Көршілес үш елдің президенттері шай үстінде әңгіме-дүкен құрып отырған сәт желі қолданушыларын сүйсінтті (видео)

Желіде бауырлас үш елдің – Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерінің әңгімелесіп, шай ішіп отырған сәтінен видео жарияланды. Ол желіде миллиондаған қаралым жинады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеода көршілес үш ел басшылары шай үстінде әңгіме-дүкен құрып отыр.

“Өзіміз отырып…”, – делінген видео сипаттамасында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми отырысы көпті сүйсінтті. Желі қолданушылары жарияланымға жылы лебіздерін қалдыруда.

Видео бір тәулікте 5000-нан астам пікір, 2 млн-нан астам қаралым жинады.

“Үшеуі бір үйдің балаларындай болып отыр”, “Кенжесін орталарына алып алыпты”, “Қандай әдемі көрініс “, “Бауырлас халықтармен мың жасайық”, – деп пікір қалдырған желі қолданушылары.