«Қосымша табыс тапқысы келген «-Түркістанда алтын сатуға шыққан мұғалім әйел ұшты күйлі жоғалып кетті

Бұл туралы журналист тележүргізуші Гүлмира Әбықай өз инстаграм парақшасында жазды  деп хабарлайды altyn-orda.kz

Гүлсім Наржігітова 5 баланың анасы. Жары бар, көпке мақтаулы отбасы. Өзі Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Иіржар ауылында мұғалім. Бұрын ерсі қылықпен көзге түспеген, өз өмірімен өзі жүрген әйел. Соңғы айларда қосымша табыс болсын деп алтын сатуға көшкен.
31/07/23 тиіп тұрған көрші Иіржар ауылына бағасына келісіп, алтын сатуға шыққан. Соңғы рет “Елмұрат» дүкенінің жанында ұялы телефонмен байланысқа шыққан. Ары қарай өзі де, телефоны да жоқ. Содан бері әйелді күштік құрылымдардан құрылған 125 адам, арасында ҰҚК, прокуратура, әкімдік және полиция бар тік тұрып іздеуде. Бұдан бөлек тұрғындардан құралған ерікті 50 адам тағы бар.
Бүгін 9-шы күн. Із кесушілер бүкіл ауыл, үй ішін тінтіп, суды сүзіп, қамысты опырып, жер-дүниенің бәрін шарлады. Ұшқан құс, жүрген көлік тексерілуде. Ләм-мим хабар, көрдім деген жан баласы жоқ.
Сонда отбасы, ошақ қасында бейқам өмір кешіп жатқан әйел қайда кетіп қалады???
Маған Гүлсім жайлы көп адам хабарласты: сол күні 10 млнға сауда жасапты, қолында 1 сөмке алтыны болған деп жазыпты білетіндер. Көрші Иіржар ауылына кірген із бар, шыққан із жоқ🤷‍♀️
Күн артынан күн өткен сайын туыс-жақындары сары уайымға салынуда. Бес баланың кішісі 3-те, олар да анасын сағынып мамалап жүр.
Із кесу жұмыстарынан нәтиже жоқтығын көрген туыстары белгілі экстрасенс @kamransamedov89 жүгінуді ойлайды. Алайда, байланыса алмаған. 3 күн бойы Кямранмен байланысуымды өтінді. Әйелдің фотоларын жібердім. Экстрасенс Самедовтың айтқаны мынау:
Живую энергетику вижу. Живая она. Бұл әйел жоғалған жоқ, біреуден қашып өзі тығылып отыр. Скорее всего финансовая проблема, содан құтылудың жолын іздейді. Тығырыққа тірелген”
Менің сөзім емес Кямрандыкі, Кямран да құдай емес.
Ең бастысы, не болса да тірі болып, үйіне аман-есен оралса екен
***
Әдетте,
тығырыққа тірелген адамға отбасы, жақындарының “Сағындық. Не болса да кешіреміз” деген видео жолдамасы көп себеп.
Бірақ, Гүлсімнің төркіні де, қайын жұрты да видео жіберуге қарсы болды.
***
Туыстарынан бөлек млн. оқырмандарым әйелдің жайын сұрап жатыр. Ең бастысы, 5 баласына аман оралуына тілекшіміз-деп жазды журналист -з парақшасында 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)