуы мүмкін.

Қажет болған кезде рота бір қатарлы сапқа тұрғызылуы мүмкін. Ротаны өрістетілген сапқа тұрғызу «Рота, екі қатарға – САПТАН» немесе «Рота, взводтық сызыққа үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі. Ротаны сапқа тұрғызу бірінші взвод бойынша жүргізіледі.

Рота командирі саптық қалыпты қабылдай және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады. Рота командирінің орынбасарлары рота командирінен солға қарай, белгі беруші-барабаншы (командирдің бұйрығы бойынша) орынбасарлардан солға қарай тұрады, одан әрі қарай рота сержанты және басқару тобы тұрады. Бірінші взводтың командирі «Взвод, екі қатарға (үш, төрт лекке) – САПТАН» командасын бере отырып, өз взводын басқару тобынан солға қарай сапқа тұрғызады. Қалған взводтар өз командирлерінің командасы бойынша бірінші взводтан солға қарай өз нөмірлерінің реті бойынша сапқа тұрғызылады. Бірінші взводты сапқа тұрғызу бастағанда рота командирі ротаның сабынан шығады және бағыныстылардың іс-қимылын бақылайды.

Арнайы бөлімше үшінші взводтан солға қарай сапқа тұрады.

Ротаны екі қатарлы сапқа тұрғызған кезде төрт және үш адамнан бөлімшелері бар взводтар 20-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

Өрістетілген сапта ротаны түзеу, бұру, қайта сапқа тұрғызу және басқа да іс-қимылдар бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

Жорықтық сап: Ротаның жорықтық сабы үш (төрт) лекті немесе екі лекті болуы мүмкін.

Ротаны орнында үш (төрт, екі) лекке сапқа тұрғызу                                     «Рота, үш (төрт, екі) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша рота 27, 28-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады. Бұл ретте взводтар өз командирлерінің командасы бойынша үш (төрт, екі) лекке нөмірлерінің ретімен сапқа тұрғызылады; арнайы бөлімше үшінші взводтан кейін, ал басқару тобы – бірінші взвод командирінің алдында екі лекке сапқа тұрғызылады.

Ротаны жорықтық лекке сапқа тұрғызу және қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің орынбасарлары рота командирінен кейін екі адымда, олардан кейін екі адымда белгі беруші-барабаншы тұрады, рота сержанты басқару тобының алдында, рота старшинасы – арнайы бөлімшеден кейін тұрады.

Ротаны взводтық лектер сызығынан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу мынадай командалар бойынша жүргізіледі: «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, менің соңымнан                                   (немесе бағыты, жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе                          «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: басқару тобы, бірінші взвод (немесе өзге жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС». «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының алдында екі адымда тұрады, ал рота сержанты басқару тобының алдында тұрады.

Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе командада аты аталған взвод қозғалысты бастайды; қалған бөлімшелер орнында адым жасайды. Басқару тобының немесе командада аты аталған взводтың қозғалуына қарай қалған бөлімшелер өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша рота командирі немесе 27, 28-суреттерде көрсетілген тәртіппен қозғалысты бастайды.

Егер қажет болса, взводтар рота командирі көрсеткендей, өз командирлерінің командасы бойынша жүру кезінде қайта сапқа тұрғызылады.

Ротаны үш (төрт) лектен взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу «Рота, солға қарай взводтық лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе бағыттаушы взвод орнында адым жасайды, қалған взводтар бағыттаушы сызығына солға қарай шығады. Взводтар командирлерінің «ОРНЫҢДА» командасы бойынша взводтар орнында адым жасай отырып, рота командирінің «ТУРА» немесе «Рота – ТОҚТА» командасына дейін маңдайшеп бойынша және тереңдікке қарай түзеледі. «Рота – ТОҚТА» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының оқ жақ қапталына, ал рота командирінің орынбасарлары мен рота сержанты – басқару тобының оң жақ қапталына тұрады.

Ротаны өрістетілген екі қатарлы саптан екі лекке қайта сапқа тұрғызу ротаны оңға бұрумен, ал екі лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа – солға бұрумен жүргізіледі.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау: Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық  40-50 адымға жақындағанда рота командирі «Рота, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

Осы команда бойынша барлығы саптық қалыпты қабылдайды және көрсетілген жаққа басын бұрады, ал сапта тұрған рота командирлерінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты, одан басқа қолын бас киіміне апарады.

Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, саптық адыммен бастыққа жақындайды, оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.

Мысалы: «Майор мырза. Бірінші рота сабақтар кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Рота командирі капитан Әлтаев».

Рота командирі баяндауын аяқтағаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей, бір уақытта оңға (солға) бұрылумен сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай  өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым кейін және саптың сыртқы жағынан жүреді.

Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «ЕРКІН ТҰР» командасы      бойынша рота командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау бөлімше мен взвод үшін көрсетілгендей жүзеге асырылады. Бұл ретте рота командирінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты қолын бас киіміне апарады.

Егер бастық рота легінен озып бара жатса, әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілмейді; әскери сәлемдесуді тек взвод және                               одан жоғары бөлімшелердің командирлері, сондай-ақ рота сержанты орындайды.

Батальон мен бригада (полк) саптары. Өрістетілген сап: Батальонның өрістетілген сабы взводтық лектер сызығына, роталық лектер сызығына немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Батальонды сапқа тұрғызу батальон командирінің «Батальон, взводтық (роталық) лектер сызығына – САПТАН» немесе «Батальон, екі қатарға – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

Батальонды взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызу былай жүргізіледі: роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы взводтық лектер сызығына, взводтар үш (төрт) лекке; взводтар мен роталар арасындағы аралық – екі адым.

Батальон роталық лектер сызығына 30-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады: роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы үш (төрт) лекке; взводтар арасындағы аралық – төрт адым; роталар арасындағы аралық – екі адым.

Батальонды екі қатарлы сапқа тұрғызу тәртібі 31-суретте көрсетілген.

Батальонды взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызу кезінде батальонның артиллериялық бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері екі адым аралықта лектердің бас жағымен роталардан солға қарай роталар сызығына тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерге сапқа тұрғызылады.

Батальон командирінің орынбасарлары өрістетілген сапта батальон командирінен солға қарай екі қатарға, ал 29-31-суреттерде көрсетілмеген батальонның басқа да офицерлері мен батальон сержанты батальон басқармасының қалған құрамымен сапқа тұрғызылады.

Өрістетілген сапта түзеу және бұрылулар жасау бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

Жорықтық сап: Батальонның жорықтық сабы  екі адым арақашықтықта бірінен кейін бірі үш (төрт) лекке сапқа тұрғызылған (алда келе жатқан ротаның соңғы қатарынан рота командиріне дейін) роталардың, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелерінің жорықтық сабынан тұрады.

Батальон взводтық немесе роталық лектер  сызығынан жорықтық лекке мынадай командалар бойынша қайта сапқа тұрғызылады: «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: батальон басқармасы, бірінші рота (немесе өзге жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық лекпен» командасы бойынша роталар командирлері өз роталары алдына тұрады, олардан кейін екі адымда – олардың орынбасарлары, взводтар командирлері – өз взводтары алдында екі адымда, роталар сержанттары – басқару топтары алдында  екі адымда, белгі беруші-барабаншылар роталық белгі беруші-барабаншылар үшін ережелерді орындай отырып, 27-суретте көрсетілгендей (6-қосымша) орындарда тұрады. Батальон командирінің орындалатын командасы бойынша роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері өз командирлерінің командалары бойынша (осы Жарғының 121-тармағы) біртіндеп лекке қайта сапқа тұра отырып, батальон командирі көрсеткен тәртіппен жүреді.

Батальон командирі бағыттаушы бөлімше командирінің алдында, батальон командирінен кейін екі адымда екі қатарда оның орынбасарлары мен батальон штабының бастығы қозғалады, ал олардан кейін екі адымда батальон басқармасының қалған құрамы қозғалады.

Батальон жорықтық лектен өрістетілген сапқа батальон командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте батальонның сапқа тұру орны мен маңдайшебі, қандай рота бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.

«Батальон, солға қарай взводтық (роталық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта                             сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 29, 30-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

Батальонды өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу батальонды оңға қарай бұрумен және кейіннен: «Батальон, үш (төрт) лекке,  адым – БАС» командасын орындаумен жүзеге асырылады.

«Адымда» командасы бойынша батальон бөлімшелері осы                         Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызылады.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау: Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау осы Жарғының 124, 125-тармақтарында рота үшін көрсетілгендей  жүргізіледі.

Батальон лекте жүріп келе жатқан кезде әскери сәлемдесуді орындау үшін батальон командирінің командасын бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде роталардың командирлері (бағыттаушыдан басқа) біртіндеп қайталайды.

 Бригада (полк) саптарыБригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен, қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.

Бригаданың (полктің) өрістетілген сабында оң жақ қапталға олардың нөмірлерінің ретімен батальондар, олардан солға қарай – артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады.

Бригада (полк) басқармасы батальондардан оңға қарай сапқа тұрады. Бригада (полк) командирінің орынбасарлары басқармадан оңға қарай, ал Жауынгерлік Тумен сапқа тұрғызылған кезде – одан оңға қарай, Жауынгерлік Туды тапсырған кезде – 7-қосымшаға сәйкес тұрады. Батальондар арасындағы аралық – үш адым.

Әскерлер тектері мен қызметтері бастықтары, оларға бағынысты офицерлер мен бригада (полк) сержанты бригада (полк) басқармасының құрамында сапқа тұрғызылады.

Бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу үшін бригада (полк) командирі өзі немесе штаб арқылы бұйрық береді, онда: сапқа тұрғызу мақсатын, орнын, уақыты мен тәртібін; киім нысаны мен жабдықтарды; бөлімшелерде қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетеді.

Бригаданы (полкті) жорықтық сапқа тұрғызу тікелей жорықтық лекке сияқты, өрістетілген саптан взводтық немесе роталық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу жолымен де жүргізілуі мүмкін.

Орнында жорықтық лекке сапқа тұрғызу кезінде батальондар, артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері лектерде бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу орнына келеді және оларға көрсетілген орындарға тұрады.

Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу командалар бойынша жүргізіледі.

Мысалы: «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі) адым – БАС» немесе «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, сапқа тұру тәртібімен (немесе өзге де жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық лекпен» командасы бойынша батальондар командирлері саптан шығады және өз батальондарының бас жағындағы бөлімшелер командирлерінің алдында сегіз адымда, батальондар командирлерінің орынбасарлары – батальондар командирлерінен кейін екі адымда екі қатарда тұрады, роталар мен взводтар командирлері саптан шығады және осы Жарғының 132-тармағында көрсетілгендей тұрады. Батальондар командирлері қозғалу үшін біртіндеп команда береді.

Бригаданың (полктің) қозғалуы 34-суретте көрсетілген сапқа тұру тәртібімен немесе бригада (полк) командирі көрсеткен өзге де тәртіппен жүргізіледі; батальондар (дивизиондар) арасындағы арақашықтық орнында – үш адым, қозғалыста – 10 адым, ал басқа да бөлімшелер арасында – үш адым.

Бригада (полк) жорықтық лектен өрістетілген сапқа бригада (полк) командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте бригаданың (полктің) сапқа тұрғызылу орны мен маңдайшебі, қандай батальон бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.

«Бригада (полк), солға сызыққа, батальондар, роталық (взводтық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 33-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

Саптағы орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бригада (полк) командирі «Бригада (полк), ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

Саптағы орнында бригада (полк) командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, бастық жаққа бұрылады, оған саптық адыммен келеді және баяндайды.

Жорықтық саптағы қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу үшін бригада (полк) командирі берген команданы бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде батальондардың командирлері біртіндеп қайталайды.

2.2.  Взводтың, ротаның, батальон мен бригаданың (полктің) машиналардағы саптары

Өрістетілген сапта бөлімшелер мен бөлімдердің машиналары машиналар сызығына, взводтық немесе роталық лектер сызығына маңдайшеп бойынша бір сызыққа машиналар мен бөлімшелер арасындағы Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтар мен арақашықтықтарға сапқа тұрғызылады.

Бұл ретте жеке құрам машиналарда болады немесе машиналар алдына бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа, взводтық немесе роталық лектер сызығына соңғы қатар машиналар алдында үш адымға жақын                              болмайтындай етіп, сапқа тұрғызылады (35-38-суреттер); машиналардың механик-жүргізушілері мен жүргізушілері өз бөлімшелерінің саптарына тұрады.

Жорықтық сапта бөлімшелердің машиналары лекке сапқа тұрғызылады немесе лектердегі бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінің артында бірі сапқа тұрғызылады.

Жаяу әскерлер жауынгерлік машиналарына және броньды транспортерлерге, сондай-ақ автомобильдер мен басқа да машиналарға отырғызу алдында бөлімшелерде қажет болған кезде машиналар бойынша әскери қызметшілердің және әскери мүліктің есебі жүргізіледі және отырғызу тәсілі көрсетіледі.

Жеке құрамды машиналарға отырғызу алдында қарудың оқталмағаны, ал егер қозғалыс оқталған қарумен жасалатын болса, онда ол сақтандырғышқа қойылғаны тексеріледі; сүңгі-пышақ (сүңгілер) ағытылып тасталады (жазылады).

Әрбір машинаға офицерлер немесе сержанттардан жүргізушіні қоса алғанда, машинада болатын барлық жеке құрам бағынатын машина жетекшісі тағайындалады.

Машина жетекшісіне машинаны өзі жүргізуге немесе машинаны жүргізуді біреуге беруге жүргізушіні мәжбүрлеуге, жүргізушіні жол жүру ережелерін және белгіленген жүру жылдамдығын бұзуға мәжбүрлейтін командалар беруге қатаң тыйым салынады.

Жеке құрамды автомобильдерде тасымалдау кезінде тәртіп пен қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз ету үшін қорап жетекшісі тағайындалады.

Үлкен бастықтың белгілерін қадағалауды бөлімше командирі (машина жетекшісі), ал автомобильдерде, одан басқа – автомобиль қорабының алдыңғы оң бұрышында орналасатын қадағалаушы болып тағайындалған жүргізеді.

Қозғалыс уақытында автомобиль қорабы борттық бекітпесінің бекітілуін қадағалау үшін алдыңғы және артқы борттардың шеткі орындарында отырған әскери қызметшілерден «бортқа жауаптылар» тағайындалады.

Артта келе жатқан машиналарды, тіркелген әскери техникаға және жаяу әскерлер жауынгерлік машиналары артқы есіктерінің бекітпелерін (автомобильдің артқы бортының оң бекітпесін) қадағалауды артқы қабырға жанындағы оң орындықта (автомобильдің артқы бортында) отырған әскери қызметші жүргізеді.

 «МАШИНАЛАР ЖАНЫНА» командасы бойынша жаяу әскерлер жауынгерлік машинасында және броньды транспортерде, сондай-ақ автомобильде және десант болып танкте тасымалданатын жеке құрам                       39-суретте көрсетілгендей машиналардың жанына сапқа тұрғызылады. Борттардан отырғызылған кезде бөлімшелердің жеке құрамы лектерінің бас жағы машиналардың отырғызу люктері немесе артқы дөңгелектері (катоктары) деңгейінде сапқа тұрғызылады.              

 «МАШИНАЛАР ЖАНЫНА» командасы бойынша танктер экипаждары танктердің алдында бір қатарлы сапқа тұрғызылады. Танк командирі оң жақ шынжыр табан алдында екі адымда; экипаждың қалған құрамы – командирден солға қарай тұрады.

Жеке құрамды машиналарға отырғызу:

— жаяу әскерлер жауынгерлік машиналары мен броньды транспортерлерге – люктер арқылы;

— автомобильдерге – оң, сол жақ және артқы борттар арқылы;

— жабық қорабы бар автомобильдерге – артқы борт арқылы жүргізілуі мүмкін.

Жеке құрамды басқа да машиналарға отырғызу ыңғайына қарай жүргізіледі.

Жолдың оң жақ шетінде тұрған машиналарға сол жақ борт арқылы  отырғызуға рұқсат етілмейді.

 «МАШИНАЛАРҒА» командасы бойынша жаяу әскерлер жауынгерлік машиналары мен броньды транспортерларға отырғызу кезінде тағайындалған әскери қызметшілер десанттық бөліктің артқы есіктерін (отырғызу люктерінің қақпағын) ашады; автомобильдерде жүргізушілер қажет болған кезде артқы бортты ашады.

Отырғызу аяқталғаннан кейін артқы есіктер (отырғызу люктерінің қақпақтары, борттары) жабылады.

«ОРЫНДАРЫҢА» командасы бойынша бөлімшелер машиналардағы өз орындарына жылдам отырады.

Отырғызу кезінде дөңгелектер, шынжыр табандар мен басқыштар қолданылады.

Отырғызу кезінде қару, отырғызуды жүргізетін немесе артта тұрған әскери қызметшілерге берілетін оқшашарлар мен топтық қаруларды қоспағанда, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ыңғайына қарай алынады. Отырғызғаннан кейін қару тізелерінің арасына қойылады және екі қолмен ұсталады. Автоматтар, одан басқа бөлімше командирінің командасы бойынша «кеудеге» күйіне алынуы мүмкін.

Зат қаптары бөлімше командирінің (машина жетекшісінің) командасы бойынша алынады және машинаға орналастырылады.

Бөлімше командирі (машина жетекшісі) жеке құрамның дұрыс отырғызылуын бақылайды, ал ол аяқталғаннан кейін есіктер (люктер) мен борттар бекітпелерінің бекітілуін тексереді, содан кейін жаяу әскерлер жауынгерлік машинасындағы өз орнына және броньды транспортерде машина командирінің орындығына, ал автомобильде – жүргізушінің жанына немесе үлкен командирдің командасы бойынша автомобиль қорабының алдыңғы сол жақ бұрышына отырады.

Егер машина командирінің орнында аға командир отырса, онда бөлімше немесе взвод командирі машинаның десанттық бөлімшесіне орналасады.

Жауынгерлік машиналардың және танктердің экипаждары «ОРЫНДАРЫҢА» командасы бойынша бір уақытта артқа бұрылады және өз люктері арқылы орындарына жылдам отырады.

Орнында танкке десантты отырғызу борттардан жүргізіледі. Егер десантты борттардан отырғызу мүмкін болмаса, ол танктің артқы жағынан жүргізіледі. Бұл ретте қару, отырғызуды жүргізетін немесе артта тұрған әскери қызметшілерге берілетін оқшашарлар мен топтық қаруларды қоспағанда, ыңғайына қарай алынады.

Танкте әскери қызметшілер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орналастырылады.

Десант болып тасымалданатын бөлімшенің командирі жеке құрамды отырғызу және оны танктерге орналастыру ережелерін сақтауға қатысты танк бөлімшесі командирінің нұсқауын орындайды және отырғызудың аяқталғаны туралы оған және өзінің тікелей бастығына баяндайды.          

 Бөлімшенің (бөлімнің) қозғалысы басталар алдында алдын ала                     «ОТ АЛДЫР» командасы беріледі, ол бойынша машиналардың қозғалтқыштарын от алдыру және қыздыру жүргізіледі.

«ЖҮР (АЛҒА)» командасы бойынша барлық машина, олар орнында тұрған сол сапта бір уақытта қозғалысты бастайды немесе жүру кезінде белгіленген арақашықтық пен аралықты қабылдай отырып, командирдің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады. Егер лектегі машиналар арасындағы арақашықтық 10 метрден аз болса, машиналар қозғалысты белгіленген арақашықтықты ала отырып, кезекпен бастайды.

Қозғалыс тәртібі мен жылдамдығын, сондай-ақ демалу үшін тоқтауларды айқындау кезінде жауынгерлік жарғыларда мазмұндалған нұсқауларды басшылыққа алу қажет.

Машиналар арасындағы арақашықтық қозғалыс жылдамдығына және шарттарына байланысты болады және орташа алғанда 25-50 м болуы мүмкін.

Арақашықтарды өзгерту үшін: «АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҰЛҒАЙТ», «АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚЫСҚАРТ» командалары беріледі.

Қозғалыста бұрылулар бағыттаушы машинаның соңынан (бұрылуымен) біртіндеп немесе барлық машиналар (бөлімшелер) бір уақытта жасауы мүмкін.

«НАЗАР САЛ, МЕН СИЯҚТЫ ЖАСА» командасы бойынша біртіндеп артқа бұрылу үшін басты машина төмендетілген жылдамдықпен артқа бұрылады және қозғалысты лекке параллельді түрде кері бағытта жалғастырады. Қалған машиналар басты машина бұрылған жерге дейін жетіп, сол сияқты бұрылады және қозғалысты жалғастырады.

Бір уақытта оңға (солға, артқа) бұрылу үшін «БАРЛЫҒЫҢ ОҢҒА (БАРЛЫҒЫҢ СОЛҒА, БАРЛЫҒЫҢ – АРТҚА БҰРЫЛ)» командасы беріледі. «БАРЛЫҒЫҢ ОҢҒА (БАРЛЫҒЫҢ СОЛҒА)» командасы бойынша машиналар жүріп келе жатып бір уақытта көрсетілген жаққа бұрылады және жаңа бағытта қозғалысын жалғастырады. «БАРЛЫҒЫҢ – АРТҚА  БҰРЫЛ» командасы бойынша әрбір машина тоқтайды, арақашықтықты қысқартпай, солға қарай бұрыла отырып, артқа бұрылады және қозғалысты кері бағытта жалғастырады.

Лек қозғалыста жолды босату қажет болған кезде «ОҢҒА ҚАРАЙ АЛ» командасы беріледі. Осы команда бойынша лектегі барлық машина бір уақытта жолдың жүру бөлігінен шығады және оң жақ шетімен немесе жолдың оң жағында қозғалысты жалғастырады.

 Машиналарды тоқтату «ТОҚТА» командасы бойынша жүргізіледі, ол бойынша машиналар алда тоқтап тұрған машина жанына келеді және              10 метрге жақын емес арақашықтықта немесе командир белгілеген арақашықтықтарда кезекпен тоқтайды.

Лекті тоқтату алдында машиналар жолдың оң жақ шетіне немесе оң жаққа қарай шығарылады. Егер бұл ретте арақашықтық бұзылса да жол қиылыстары, тораптары, көпірлер, қыспақтар, темір жол өтпелері, үйлердің кіреберістері мен аулаға кірме жолдар ашық болуы тиіс.

Егер қажет болса, тоқтағаннан кейін «ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ӨШІР» командасы беріледі.

Машиналардан жеке құрамды түсіру:

— жауынгерлік машиналардан – люктер арқылы;

— автомобильдерден – оң, сол және артқы борттар арқылы;

— жабық қорабы бар автомобильдерден – артқы борт арқылы жүргізілуі мүмкін.

Жеке құрамды басқа да машиналардан түсіру ыңғайына қарай жүргізіледі.

Жолдың оң жақ шетінде тұрған машиналардан сол жақ борт арқылы түсіруге рұқсат етілмейді.

Машиналардан түсіру үшін «МАШИНАЛАР ЖАНЫНА» командасы беріледі.

Мысалы: «Бөлімше (взвод, рота), оң, сол жақ борт (артқы борт) арқылы – МАШИНА (МАШИНАЛАР) ЖАНЫНА».

Осы команда бойынша жеке құрам жылдам машиналардан түседі және олардың жанына сапқа тұрғызылады  немесе өз командирлерінің командасы бойынша әрекет етеді.

Машиналардан түскен кезде қару ыңғайына қарай алынады, ал оқшашарлар мен топтық қару бұрын түскен әскери қызметшілерге беріледі.

Взвод саптары: Взводтың өрістетілген сабы – машиналар сызығы, машиналар арасындағы аралық – үш метр.

Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу «Машиналар сызығына – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі. Взвод командирі команда бере отырып, өз машинасын взвод сабының маңдайшеп жағына алдыңғы жағымен қаратып қояды, қалған машиналар белгіленген аралықты сақтай отырып, взвод командирінің машинасынан солға қарай бір сызық бойына нөмір ретімен сапқа қойылады.

Взводтың жорықтық сабы – лек, орнында және тоқтап тұрғанда сапқа тұрғызу кезінде машиналар арасындағы арақашықтық 10 метрден жақын емес, қозғалыста арақашықтық қозғалыс жылдамдығына және шарттарына байланысты болады және орташа алғанда 25-50 м болуы мүмкін; взвод командирінің машинасы лектің бас жағында жүреді.

Взводты лекке сапқа тұрғызу, сондай-ақ оны машиналар сызығынан лекке қайта сапқа тұрғызу «Лекпен – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Взводты машиналар сызығынан лекке қайта сапқа тұрғызу кезінде взвод командирінің машинасы соңынан взводтың қалған машиналары белгіленген арақашықтықта нөмір ретімен қозғалады.

Взводты лектен өрістетілген сапқа – машиналар сызығына қайта сапқа тұрғызу  осы Жарғының 156-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.

Рота саптары: Рота өрістетілген сапта машиналар сызығына  немесе взводтық лектер сызығына  сапқа тұрғызылуы мүмкін. Взводтар арасындағы аралық – бес метр.

Ротаны өрістетілген сапқа – машиналар сызығына немесе взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызу «Машиналар сызығына (взводтық лектер сызығына) – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Рота командирі команда бере отырып, өз машинасын рота сабының маңдайшеп жағына алдыңғы жағымен қояды немесе бірінші взводтың сапқа тұру орнын көрсетеді. Взводтар нөмір ретімен белгіленген аралықтар мен арақашықтықтарда рота командирінің машинасынан солға қарай машиналар сызығына (лектерге) сапқа тұрады.

Ротаның жорықтық сабы – лек. Ротаны лекке сапқа тұрғызу, сондай-ақ оны өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу «Лекпен – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Ротаны өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің машинасы немесе бірінші взводтың алдыңғы машинасы қозғалысты тура бастайды және содан кейін көрсетілген бағытқа шығады; рота командирінің машинасы немесе бірінші взводтың алдыңғы машинасы соңынан нөмір ретімен немесе рота командирі көрсеткен тәртіппен лектегі қалған взводтар белгіленген арақашықтықта қозғалады.

Ротаны лектен өрістетілген сапқа – машиналар сызығына немесе взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 158-тармағында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте лектердегі взводтар рота легінен шығады және взводтар командирлерінің «Машиналар сызығына – ЖҮР» немесе «Лекпен – ЖҮР» командасы бойынша 46, 47-суреттерде көрсетілгендей машиналар сызығына немесе взводтық лектер сызығына тиісінше сапқа тұрғызылады.

Батальонның машиналардағы саптары: Батальон өрістетілген сапта взводтық лектер немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылуы мүмкін.

Қажет болған кезде батальон машиналар сызығына сапқа тұрғызылуы мүмкін.

Батальонды өрістетілген сапқа тұрғызу батальон командирінің «Взводтық (роталық) лектер сызығына (машиналар сызығына) – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Батальон взводтық лектер сызығына 49-суретте көрсетілгендей; роталар – взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызылады.

Батальон роталық лектер сызығына 50-суретте көрсетілгендей; роталар – лектерге сапқа тұрғызылады.

Батальон машиналар сызығына 51-суретте көрсетілгендей; роталар – машиналар сызығына сапқа тұрғызылады. Роталар арасындағы аралық – бес метр.

Батальонды сапқа тұрғызған кезде батальон командирінің машинасы мен басқару бөлімшесі батальонның оң жақ қапталына, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері – тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерінде батальонның сол жақ қапталына сапқа тұрады.

Батальоннның жорықтық сабы – лек (52-сурет).

Батальонды лекке сапқа тұрғызу кезінде лектердегі роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері батальон командирі көрсеткен тәртіппен сапқа тұрғызылады; орнында және тоқтағанда сапқа тұрғызу кезінде роталар арасындағы арақашықтық – 10 метрден жақын емес, қозғалыста арақашықтық қозғалыс жылдамдығы мен шарттарына байланысты және орташа алғанда 25-50 м болуы мүмкін.

Батальонды жорықтық сапқа тұрғызу «Лекпен – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

 Батальонды өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу «Лекпен – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша батальон командирінің машинасы тура қозғала бастайды, одан кейін қажетті бағытқа қарай шығады; батальон командирі машинасының соңынан 52-суретте көрсетілгендей немесе батальон командирі көрсеткен тәртіппен батальон бөлімшелері белгіленген арақашықтықта қозғалады.

Батальонды лектен өрістетілген сапқа қайта тұрғызу «Взводтық (роталық) лектер сызығына – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі. Осы команда бойынша бөлімшелер 49, 50-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

Бригада (полк) саптары: Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық  немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен және қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.

Батальондардан солға қарай артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері және қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады. Батальондар арасындағы аралық – 10 м, бригаданың (полктің) басқа бөлімшелері арасында – бес метр немесе сапқа тұрғызу шарттарына байланысты бригада (полк) командирі айқындайды.

 Бригаданың (полктің) жорықтық сабы – лек. Бригада (полк) жорықтық лекке осы Жарғының 139-тармағында көрсетілген тәртіппен сапқа тұрғызылады.

Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу бригада (полк) командирінің командасы бойынша жүргізіледі, бұл ретте қозғалыс бағыты мен тәртібі, қозғалысқа әзірлік уақыты мен батальондар арасындағы арақашықтық көрсетіледі.

Жорықтық сапта қозғалыс «Лекпен – ЖҮР» командасы бойынша басталады.

Әскери сәлемдесуді орындау: Машинада орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін «ТІК ОТЫР» командасы бойынша ашық тұрған жеке құрам белдерін бүкпей, басын тік ұстап, өзінің алдына қарап отыруы керек; қарусыз – жартылай бүгілген қолдарын тізелерінен біршама жоғары еркін қою керек; қарумен – оны тізелері арасында және екі қолымен ұстау керек.

«Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері мен машиналар жетекшілері                                    бастық жаққа басын бұрады және бір уақытта қолдарын бас киімге апарады, қалған әскери қызметшілер бастық жаққа басын бұрмайды (41-сурет).

Егер әскери қызметшілер машинада машина қозғалысы бағытына қарап орналастырылса, онда «Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы                        бойынша олар бір уақытта бастық жаққа басын бұрады.

Машина бастықтың жанынан өтіп кеткенде «Еркін» командасы бойынша барлық әскери қызметшілер басын тік қаратады және еркін отырады, бөлімшелердің командирлері мен машиналар жетекшілері, одан басқа қолдарын бас киімінен түсіреді.

Машиналардағы жеке әскери қызметшілер әскери сәлемдесуді бастық жаққа басын бұра отырып, белін бүкпей отырған күйі орындайды.

Механик-жүргізушілер және жүргізушілер машинаны жүргізу кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.

«Ұрысқа», «тұр» тәсілдері: «ҰРЫСҚА» командасы бойынша қаруды оң қолға алу, оң аяғымен  алға қарай және біршама оңға толық адым жасау керек, онымен бір уақытта денені алға еңкейту керек, сол тізеге отыру және сол қолын өзінің алдына, саусақтарын оңға қарай жерге қою керек (53-сурет), одан кейін сол аяқтың жамбасына және сол қолдың білегіне сүйене отырып, сол бүйірге                                  жату керек және жылдам ішке аунап түсу керек; аяқтардың ұштарын                біршама сыртқа қаратып жан-жаққа созу және оқ атуға дайындалу керек              (53-сурет).

Қол оқшашарымен тәсілдерді орындау үшін «ҰРЫСҚА» командасы бойынша қаруды оң қолымен алу, сол қолмен тіреуіштерін жазу керек. Осымен бір уақытта оң (сол) аяқпен алға қарай толық адым жасау керек және алға еңкейе отырып, атыс бағытына оқшашарды тіреуіштеріне қою керек; жазылмастан жерге екі қолымен тіреліп, аяқтарын артқа жіберу, ішпен жату керек, аяқтардың ұштарын сыртқа қаратып созу және оқ ату үшін дайындалу керек (54-сурет).

Топтық қарумен тәсілдерді орындау кезінде «ҰРЫСҚА»                      командасы бойынша оны жауынгерлік күйге келтіру керек, ал одан кейін ату үшін күйді қабылдау керек (55-сурет).

«ТҰР» командасы бойынша қаруды оң қолына ұстай отырып, екі қолды кеуде деңгейіне тарту керек, бір уақытта аяқты бірге қосу керек                     (56-сурет), одан кейін қолдарын жедел соза отырып, кеудесін жерден көтеру және оң (сол) аяқты алға шығару керек (56-сурет), жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қою және қарумен саптық қалыпты қабылдау керек (5-суретті қараңыз).

Оқшашармен «ТҰР» командасы бойынша аяқтарын алға қарай созғаннан кейін оқшашарды алу керек, жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қоя отырып, оқшашарды аяқ жанына қою керек (56-сурет).

Жүгіріп және еңбектеп өту: Жүгіріп өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, жыра бағытына жүгіріп өт – АЛҒА» командасы бойынша жүргізіледі.

Алдын ала берілетін команда бойынша демалу үшін таса орындарға тоқтауға қарай қозғалу жолын белгілеп алу, ал орындалатын команда бойынша осы Жарғының 170-тармағында көрсетілгендей жылдам тұрып, сол (оң) аяғын жерге қоймастан, оң (сол) аяқты түзеумен (серпумен) бір уақытта оны алға қарай шығару және мүмкіндігінше жүгіріп өту керек.

Демалу үшін тоқтаулар арасындағы жүгіріп өту ұзындығы жергілікті жерге және қарсыластың оқ атуына байланысты және орташа алғанда 20-40 адым болуы тиіс.

Демалу үшін тоқтаған жерде осы Жарғының 169-тармағында көрсетілгендей жүгіріп келіп жату керек, біршама шетке қарай еңбектеп өту керек (бекіністі ауыстырудың өзге де әдісі қолданылуы мүмкін), ал командада көрсетілген орынға жеткеннен кейін, одан басқа оқ атуды жүргізуге дайындалу керек.

Жүгіріп өту кезіндегі қарудың күйі – жүгіріп өтушінің қалауы бойынша болады.

 Еңбектеп өту жер бауырлап, жартылай төрт тағандап және бүйірімен өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, бруствер артына еңбектеп өт – АЛҒА» командасы бойынша жүргізіледі. Алдын ала берілетін команда бойынша қозғалу жолын және демалу үшін тасаланған тоқтау орындарын белгілеп алу керек, ал орындалатын команда бойынша көрсетілген әдістердің бірімен еңбектеп өту керек.

 Жер бауырлап еңбектеп өту үшін (57-сурет) жерге жабыса жату керек, оң қолмен қаруды жоғарғы антабкасынан қарубаудан алу және оны оң қолдың білегіне қою керек.

Оң (сол) аяқты тарту және бір уақытта сол (оң) қолды мүмкіндігінше созу керек; бүгілген аяқпен серпіле отырып, денемен алға қарай жылжу керек, екінші аяқты тарту, екінші қолды созу керек және қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек. Еңбектеп өту кезінде басты жоғары көтермеу керек.

 Жартылай төрт тағандап еңбектеп өту үшін (58-сурет) тізерлеу және білекке немесе қолдардың басына тірелу керек. Бүгілген оң (сол) аяқты кеуде астына тарту керек, онымен бір уақытта сол (оң) қолды алға қарай созу керек. Денені оң (сол) аяқ толық созылғанша алға қарай жылжыту керек, онымен бір уақытта екінші бүгілген аяқты өзіне қарай тарта және екінші қолды соза отырып, қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек.

Қаруды: білекке тірелген кезде – жер бауырлап еңбектеп өту кезіндегі сияқты; қолдардың басына тірелген кезде – оң қолмен ұстау керек. Бүйірмен еңбектеп өту үшін (59-сурет) сол бүйірге жату керек; тізесі бүгілген сол аяқты алға қарай соза отырып, сол қолдың білегіне тірелу, оң аяқты мүмкіндігінше өзіне қарай тартып өкшесімен жерге тірелу керек; оң аяқты жаза отырып, сол аяқтың күйін өзгертпей денені алға қарай жылжыту керек, одан кейін қозғалысты осындай тәртіппен жалғастыру керек.

Қаруды сол аяқтың жамбасына қойып, оны оң қолмен ұстау керек.

Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі  жеке құрамның іс-қимылы: Рота легіне жерүсті қарсыласының кенеттен шабуыл жасауына тойтарыс беру үшін «Қарсылас маңдайшептен (тылдан, солдан, оңнан) – ҰРЫСҚА» командасы беріледі.

Осы команда бойынша:

— маңдайшептен шабуыл жасалған кезде бағыттаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында, одан кейінгі взвод оңға қарай, ал тұйықтаушы взвод – бағыттаушыдан солға қарай өрістетіледі;

— тылдан шабуыл жасалған кезде рота артқа бұрылады; тұйықтаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында; лектің ортасында болатын взвод – одан оңға қарай, ал бағыттаушы взвод солға қарай өрістетіледі;

— солдан немесе оңнан шабуыл жасалған кезде рота тиісті жаққа қарай бұрылады; лектің ортасында болатын взвод жауынгерлік тәртіппен орнында өрістетіледі; қапталдағы взводтар: біреуі – оңға  қарай, ал екіншісі – осы взводтан солға қарай өзінің сыртқы қапталдары жағына қарай өрістетіледі.

— Роталар легіне қарсылас әуеден шабуыл жасаған кезде «Ә-УЕ» командасы беріледі. Осы команда бойынша рота жағдайға байланысты қозғалысты жалғастырады немесе тоқтайды. Егер қозғалыс тоқтатылмаса, онда лекте жылдамдық пен машиналар арасындағы арақашықтық ұлғайтылады. Тоқтаған кезде жеке құрам өз командирлерінің командалары бойынша жылдам машиналардан секіріп түседі, жақын жердегі тасаланған орындарға взвод бойынша бекінеді, оқ атуға дайындалады және команда бойынша төмен ұшатын нысаналар бойынша оқ атуды жүргізеді.

— Қарсылас ядролық, химиялық және биологиялық қару қолданған кезде радиациялық қауіп немесе химиялық дабыл белгілері беріледі.

Осы белгі берулер бойынша жеке құрам қорғаныс шараларын қабылдайды.               Екінші тараудың қорытындысы

Саптық дайындық әскери оқу пәндердің ішінде өте маңызды пән болып табылады. Бұл пән білімгерлерді  тәртіпке, сап тәсілдерін жылдам және айкын орындауға үйретеді және іскерлікті ұқыптылық пен шыдамдылықты тәрбиелеуге көмектеседі.Саптық оқыту   бастапқы  әскери оқытудың құрамасының бір бөлімі болған соң, барлық оқу – тәрбие процесстерінің сфераларына әсер етеді. Саптық дайындық – бұл аса тәжірибелік іс. Әр тәсіл немесе әрекет қайта – қайта қайталау жұмыспен өтіледі, және ол мынандай жүйелілікпен істелуі қажет:

-Тәсілді немесе  әрекетті түсіндіру және оны орындайтын команданы беру;

— тәсілдің үлгілі орындалуын бүтіндей, содан соң бір уақытта қысқаша тәсілдің орындау ережелерімен оның реттерін түсіндіре отырып, тәсілді (әрекетті) бөлімдермен орындау;

— білімгерлерді тәсілді орындау техникасына үйрету: бірінші  бөлімдермен, содан соң бүтіндей;

— білімгерлерді тәсілді дүрыс орындауға жаттықтыру қажет, жаттықтыру кезінде олар осы тәсілді аңық қозғалыспен, ептілікпен және тез орындауға тиіс.

Саптық дайындықтың сабақтары сап алаңында немесе арнайы жабдықталған алаңда  өткізіледі. Сабақтарды мынандай жүйелілікте өткізуге үсынылады: взводты сапқа түрғызу, білімгерлердің саның және  олардың киім үлгісін тексеру, керек болса ескерту жасау және осы көрсетілген кемшіліктерді жоюға үсыныс беру. Взвод екі қатарлы сапқа турғызылады, бұл сапта әр білімгер өз орнын білу тиісті. Содан соң мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын және оқу мәселелерін жеткізеді.Сабақтың басында мұғалім бүрын өткен кейбір сап тәсілдерінің дүрыс орындалуын тексереді.

Негізгі бөлімде  сабақтың жетекшісі үйрететін саптық тәсілінің орындалу техникасын  бүтіндей және бөлімдермен көрсетеді, содан соң жетекшінің командасымен білімгерлер көрсетілген тәсілді орындайды. Жаттықтыруды екі – екіден өткізуге болады: әр бір буында  білімгерлер  алма — кезек ретінде бір біріне командалар береді. Сабақтың жетекшісі білімгерлердің әрекеттерін тексеріп, жіберіп жатқан қателерді түзей түра,сап тәсілін дүрыс орындауына  ерекше назар аударады. Әрбір сабақ білімгерлердің  саптық әрекеттерімен тәсілдерін орындауының  қысқаша талдаумен аяқталу тиіс.  Жеке сап тәсілдерін орындау дағдыларын толық жетілдіру  қалай арнай сабақта жүзеге асырылса, дәл осылай дене шынықтыру, тақтикалық, атыс дайындық сабақтарында, Жалпы әскери жарғыларды оқу кезінде, сонымен қатар барлық құруларда, жылжуларда және қорғаныс – спорттық шараларды өткізуінде жүзеге асыруы қажет.

 

3 тарау.  Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның және бригаданың (полктің) жаяу тәртіптегі саптары

3.1. Бөлімше саптары

Өрістетілген сап

 

 Бөлімшенің өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

Бөлімше командирі саптық қалыпты қабылдап және команда беріп саптың маңдайшеп жағына қарап тұрады; бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай, 1, 2-суреттерде  көрсетілгендей сапқа тұрғызылады (шартты белгілер – 4-қосымша).

 

 

 

 

1-сурет.

Бөлімшенің өрістетілген сабы –

бір қатарлы

2-сурет.

Бөлімшенің өрістетілген сабы –

екі қатарлы

 

Сапқа тұрғызу басталғанда бөлімше командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

 Бөлімшені орнында түзету қажет болған кезде «ТҮЗЕЛ» немесе «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы беріледі.

«ТҮЗЕЛ» командасы бойынша оң жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі) және әрқайсысы өзін бірінші деп санағанда төртінші адамның кеудесін көретіндей түзеледі. «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы бойынша сол жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын солға бұрады (сол құлақ оң құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі).

Түзелу кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады.

«Аяққа» күйіндегі карабиндермен (оқшашарлармен) түзелу кезінде одан басқа, орындалатын команда бойынша сүңгі (ұңғы жағы) өзіне қарай тартылады және оң бүйірге қысып ұсталады.

Түзелу аяқталғаннан кейін «ТІК ТҰР» командасы беріледі, ол бойынша барлық әскери қызметші басын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (оқшашарлар) бұрынғы күйге келтіріледі.

Бөлімше артқа бұрылып түзелген кезде командада түзелу жағы көрсетіледі.

Мысалы: «Оңға (солға) – ТҮЗЕЛ».

 «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша және «РЕТТЕЛ» командасы бойынша орнында тұрған әскери қызметшілер осы Жарғының 29-тармағында көрсетілгендей әрекет жасауы тиіс.

«Бөлімше – ТАРА» командасы бойынша әскери қызметшілер саптан шығады. Бөлімшені жинау үшін «Бөлімше – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша әскери қызметшілер командир жанына жүгіре жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрғызылады.

 Бөлімшенің бұрылыс жасауы осы Жарғының 31, 39 және                                  57-тармақтарында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша түзелуді сақтай отырып, барлық әскери қызметшілер бір уақытта орындайды. Екі қатарлы саптағы бөлімше оңға (солға) бұрылыс жасағаннан кейін бөлімше командирі оңға (солға) жарты адым, ал артқа бұрылыс жасаған кезде – алға бір адым жасайды.

 Бөлімше орнында жазылу үшін «Бөлімше оңға (солға, ортадан) осынша адымға алшақ-ТА (жүгіре, алшақ-ТА)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша, жазылуды жүргізу басталатыннан басқа, барлық әскери қызметшілер көрсетілген жаққа қарай бұрылады, аяқтарын қоюмен бір уақытта басын саптың маңдайшебі жағына бұрады және артта келе жатқанға иығы арқылы қарап және одан көз айырмастан, жиіленген жарты адыммен (жүгіріп) жүреді; артта келе жатқан адам тоқтағаннан кейін әр қайсысы командада көрсетілгендей осынша адым жасайды және солға (оңға) бұрылады.

Ортадан жазылған кезде ортадағы адам көрсетіледі. Ортадағы болып аталған әскери қызметші өз тегін естігеннен кейін «Мен» деп жауап береді, сол қолын алға созады және оны төмен түсіреді.

Бөлімше түзелген кезде жазылу кезінде белгіленген аралық сақталады.

 Бөлімшені орнында жинақтау үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортаға) жинақ-ТАЛ (жүгіре, жинақ-ТАЛ)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша жинақталу тағайындалғаннан басқа барлық әскери қызметші жиналатын жаққа қарай бұрылады, одан кейін жиіленген жарты адыммен (жүгіре) жиналған сап үшін белгіленген аралыққа келеді және келгеннен кейін өз бетінше тоқтайды және солға (оңға) бұрылады.

 Бөлімшенің қозғалуы үшін: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС» командалары беріледі.

Егер қажет болса, командада қозғалыс бағыты мен түзелу жағы көрсетіледі.

Мысалы: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Саптық плац бағытына           (5-қосымша), назар оңға (солға), адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС».

«БАС» командасы бойынша барлық әскери қызметші назарды және аралық пен арақашықтықты сақтай отырып, сол аяқтан қозғалысты бір уақытта бастайды.

Егер назар жағы көрсетілмесе, назар оң жақ қапталға қарай басты бұрмай көзқараспен жүргізіледі.

Бөлімшені тоқтату үшін «Бөлімше —  ТОҚТА» командасы беріледі.

 Әскери қызметшілерде қарудың әр түрлі түрі болған кезде және олардың біреуін басқа күйге ауыстыру қажет болған кезде командада осы қарудың атауы көрсетіледі.

Мысалы: «Автоматтарды кеуде-ГЕ», «Оқшашарларды қарубау-ҒА», «Карабиндерді иық-ҚА».

 Сапта тұрып орнында шетке қарай бірнеше адымға орын ауыстыру үшін «Бөлімше, оң-ҒА (сол-ҒА)», ал сап бұрылғаннан кейін – «Бес адым алға, адым — БАС» командалары беріледі. Әскери қызметшілер қажетті адым санын жасағаннан кейін бөлімше «Сол-ҒА (оң-ҒА)» командасы бойынша бастапқы күйге бұрылады.

Алға немесе артқа қарай бірнеше адымға орын ауыстыру осы Жарғының 38-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.

 Аяқ алысты ретсіз алып жүру қажет болған кезде «Ретсіз – АДЫМДА», ал аяқ алысты ретпен алып жүру үшін «Ретпен – АДЫМДА» командасы беріледі (ретпен жүру бағыттаушы бойынша немесе командирдің санауы бойынша жүзеге асырылады).

 Қозғалыс бағытын орнынан иықпен еніп өзгерту үшін «Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым – БАС», жүру кезінде – «Бөлімше, оң (сол) иық алға – АДЫМДА» командасы беріледі.

Осы команда бойынша бөлімше оң (сол) иықпен алға енуді бастайды: еніп келе жатқан қапталдың шеткі адамы басын маңдайшеп бойына бұрып, өзінің қозғалысын қалғандарын қозғалмайтын қапталға ығыстырмайтындай етіп толық адыммен жүреді; қозғалмайтын қапталдың шеткі адамы орнында адымдайды және біртіндеп енетін қапталдың қозғалысымен үйлесе отырып, солға (оңға) бұрылады; қалғандары енетін қапталға қарап, маңдайшеп бойынша түзелуді сақтай отырып (басын бұрмай) және қозғалмайтын қаптал жағында тұрған жанындағының шынтағын сезе отырып, олар қозғалмайтын қапталға жақындаған сайын шағын адым жасайды.

Бөлімше қажеттілігіне қарай бұрылғанда «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА» командасы беріледі.

 Бөлімшені бір қатардан екіге қайта сапқа тұрғызу үшін алдын ала «Бөлімше, бірінші-екіншіге – САНАЛ» командасы бойынша бірінші және екіншіге санау жүргізіледі.

Осы команда бойынша әрбір әскери қызметші оң қапталдан бастап кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге басын бұра отырып, өз нөмірін атайды және жылдам басын тік қаратады; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

Жалпы нөмірлеу бойынша есеп те осылай жүргізіледі, ол үшін «Бөлімше, ретпен – САНАЛ» командасы беріледі.

Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ қапталындағы адам жалпы нөмірлеу бойынша саптың есебі аяқталғаннан кейін: «Толық» немесе «Толық емес» деп баяндайды.

. Бөлімшені орнында бір қатардан екіге сапқа қайта тұрғызу «Бөлімше, екі қатарға – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер бірінші нөмірлердің ту сыртына тұру үшін сол аяғымен артқа адым жасайды,                                                   оң  аяғын жерге қоймастан, оң жаққа адым жасап, сол аяғын жерге қояды.

Егер бөлімшенің сол қапталында бір қатарлы сапта бірінші нөмірлі әскери қызметші тұрса, онда екі қатарға қайта тұрғызу кезінде оның оң жағында тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен артқа бір                       адым жасайды, сол қапталдағы бірінші нөмірлі әскери қызметшінің ту                      сыртына тұру үшін сол аяғын жерге қоймастан, сол жаққа адым жасап, оң аяғын қояды. Бөлімшені орнында екі қатарлы жинақталған саптан бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін бөлімше алдын ала бір адымға                                       алшақтайды, содан кейін «Бөлімше, бір қатарға – САПҚА ТҰР» командасы беріледі.Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен сол жаққа бір адым жасайды, оң аяғын қоймастан, бір адым алға жасайды және сол аяғын жерге қоя отырып, біріншілердің қатарына шығады.Егер бөлімшенің екі қатарлы сабындағы соңғы қатар толық болмаса, онда бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу кезінде соңғы қатарда тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен оң жаққа бір адым жасайды, сол аяғын жерге қоймастан, алға бір адым жасап, оң аяғын жерге қояды.

3.2 Жорықтық сап

. Бөлімшенің жорықтық сабы бір лекті немесе екі лекті болуы мүмкін.

Бөлімшені орнында бір (екі) лекті сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір (екі) лекке – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі. Бөлімше                        командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып                     қозғалыс бағытына қарап тұрады, ал бөлімше штатқа сәйкес сапқа тұрады                  (16 және 17-суреттер).

       
       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет.

Бөлімшенің жорықтық сабы –

бір лекке

4-сурет.

Бөлімшенің жорықтық сабы –

екі лекке

 

 Бөлімшені өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, оң-ҒА» командасы бойынша бөлімшенің оңға бұрылуымен жүргізіледі. Екі қатарлы саптың бұрылуы кезінде бөлімше командирі оңға жарты адым жасайды.

 Бөлімшені лектен өрістетілген сапқа қайта сапқа тұрғызу  «Бөлімше, сол-ҒА» командасы бойынша бөлімшенің солға бұрылуымен жүргізіледі. Екі лекті бөлімшенің бұрылуы кезінде бөлімшенің командирі алға жарты адым жасайды.

 Бөлімшені бір лектен екі лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, екі лекпен адым – БАС» (жүру кезінде – «АДЫМДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) жарты адыммен жүреді, екінші нөмірлер оңға шығып, адым ырғағымен лектегі өз орнына 17-суретте көрсетілгендей тұрады; бөлімше «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА» командасына дейін жарты адыммен қозғалады.

 Бөлімшені екі лектен бір лекке қайта сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «АДЫМДА») командасы бойынша орындалады.

Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) толық адыммен, ал қалғандары – жарты адыммен жүреді; орынның босауына қарай екінші нөмірлер адым ырғағымен бірінші тұрғанның ту сыртына енеді және толық адыммен қозғалысты жалғастырады.

  1. Лектің қозғалыс бағытын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі:

«Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым-ДА», бағыттаушы                               «ТУРА» командасына дейін солға (оңға) бұрылады, қалғандары оның соңынан жүреді;

«Бөлімше, менің соңымнан, адым-ДА (жүгіре – БАС)», бөлімше командирдің соңынан жүреді.

3.3 Әскери сәлемдесуді саптағы орнында

және қозғалыста орындау

 

 Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық                   10-15 адымға жақындағанда, бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ТҰР, назар ОҢҒА (СОЛҒА, ОРТАҒА)» командасын береді.

Бөлімшенің әскери қызметшілері саптық қалыпты қабылдайды, бір уақытта басын оңға (солға) бұрады және бастықты, оның соңынан басын бұра отырып, көз қиығымен шығарып салады.

Бастық саптың тыл жағынан келген кезде бөлімше командирі бөлімшені артқа бұрады, ал одан кейін әскери сәлемдесуді орындау үшін команда береді.

 Бөлімше командирі әскери сәлемдесуді орындау үшін команда беріп (егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарады; егер ол «иыққа», «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен болса, қаруы жоқ қолымен қозғалысты жалғастыра отырып, осы Жарғының              74-тармағында көрсетілгендей іс-қимыл жасайды), бастыққа саптық адыммен келеді; оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.

Мысалы: «Лейтенант мырза. Екінші бөлімше сабақ кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Бөлімше командирі сержант Әлімов».

Сәлем берілетін бастық әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілгеннен кейін қолын бас киіміне апарады.

Бөлімше командирі баяндап болғаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым артта және саптың сыртқы жағынан жүреді.

Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «Еркін тұр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

 Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа дейін 10-15 адым қалғанда бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ЖҮР, назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасын береді. «ТІК ЖҮР» командасы бойынша барлық әскери қызметші саптық адымға көшеді, ал «Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша бір уақытта бастық жаққа басын бұрады және қолдарымен немесе қару ұстамаған қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. «Иыққа» күйіндегі карабинмен қозғалыста қару ұстамаған қолмен қозғалыс жасау тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз болса немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, басын бұра отырып қолын бас киіміне апарады.

Бастықтың жанынан өткеннен кейін немесе «Еркін жүр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ЖҮР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

 Бастық сәлемдескенде немесе алғыс жариялаған кезде әскери қызметшілер көтеріңкі, анық, үйлесімді жауап береді. Қозғалыста барлық әскери қызметші сол аяқтарын жерге қоя отырып, кейінгі сөздерді әрбір адыммен айтып жауап беруді бастайды.

3.4. Взвод саптары

Өрістетілген сап

 

  1. Взводтың өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» командасы бойынша жүргізіледі.

Взвод командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады; бөлімше командирден солға қарай 5, 6-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрады. Екі қатарлы сапта әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болуы тиіс.

Бөлімшелерді сапқа тұрғызу басталғанда взвод командирі саптан шығады және бағынысындағылардың әрекетін бақылайды.

Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взвод 7-суретте көрсетілгендей екі қатарлы сапқа тұрғызылады.

 

 

 

 

 

5-сурет. Взводтың өрістетілген сабы – бір қатарлы

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет. Взводтың өрістетілген сабы – екі қатарлы

 

 

 

 

 

 

 

 

    1)

                                  2)

7-сурет. Бөлімшенің мынадай саны бар взводтың өрістетілген екі қатарлы сабы: 1) төрт адамнан; 2) үш адамнан

 

 Взводтың өрістетілген саптағы түзелуі, бұрылуы, қайта сапқа тұрғызылуы және басқа да әрекеттері бөлімше үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

 Взводты бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа немесе керісінше қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 88-90-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі. Взводтың бөлімшелерінде бірінші және екіншіге санау кезінде бөлімше командирлері санауға кірмейді.

 

3.5 Жорықтық сап

 

 Взводтың жорықтық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе бір лекті болуы мүмкін (8-9-сурет).

Взводты орнында үш (төрт) лекті сапқа тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.  Осы команда бойынша бөлімше 7-суретте көрсетілгендей жылдам сапқа тұрады.

Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взводты екі лекке жорықтық сапқа тұрғызу 9-суретте көрсетілген.

 

       
       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           1)                     2)

8-сурет. Взводтың жорықтық сабы: 1) үш лекке; 2) төрт лекке

9-сурет. Взводтың жорықтық сабы – екі лекке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 1)                    2)

10-сурет. Взводтың жорықтық сабы – бір-бірден бір лекке

11-сурет. Взводтың жорықтық сабы – бөлімшелердің мынадай санымен екі лекке: 1) төрт адамнан; 2) үш адамнан

 

 Взводты өрістетілген бір қатарлы саптан бір лекке (екі қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу взводты оңға бұрумен жүргізіледі.

 Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан бір лекке (бір қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»;                                   «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Бір (екі) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

«Адымда» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде осы Жарғының 95-тармағында көрсетілгендей бір лекке (94-тармақта көрсетілгендей екі лекке) қайта сапқа тұрғызылады; қалған бөлімшелер бір (екі) лекке біртіндеп қайта сапқа тұра отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүреді.

 Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке  қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»; «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

«Адым-ДА» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде бір лекті сапқа қайта тұрып, жарты адыммен жүреді, қалған бөлімше біріншінің сызығына сол жаққа, сондай-ақ бір лекті сапқа тұрып, белгіленген аралыққа шығады, одан кейін взвод командирі «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасын береді.

 Взводты бір лекті саптан өрістетілген бір қатарлы сапқа (екі лектен екі қатарлы сапқа) қайта сапқа тұрғызу взводты солға бұрумен жүргізіледі.

 Взводты үш (төрт) лектен екі лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, екі лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша бірінші бөлімше осы Жарғының 94-тармағында көрсетілгендей жүру кезінде екі лекті сапқа қайта тұра отырып, тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды, одан кейін біртіндеп екі лекке қайта сапқа тұра отырып, алда келе жатқан бөлімшенің ту сыртына шығады.

 Взводты үш (төрт) лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін взвод алдын ала екі лекті сапқа қайта тұрады және одан кейін – осы Жарғының 108-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.

 Взводты үш (төрт) лектен бір лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша бірінші бөлімше тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды және бөлімшенің лектен кезектесіп шығуына қарай өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша алдында келе жатқан бөлімшенің ту сыртынан жүріп, қозғалысты толық адыммен бастайды.

 Взводты бір лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша бірінші бөлімше орнында адымдайды, қалған бөлімшелер бірінші тұрғанның сызығына шығып, сондай-ақ взвод командирінің «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасына дейін орнында адымдайды.

 Взводты екі лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі. «Адым-ДА» командасы бойынша взвод осы Жарғының                             107-тармағында көрсетілгендей үш лекті сапқа қайта тұрғызылады.

 Взводты жинау үшін «Взвод – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша бөлімшелер жүгіріп взвод командирінің жанына жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрады.

 Жорықтық сапта взводтың қозғалыс бағытын ауыстыру бөлімшенің жорықтық сабы үшін көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

 

 Взводтың әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындауы осы Жарғының 97-100-тармақтарындағы бөлімшелер үшін көрсетілгендей жүргізіледі.

Взвод сержанты мен бөлімшелер командирлері сапта өз орындарында тұрады және қолын бас киіміне апармайды.

Қозғалыста команда бойынша әскери сәлемдесуді орындау үшін ән айту тоқтатылады.

3.6 . Рота саптары

Өрістетілген сап

 

 Ротаның өрістетілген сабы екі қатарлы немесе взводтық лектер сызығына (взводтар үш, төрт лекте; арнайы бөлімше екі лекте) болуы мүмкін (12, 13-суреттер).

Қажет болған кезде рота бір қатарлы сапқа тұрғызылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12-сурет. Ротаның өрістетілген сабы – екі қатарлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-сурет. Ротаның өрістетілген сабы – взводтық лектер сызығына

 Ротаны өрістетілген сапқа тұрғызу «Рота, екі қатарға – САПТАН» немесе «Рота, взводтық сызыққа үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі. Ротаны сапқа тұрғызу бірінші взвод бойынша жүргізіледі.

Рота командирі саптық қалыпты қабылдай және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады. Рота командирінің орынбасарлары рота командирінен солға қарай, белгі беруші-барабаншы (командирдің бұйрығы бойынша) орынбасарлардан солға қарай тұрады, одан әрі қарай рота сержанты және басқару тобы тұрады. Бірінші взводтың командирі «Взвод, екі қатарға (үш, төрт лекке) – САПТАН» командасын бере отырып, өз взводын басқару тобынан солға қарай сапқа тұрғызады. Қалған взводтар өз командирлерінің командасы бойынша бірінші взводтан солға қарай өз нөмірлерінің реті бойынша сапқа тұрғызылады. Бірінші взводты сапқа тұрғызу бастағанда рота командирі ротаның сабынан шығады және бағыныстылардың іс-қимылын бақылайды.

Арнайы бөлімше үшінші взводтан солға қарай сапқа тұрады.

Ротаны екі қатарлы сапқа тұрғызған кезде төрт және                                  үш адамнан бөлімшелері бар взводтар 20-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

 Өрістетілген сапта ротаны түзеу, бұру, қайта сапқа тұрғызу және басқа да іс-қимылдар бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

 

Жорықтық сап

 

 Ротаның жорықтық сабы үш (төрт) лекті немесе екі лекті болуы мүмкін (12, 13-суреттер).

Ротаны орнында үш (төрт, екі) лекке сапқа тұрғызу                                     «Рота, үш (төрт, екі) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша рота 12, 13-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады. Бұл ретте взводтар өз командирлерінің командасы бойынша үш (төрт, екі) лекке нөмірлерінің ретімен сапқа тұрғызылады; арнайы бөлімше үшінші взводтан кейін, ал басқару тобы – бірінші взвод командирінің алдында екі лекке сапқа тұрғызылады.

Ротаны жорықтық лекке сапқа тұрғызу және қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің орынбасарлары рота командирінен кейін екі адымда, олардан кейін екі адымда белгі беруші-барабаншы тұрады, рота сержанты басқару тобының алдында, рота старшинасы – арнайы бөлімшеден кейін тұрады.

 

       
       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 сурет. Ротаның жорықтық сабы –  үш лекті

15-сурет. Ротаның жорықтық сабы – екі лекті

 Ротаны взводтық лектер сызығынан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу мынадай командалар бойынша жүргізіледі: «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, менің соңымнан                                   (немесе бағыты, жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе                          «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: басқару тобы, бірінші взвод (немесе өзге жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының алдында екі адымда тұрады, ал рота сержанты басқару тобының алдында тұрады.

Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе командада аты аталған взвод қозғалысты бастайды; қалған бөлімшелер орнында адым жасайды. Басқару тобының немесе командада аты аталған взводтың қозғалуына қарай қалған бөлімшелер өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша рота командирі немесе 14, 15-суреттерде көрсетілген тәртіппен қозғалысты бастайды.

Егер қажет болса, взводтар рота командирі көрсеткендей, өз командирлерінің командасы бойынша жүру кезінде қайта сапқа тұрғызылады.

 Ротаны үш (төрт) лектен взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу «Рота, солға қарай взводтық лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе бағыттаушы взвод орнында адым жасайды, қалған взводтар бағыттаушы сызығына солға қарай шығады. Взводтар командирлерінің «ОРНЫҢДА» командасы бойынша взводтар орнында адым жасай отырып, рота командирінің «ТУРА» немесе «Рота – ТОҚТА» командасына дейін маңдайшеп бойынша және тереңдікке қарай түзеледі. «Рота – ТОҚТА» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының оқ жақ қапталына, ал рота командирінің орынбасарлары мен рота сержанты – басқару тобының оң жақ қапталына тұрады.

 Ротаны өрістетілген екі қатарлы саптан екі лекке қайта сапқа тұрғызу ротаны оңға бұрумен, ал екі лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа – солға бұрумен жүргізіледі.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

 Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық                40-50 адымға жақындағанда рота командирі «Рота, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

Осы команда бойынша барлығы саптық қалыпты қабылдайды және көрсетілген жаққа басын бұрады, ал сапта тұрған рота командирлерінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты, одан басқа қолын бас киіміне апарады.

Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, саптық адыммен бастыққа жақындайды, оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.

Мысалы: «Майор мырза. Бірінші рота сабақтар кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Рота командирі капитан Әлтаев».

Рота командирі баяндауын аяқтағаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей, бір уақытта оңға (солға) бұрылумен сол (оң) аяқпен                      шетке қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай  өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым кейін және саптың сыртқы жағынан жүреді.

Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «ЕРКІН ТҰР» командасы      бойынша рота командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.

 Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау бөлімше мен взвод үшін көрсетілгендей жүзеге асырылады. Бұл ретте рота командирінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты қолын бас киіміне апарады.

Егер бастық рота легінен озып бара жатса, әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілмейді; әскери сәлемдесуді тек взвод және                               одан жоғары бөлімшелердің командирлері, сондай-ақ рота сержанты орындайды.

 

3.7  Батальон саптары

 

Өрістетілген сап

 Батальонның өрістетілген сабы взводтық лектер сызығына, роталық лектер сызығына немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Батальонды сапқа тұрғызу батальон командирінің «Батальон, взводтық (роталық) лектер сызығына – САПТАН» немесе «Батальон, екі қатарға – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.

 Батальонды взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызу былай жүргізіледі (16-сурет): роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы взводтық лектер сызығына, взводтар үш (төрт) лекке; взводтар мен роталар арасындағы аралық – екі адым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – взводтық лектер сызығына

Батальон роталық лектер сызығына 17-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады: роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы үш (төрт) лекке; взводтар арасындағы аралық – төрт адым; роталар арасындағы аралық – екі адым.

Батальонды екі қатарлы сапқа тұрғызу тәртібі 18-суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – роталық лектер сызығына

 

 Батальонды взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызу кезінде батальонның артиллериялық бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері екі адым аралықта лектердің бас жағымен роталардан солға қарай роталар сызығына тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерге сапқа тұрғызылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – екі қатарлы

 

 Батальон командирінің орынбасарлары өрістетілген сапта батальон командирінен солға қарай екі қатарға, ал 16-18-суреттерде көрсетілмеген батальонның басқа да офицерлері мен батальон сержанты батальон басқармасының қалған құрамымен сапқа тұрғызылады.

 Өрістетілген сапта түзеу және бұрылулар жасау                  бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.

Жорықтық сап

 

 Батальонның жорықтық сабы (19-сурет) екі адым арақашықтықта бірінен кейін бірі үш (төрт) лекке сапқа тұрғызылған (алда келе жатқан ротаның соңғы қатарынан рота командиріне дейін) роталардың, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелерінің жорықтық сабынан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-сурет. Батальонның жорықтық сабы – лек

 Батальон взводтық немесе роталық лектер  сызығынан жорықтық лекке мынадай командалар бойынша қайта сапқа тұрғызылады: «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: батальон басқармасы, бірінші рота (немесе өзге жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық лекпен» командасы бойынша роталар командирлері өз роталары алдына тұрады, олардан кейін екі адымда – олардың орынбасарлары, взводтар командирлері – өз взводтары алдында екі адымда, роталар сержанттары – басқару топтары алдында  екі адымда, белгі беруші-барабаншылар роталық белгі беруші-барабаншылар үшін ережелерді орындай отырып, 16-суретте көрсетілгендей (6-қосымша) орындарда тұрады. Батальон командирінің орындалатын командасы бойынша роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері өз командирлерінің командалары бойынша (осы Жарғының 121-тармағы) біртіндеп лекке қайта сапқа тұра отырып, батальон командирі көрсеткен тәртіппен жүреді.

Батальон командирі бағыттаушы бөлімше командирінің алдында, батальон командирінен кейін екі адымда екі қатарда оның орынбасарлары мен батальон штабының бастығы қозғалады, ал олардан кейін екі адымда батальон басқармасының қалған құрамы қозғалады.

 Батальон жорықтық лектен өрістетілген сапқа батальон командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте батальонның сапқа тұру орны мен маңдайшебі, қандай рота бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.

«Батальон, солға қарай взводтық (роталық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта                             сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 29, 30-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

Батальонды өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу батальонды оңға қарай бұрумен және кейіннен: «Батальон, үш (төрт) лекке,  адым – БАС» командасын орындаумен жүзеге асырылады.

«Адымда» командасы бойынша батальон бөлімшелері осы                         Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызылады.

Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

 Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау осы Жарғының 124, 125-тармақтарында рота үшін көрсетілгендей  жүргізіледі.

Батальон лекте жүріп келе жатқан кезде әскери сәлемдесуді орындау үшін батальон командирінің командасын бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде роталардың командирлері (бағыттаушыдан басқа) біртіндеп қайталайды.

 

3.8 . Бригада (полк) саптары

 Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен, қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.

Бригаданың (полктің) өрістетілген сабында оң жақ қапталға олардың нөмірлерінің ретімен батальондар, олардан солға қарай – артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады.

Бригада (полк) басқармасы батальондардан оңға қарай сапқа тұрады. Бригада (полк) командирінің орынбасарлары басқармадан оңға қарай, ал Жауынгерлік Тумен сапқа тұрғызылған кезде – одан оңға қарай, Жауынгерлік Туды тапсырған кезде – 7-қосымшаға сәйкес тұрады. Батальондар арасындағы аралық – үш адым (20-сурет).

 

 

 

 

 

 

20-сурет. Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы – взводтық немесе

роталық лектер сызығына

 

Әскерлер тектері мен қызметтері бастықтары, оларға бағынысты офицерлер мен бригада (полк) сержанты бригада (полк) басқармасының құрамында сапқа тұрғызылады.

 Бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу үшін бригада (полк) командирі өзі немесе штаб арқылы бұйрық береді, онда: сапқа тұрғызу мақсатын, орнын, уақыты мен тәртібін; киім нысаны мен жабдықтарды; бөлімшелерде қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетеді.

 Бригаданы (полкті) жорықтық сапқа тұрғызу тікелей жорықтық лекке сияқты (21-сурет), өрістетілген саптан взводтық немесе роталық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу жолымен де жүргізілуі мүмкін.

Орнында жорықтық лекке сапқа тұрғызу кезінде батальондар, артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері лектерде бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу орнына келеді және оларға көрсетілген орындарға тұрады.

Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу командалар бойынша жүргізіледі.

Мысалы: «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі) адым – БАС» немесе «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, сапқа тұру тәртібімен (немесе өзге де жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС».

«Жорықтық лекпен» командасы бойынша батальондар командирлері саптан шығады және өз батальондарының бас жағындағы бөлімшелер командирлерінің алдында сегіз адымда, батальондар командирлерінің орынбасарлары – батальондар командирлерінен кейін екі адымда екі қатарда тұрады, роталар мен взводтар командирлері саптан шығады және осы Жарғының 132-тармағында көрсетілгендей тұрады. Батальондар командирлері қозғалу үшін біртіндеп команда береді.

Бригаданың (полктің) қозғалуы 22-суретте көрсетілген сапқа тұру тәртібімен немесе бригада (полк) командирі көрсеткен өзге де тәртіппен жүргізіледі; батальондар (дивизиондар) арасындағы арақашықтық орнында – үш адым, қозғалыста – 10 адым, ал басқа да бөлімшелер арасында – үш адым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22-сурет. Бригаданың (полктің) жорықтық сабы – лек

 Бригада (полк) жорықтық лектен өрістетілген сапқа бригада (полк) командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте бригаданың (полктің) сапқа тұрғызылу орны мен маңдайшебі, қандай батальон бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.

«Бригада (полк), солға сызыққа, батальондар, роталық (взводтық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 33-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

 Саптағы орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бригада (полк) командирі «Бригада (полк), ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

Саптағы орнында бригада (полк) командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, бастық жаққа бұрылады, оған саптық адыммен келеді және баяндайды.

Жорықтық саптағы қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу үшін бригада (полк) командирі берген команданы бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде батальондардың командирлері біртіндеп қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындагы әскери қызметішлердің міндетін, сондай-ақ үрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды

Ол әскери қызметшіге саптық тұрысты ұқыптылықты, тәртіліптілікті, бөлімше құрамында жекеленген саптық тәсілдермен үйлесімді  қимылдарды дереу және дүрыс орындауды дағдыландыруға бағытталған.  Саптық дайындық оқыту әдістемесі тақырыбы бойынша, қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

Саптық дайындық сабақ кестесінде қарастырылған оқу уақытында өткізіледі. Ол тактикалық, атыс, дене шынықтыру сабақтарында және басқа сабақтардың барлығында, сапқа тұруда, қозғалыс кезінде, күнделікті өмірде жетілдіріп, іске асырылады.

Әскери  жетекшінің жеке үлгісі, оның жоғары оқу — әдістемелік дайындығы, саптық тәсілдерді дәл орындауға арналған тұрақты талаптар – міне табысты саптық дайындық сабағының өткізу жолдары.

Бастапқы әскери дайындық»  пәні бойынша  оқып — үйрену уақытында білімгерлер мына мәселені түсінуіне ықпал етуі тиіс, яғни әскери қызметтегі табыстың негізі — әскери тәртіптілікті нығайту мен күнделікті өмірде жарғы талаптарын қатаң сақтау болып табылады.

Ішкі қызмет жарғыларды оқытудың  күрделілігінің бірі мынадан көрінеді, көптеген мұғалімдер меңгеруді жарғының өзінен және оның баптарынан көреді. Бірақ бұл мүлде дұрыс емес және қате, өйткені ішкі әскери жарғылар – бұл негізі  әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынасты әскери практиканың жалпы қорытындысы болып табылады, осыдан келіп мынадай тұжырым жасауға болады, алдымен жарғы мәтіні емес, өзара қарым-қатынас жүйесі меңгерілуі тиіс. Бұл жағдайда жарғы мәтіні меңгерілуі объектісі болып табылады.         

Сабақ өткізу үшін дұрыс орын таңдаудың да ерекше маңызы бар. Ең дұрысы, сабақты арнайы жабдықталған оқу жаттығу орындарында, мысалы, орта бойынша кезекшінің немесе қарауылдық қызмет атқарушылардың міндеттерін орындау кезінде өткізген дұрыс. Ол үшін лауазымды адамдарды алмастырудың қажетті санын, оларды ауыстыру ретін анықтауды, оқушылардың оқу нысанында көрнекі құралдарды орналастыруды  алдын ала ойластырып алған тиімді екені көрсетілген.

   Практикалық сабақтарды өткізгенде оқыту кезіндегі көрнекі құралдар үлкен рөл атқарады. Сондықтан да сабақтың тиімділігін арттыру үшін алдын ала дайындық, содан кейін қажетті сызбалар, плакаттар, суреттер, макеттер мен басқа да көрнекіліктер пайдалануға ұсынылады. Сонымен бірге диафильмдерді, диапозитивтерді, оқу кинофильмдерін (телефильмдерден)  көрсетуге болады. Бұның бәрі оқу материалын көзбен  көріп қабылдауға ықпал етеді.

          Практикалық сабақтың сапасын арттыру үшін және әр түрлі түсіндірулерге уақыт шығынын барынша азайту үшін мұғалім тапсырманы өңдеп, оны сабақ қарсаңында оқушыларға беру керек. Онда сабақ тақырыбы, оқу сұрақтары, қандай лауазымды адамдардың міндеттерін орындауға оқушылардың дайын болу керектігі, сабақта оларда қандай құралдар болу тиістігі, сондай-ақ бос уақыттарында оқитын әдебиеттері  көрсетіледі.

          Егер оқушылар алған тапсырмаларға сай болса, онда олар мұғалімнің жетекшілік етуімен дайындала бастайды.Оқу тобының барлық оқушыларды жұмыспен қамтылған болса, онда практикалық сабақтар мейлінше тиімді өтеді. Ол үшін бірнеше сабақ өткізу орындары жасалуы мүмкін. Практикалық сабақтарды оқушылар білімін тексеруден бастауға болады. Уақытты үнемдеу және оқушыларды барынша қамту мақсатында тексеруді алдын ала дайындалған жауаптарға  арналған бланкілерді пайдалана отырып жаппай сұрақ қою тәсілі арқылы өткізген дұрыс. Оқушылардың практикалық іс-әрекеті ойынның басталу жағдайын хабарлаудан және оларды белгілі бір лауазымға тағайындаудан  басталады. Оқушылардан белгілі бір дағдылар мен іскерлікті талап ететін күрделі оқу сұрағы оқытылып үйртілген кеде ол ең алдымен мүмкіндігінше баяу қарқынмен  игертіледі. Егер оқушылар  іс-әрекеттерінде айқын қателіктер байқалса, онда оларды тоқтатып, қателіктерге сәйкес ескертулер жасалынады, мұғалімнің өзі сол немесе басқа лауазымдық қызметтегі рөлдің әрекетін орындап көрсетеді.

     Алғашқы сабақтар оқушылардың практикалық іс-әрекетін көбінесе көрсетумен, қысқа түсіндірулермен қоса байланыстыра жүргізілсе, келесі сабақтарда пратикалық жұмыстар үшін оларға көбірек өз беттеріншек жұмыс істеу ұсынылған.

Әрбір оқу сұрағын өңдеудің дұрыс қорытынды шығарумен аяқтау керек. Бұл кезде оқушылардың іс-әрекетін бағалауға ерекше мұқият болған жөн. Сабақ барысында бір оқушы бірнеше ойын эпизодтарына қатысуы мүмкін, міне оның осы жалпы дағдысын дұрыс бағалау қажет екенін де көрсете білген.

 

 

 

 

 

                               Қолданылған әдебиеттер

  1. Учебное пособие «Методика разведывательной подготовки Сухопутных войск» Воен. Издат. МО.СССР. 1979 г.
  2. Учебник «Тактика   отделения,   танка,   мотострелкового   и   танкового взвода» Книга I. Воен. Издат. Москва, МО.СССР. 1985 г.
  3. Учебное пособие «Разведка в части» Москва, 1988 г.
  4. Военная топография. Воен. Издат, 1976 г.
  5. Учебное пособие «Приемы и способы действий солдата в бою». Москва, Воен. Издат. 1988 г.
  6. История военного искусства, П.А.Жилин, 1986 г.
  7. Боевой устав сухопутных войск, часть II, батальон, рота, 1982 г.
  8. -Тактика, В.Г.Резниченқо, 1984 г.
  9. Начальная военная подготовка, А.И.Аварин, 1993 г.

10.Начальная военная подготовка, Ю.А.Науменко, 1987 г.

11.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

Алматы: Заң әдебиеті, 2005 ж.

12.Назимко И.Г., Штыкало Ф.Е. Методика начального военного обучения.

1987 г., Москва.

13.Науменко Ю.А. Начальная военная подготовка., 1987 г., Москва

  1. Науменко Ю.А. Начальная военная подготовка., 1985 г., Москва
  2. Штыкало Ф.Е. Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию учащихся — М., 1985 г., Москва
  3. Средин Г.В.   Основы   военно-патриотического   воспитания,   1988   г., Москва.

17.И.Попов А.М. Начальная военная подготовка., 1981 г., Москва  18.Резниченко В.Г., Воробьев И.Н., Мирошниченко Н.Ф. и другие. Под редакцией резниченко В.Г., Тактика. Воениздат, Москва 1984 г.

19.Основы НВП – Дощаков С.Х. , Картин С.Т. – Караганда, 2003 г.

20.Основы военной психологии и педагогики – Дощаков С.Х. – Караганда, 2003 г.

21.Начальная военная подготовка – Жаксыгельдинов М.Т.- А – ты, 2001 г.

22.Начальная военная подготовка – Касымов А. Х. – А – ты, – 2000 г.

23.Наставление по военно-инженерной подготовке в ВС РК.  А-ты, 2004 г.

24.Подготовка офицеров запаса, Науменко Ю. А. — М.: 1989 г.

25.Действия солдата в различных видах боя. – А – ты,  2004 г.

26.Наставление по разведке. – М.:  1978 г.

27.Методика разведывательной подготовки подразделений сухопутных войск. – М.:  1975 г.

28.Наставление по стрелковому делу. Ручные гранаты. – А – ты, 2003 г.

29.Ручная кумулятивная граната РКГ-3.  — М.:1986 г.

30.Руководство по реактивной противотанковой гранате РПГ-18.-   М.: 1986 г.

  1. Аманжолов К.Р. и др. Начальная военная подготовка. Пробный учебник для 11 классов естественно – математического направления общеобразовательных школ с русским языком обучения. – Алматы: ЗАО Издательство «Мектеп», 2002 – 376 с.
  2. Аманжолов К.Р. и др. Начальная военная подготовка. Пробный учебник для 10 классов общественно – гуманитарного направления общеобразовательных школ с русским языком обучения. – Алматы: ЗАО Издательство «Мектеп», 2002 – 368 с.

33.Организация воспитательной работы в подразделении – Алматы,2001 г.

34.Методика огневой подготовке мотострелковых подразделений – Астана, 2002 г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саптық жарғыға

1-ҚОСЫМША

 

Сапты басқаруға арналған белгілер кестесі

 

Р/с

 

Белгі

Шартты белгілер

Қолмен

Жалаушалармен

Қолшаммен

1

2

3

4

5

1.

Назар сал (назар сал, мен сияқты жаса, жауап беру)

Оң қолды жоғары көтеру және жауап бергенге дейін ұстау керек (Назар сал белгісін қайталағанға дейін)

Оң қолмен ақ жалаушаны көтеру және жауап бергенге дейін ұстау керек (Назар сал белгісін қайталағанға дейін)

 

 

Ақ түсті қолшаммен — бірнеше нүктелер

 

 

 

 

 

2.

Командирлерді (бастықтарды) жинау

Оң қолды жоғары көтеру және оны басынан асыра айналдыру, одан кейін қолды жылдам түсіру керек

 

Сол сияқты, оң қолға қызыл және ақ жалаушалармен

 

 

 

 

Ақ түсті қолшаммен жартылай шеңбер жасай отырып, басынан асыра оңға және солға бұлғау керек

 

3.

Барлығың маған кел (сапқа тұр)

Оң қолды жоғары көтеру және оны басынан асыра үлкен амплитудамен айналдыру керек.

Сол сияқты, оң қолда ақ жалаушалармен

 

 

 

 

 

Қызыл түсті қолшаммен — бірнеше нүктелер

4.

Машиналарға

Екі қолды жоғары көтеру және орындалғанға дейін ұстау керек.

Сол сияқты, оң қолында ақ, ал сол қолда қызыл жалаушаны ұстап тұрып

 

Ақ түсті қолшаммен өз алдында иық деңгейінде оңға және солға бұлғау керек

5.

Орындарыңа

 

 

 

 

 

 

 

Екі қолды жоғары көтеру және жаны арқылы жылдам түсіру керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда қызыл жалаушаны ұстап тұрып

 

 

 

 

 

Ақ түсті қолшаммен тік жоғары және төмен бұлғау керек

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6.

От алдыр

Оң қолмен өзінің алдында айналдыру керек

Сол сияқты, оң қолында ақ жалауша ұстап тұрып

Ақ түсті қолшаммен өз алдында айналдыру керек

 

 

7.

Қозғалтқышты өшір

Түсірілген екі қолмен өзінің алдында бұлғау керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда – қызыл жалауша ұстап тұрып

 

 

 

 

Төмен ұсталған қызыл түсті қолшаммен жартылай шеңберді көрсетіп өзінің алдында бұлғау керек

 

 

8.

Адымда (алға, бұрынғы немесе жаңа бағыттарда қозғалысты жалғастыр, жол ашық)

Оң қолды жоғары көтеру, қозғалыс жаққа бұрылу және иық деңгейінде қозғалыс бағытына қолды түсіру керек

 

Сол сияқты, оң қолында ақ жалауша ұстап тұрып

 

 

 

 

Жасыл түсті қолшаммен тік және төмен бұлғау керек

 

 

 

9.

Арақашықтықты ұлғайт

Сол қолды жоғары көтеру, ал оң қолды жанына көлденең созу керек және онымен иық деңгейіне дейін төмен және жоғары бұлғау керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда қызыл жалаушы ұстап тұрып

 

 

 

 

 

 

Жасыл түсті қолшаммен сегіздікті көрсете отырып, тік жазықтыққа бұлғау керек

 

 

 

 

 

10.

Тоқта (тоқтат)

Сол қолды жоғары көтеру және орындағанға дейін қайталап, өзінің алдында жылдам түсіру керек

Сол сияқты, сол қолында қызыл жалаушамен

 

 

 

 

 

Қызыл түсті қолшаммен тік жоғары және төмен бұлғау керек

11.

Арақашықтықты азайт

 

 

 

 

 

 

 

 

Оң қолды жоғары көтеру, ал сол қолды жанына көлденең созу керек және онымен иық деңгейіне дейін төмен және жоғары бұлғау керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда қызыл жалауша ұстап тұрып

 

Қызыл түсті қолшаммен сегіздікті көрсете отырып, тік жазықтықта бұлғау керек

 

 

 

 

 

12.

Машиналар сызығына (жаяу жүру тәртібімен – бөлімшелер сызығына)

Екі қолды жанына көлденең созу және жауап бергенге дейін ұстау керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда қызыл жалауша ұстап тұрып

 

 

 

Жасыл түсті қолшаммен өзінің алдында иық деңгейінде оңға және солға бұлғау керек

 

 

13.

Тізбекке өрістеу

Өрістеу жағына бұрылу және қолдарын өзінің алдына иық деңгейіне дейін көтеру керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда қызыл жалаушаны ұстап тұрып

 

 

Жасыл түсті қолшаммен – бірнеше нүктелер

 

 

 

14.

Взводтық лектер сызығына

Екі қолды жоғары көтеру және олармен бастан асыра айқастыра бұлғау керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда қызыл жалауша ұстап тұрып

 

 

 

 

 

 

Жасыл түсті қолшаммен жартылай шеңберді көрсете отырып, бастан асыра оңға және солға бұлғау керек

 

 

15.

Роталық лектер сызығына

Екі қолды жоғары көтеру, оларды бастан асыра бір-біріне айқастыра қою және қозғалыссыз ұстау керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда қызыл жалауша ұстап тұрып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасыл түсті қолшаммен жартылай шеңберді көрсете отырып, бастан асыра оңға бұлғау керек.

Қолшамды бастапқы жағдайға қайтару жартылай сөндірілген немесе жарықты қабылдайтынға көрсетпей жауып жүргізу керек

 

 

16.

Лекке

Оң қолды жоғары көтеру және оны білекті тік ұстай отырып түсіру керек (жауап бергенге дейін қайталау керек)

Сол сияқты, оң қолда ақ жалаушамен

 

 

 

Жасыл түсті қолшамды қозғалыссыз ұстау, ал одан кейін «Алға» белгісін жауап бергенге дейін қайталау керек

 

 

17.

Барлығың артқа бұрыл

Сол қолды жанына көлденең созу, ал оң қолды жоғары көтеру және басынан асыра айналдыру керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда қызыл жалауша ұстап тұрып

 

 

 

Жасыл түсті қолшаммен өзінің алдында айналдыру керек

 

 

 

 

18.

Барлығың оңға (солға) бұрыл

Сол қолды жанына көлденең созу, ал оң қолды жоғары көтеру керек, бұрылыс жағына бұрылу және оң қолмен иық деңгейіне дейін жоғары және төмен бұлғау керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, ал сол қолда қызыл жалауша ұстап тұрып

Жасыл түсті қолшаммен жоғарыдан төмен қарай және бұрылу жағына қарай бұлғау керек

 

 

 

19.

Авария (мәжбүр болған тоқтаулар)

Оң қолды жанына көлденең созу, ал сол қолды жоғары көтеру және онымен бастан асыра оңға және солға бұлғау керек

Сол сияқты, оң қолда ақ, сол қолда қызыл жалауша ұстап тұрып.

Белгіні бергеннен кейін қызыл жалауша машинаға 45градустық бұрышпен рнатылады

       
       

 

 

 

Жасыл түсті қолшаммен иық деңгейінде өзінің алдында оңға және солға бұлғау керек

 

 

Ескертпелер:

  1. Белгілер кестесінде мыналар белгіленген:

ақ түсті жалауша                          —

ақ түсті қолшам                            —

қызыл түсті жалауша                    —

қызыл түсті қолшам                    —

жасыл түсті қолшам                    —

  1. Белгі беру жалаушасы ұзындығы 40 см сабына бекітілген көлемі 32х22 см тікбұрышты матадан тұрады.

 

 

Саптық жарғыға

2-ҚОСЫМША

 

 

Машинаны басқару үшін белгілер кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Назар сал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

От алдыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қозғалтқышты өшір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алға (маған кел)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүруді азайт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоқта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Артқа жүр

 

Ескертпе: командир машинаны басқару үшін одан кемінде 5 м жерде тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саптық жарғыға

3-ҚОСЫМША

 

_______ бригадасы (полк) _______ ротасының (батальонының)

САПТЫҚ ЖАЗБАСЫ

20___ жылғы «____» ______________

 Атауы

  және саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есепке

алу түрі

Жеке құрам

Қару

Қару-жарақ пен әскери техника

Офицерлер

Сержанттар

Сарбаздар

Барлығы

Автоматтар

Карабиндер

Оқшашарлар

Гранатаатқыштар

Тағы басқалар

ЖӘЖМ

Танктер

Автомобильдер

Тағы басқалар

Келісімшарт бойынша

Мерзімді қызмет

Келісімшарт бойынша

Мерзімді қызмет

Штат бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тізім бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сапта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоқтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рота (батальон, бригада (полк) командирі

________________________________________

(әскери атағы, қолы, тегі)

Ескертпелер:

  1. Батальонның саптық жазбасының сыртқы бетінде бірінші ротаның командирінен бастап, роталар командирлерінің әскери атағы мен тегі, ал бригаданың (полктің) саптық жазбасында одан басқа, батальондар командирлерінің әскери атағы мен тегі жазылады.
  2. Толтырылғаннан кейін саптық жазба қызмет бабында пайдалану үшін құжат ретінде сақталады және белгіленген тәртіппен жойылады.
  3. Штаттары құпия болып табылатын бөлімдер (бөлімшелер) үшін «Штат бойынша» бағаны көрсетілмейді.

 

 

Саптық жарғыға

4-ҚОСЫМША

 

 

Шартты белгілер

 

 

Аға бастық

 

 

 

 

 

Бригада командирі

 

 

 

 

 

Бригада командирінің орынбасары

 

 

 

 

 

Бригада командирінің  орынбасары – штаб бастығы

 

 

 

 

 

Бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

Бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

Бригада штабы бастығының орынбасары

(ШБАК – штаб бастығының аға көмекшісі)

 

 

 

 

 

Бригада сержанты

 

 

 

Ту ұстаушы

 

 

 

 

 

Ассистент

 

 

 

 

 

Әскери дирижер

 

 

 

 

 

Батальон командирі

 

 

 

 

 

Батальон командирінің орынбасары

 

 

 

 

 

Батальон командирінің орынбасары – штаб бастығы

 

 

 

 

 

Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

Батальон командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

Батальон командирінің тыл жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

Батальон сержанты

 

 

 

 

Рота командирі

 

 

 

 

 

Рота командирінің орынбасары

 

 

 

 

 

Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

Рота сержанты

 

 

 

 

 

Ротаның аға технигі

 

 

 

 

 

Рота старшинасы

 

 

 

 

Ротаның санитарлық нұсқаушысы

 

Взвод командирі

 

 

 

 

 

Взвод командирінің орынбасары

 

 

 

 

 

 

Взвод сержанты

 

 

 

Бөлімше командирі (МК – машина командирі,

ТК – танк командирі)

 

 

 

 

 

Көздеуші-оператор

 

 

 

 

 

Көздеуші

 

 

 

 

 

Аға атқыш

 

 

 

 

 

Мерген

 

 

 

 

 

Оқшашаршы

 

 

 

Атқыш-гранатаатқыш

 

 

 

 

 

Гранатаатқыш көмекшісі

 

 

 

 

 

Атқыш

 

 

 

 

 

Жүргізуші (МЖ – механик-жүргізуші)

 

 

 

Белгі беруші-барабаншы

 

 

 

 

 

Броньды транспортер

 

 

 

 

Жаяу әскерлер жауынгерлік машинасы

 

 

Танк

 

 

Автомобиль

 

 

Ескертпе: Командирлердің машиналары былай белгіленеді, мысалы:

 

 

                       взвод командирінің броньды транспортері

 

 

                 рота командирінің танкі

 

 

 

                    батальон командирінің броньды транспортері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саптық жарғыға

5-ҚОСЫМША

 

 

САПТЫҚ ПЛАЦТЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ

 

(Нұсқа)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – саптық алаң; 2 – Саптық жарғылардан суреттері бар стенд; 3 – айна; 4 – сызықтықты білдіретіндерге арналған орын; 5 — мінбе; 6 – сапқа тұру үшін сызық;  7 – ту салғыштар; 8 – ұрыс даласындағы қозғалу тәсілдерін пысықтауға арналған алаң; 9 – машиналар жанындағы және машиналардағы іс-әрекеттерді пысықтауға арналған алаң; 10 – темекі шегуге және аяқ киімді тазалауға арналған орын.

 

Ескертпелер:

 

  1. Әскери бөлімнің саптық плацы саптық даярлық бойынша сабақтар өткізу; саптық даярлық бойынша үздік бөлімшеге жарыс; таңертеңгі дене жаттығулары; жалпы батальондық және полктік кешкі тексерулер үшін; бөлімнен жарақталатын қарауылдарды тарату, командаларды, сондай-ақ бөлімнің тұрған жерінен босатылатын жеке құрамды; жеке құрамды сабаққа шығу алдында сапқа тұрғызу үшін және басқа да әскери жоралғылар үшін тағайындалған.
  2. Көлемі 8х16 саптық алаңдар плацтың бүкіл алаңы бойынша біркелкі дайындалады. Саптық алаңнан басқа плацта бөлімшелер салтанатты шерумен жүріп өту үшін жолақ бөлінеді.
  3. Оң жақ қапталдағылар жүріп өту сызығы мінбеден 5-8 м арақашықтықта жасалады, одан бір адымда бір-бірінен 10-15 м сызықтықты білдіретіндер үшін орындар белгіленеді.
  4. Плацтардағы барлық сызық ақ түсті бояумен (қорытылған әкпен) жасалады.
  5. Әрбір саптық плац жарықпен жабдықталған және радиоландырылған болуы тиіс.