Қолдарын байлап, пышақпен қорқытқан: Алматы облысында балаларды азаптаған ер адам ұсталды
Алматы облысында балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы Ұзынағашта ер адам үйге кіріп, кішкентай балаларды азаптап, қол-аяғын байлап, пышақпен қорқытқан еді. Бір баланың көзіне зақым келген. Видео желіде тарады. Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес күдікті Түркістан облысының тумасы, бұрын-соңды “зорлау” бабымен сотталған.
Полиция департаменті өзге ақпарат қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам төрт балаға зәбір көрсетіп, ұрып-соққан еді. Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов оқиғаны жеке бақылауына алғанын айтты.