«Қош келдіңіз»: Токио губернаторы Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды

 

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары барысында ерекше әрі  бір сәт орын алды.

Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэ мемлекет басшысын қазақ тілінде «Қош келдіңіз!» деп қарсы алды деп хабарлайды  Altyn-orda.kz

Жапония  губернаторының    жылы лебіз  танытқаны   екі ел арасындағы өзара құрмет пен сенімнің айқын көрінісі болды.

Қазақ тілінде айтылған сәлемдесу ресми кездесуге ерекше реңк беріп, дипломатиялық қатынастардың жаңа деңгейге көтерілгенін аңғартты.

Кездесу барысында тараптар мегаполистерді басқару, цифрландыру, «ақылды қала» технологиялары, жасанды интеллект пен тұрақты даму бағытындағы ынтымақтастықты талқылады. Токионың озық тәжірибесін Қазақстан қалаларында қолдану мүмкіндіктері де сөз болды.

Осыдан кейін қазақ тілінің халықаралық деңгейде қолданылуының тағы бір жарқын дәлелі болды  қоғам назарын аударды