«Кіші ұлы 11 айлық»: Оралдық ана үш баласымен бірге күн суықта аялдамаға түнеген
Оралда үш балалы ана күн суықта аялдамада түнеуге мәжбүр болған. Полицейлер олардың неліктен мұндай қадамға барғанын мәлімдеді, деп жазады Мой город порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оралдық ана кішкентай үш баласымен аялдамада түнеген. Ет комбинаты ауданында болған жағдайды кезекші полицейлер байқап қалады.
«Әйел адамның баратын жері болмаған. Сол себепті аялдамада қонған. Кейін олардың барлығын полиция басқармасына жеткіздік. Кейін төрт жастағы егіз балаларды балаларды қорғау орталығына, 11 айлық баланы ауруханаға жатқыздық. Оларды толығымен тексеруден өткізеді. Ал анасына жұмыс қарастырылып жатыр», — дейді полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Полицияның басылымға берген мәліметінше, балалардың анасы ішімдікке әуес емес. Ал баланың жағдайы қанағаттанарлық.