Кореяда 22 жастағы жігіт музыка тыңдағаны үшін өлім жазасына кесілді
Солтүстік Кореяда 22 жастағы жігітті оңтүстік кореялық фильмдер мен поп-музыканы көргені және таратқаны үшін көпшілік алдында өлім жазасына кесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы The Guardian сайтына сілтеп.
Солтүстік Кореядағы Оңтүстік Хванхэ провинциясының тұрғыны оңтүстік кореялық 70 ән тыңдап, үш фильм көріп, оны таратқаны үшін жазаланды.
Осылайша, ол «реакциялық идеология мен мәдениетке» тыйым салатын 2020 жылғы заңды бұзғаны анықталды.
Оңтүстік Кореяның K-pop музыкасына тыйым салу Солтүстік Корея тұрғындарын Батыс мәдениетінің ықпалынан қорғау мақсатының бір бөлігі болып табылады.
Оңтүстік Кореяның танымал мәдениетінің Солтүстік Корея қоғамына әсері, КХДР билігінің пікірінше, Ким әулетіне абсолютті адалдықты талап ететін жергілікті идеологиясына қауіп төндіруі мүмкін.