Қуат Хамитов пен өзбек спортшысы арасындағы жекпе-жек мерізімен бұрын аяқталды
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Mergen Fighting Championship 4 турнирінде өнер көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Турнир Атырау қаласында өтті.
«Найман» лақап атымен танылған отандық спортшы Өзбекстан өкілі Бобур Абдулазизовпен жекпе-жек өткізді. Кездесу үш раундқа жоспарлаған еді. Алайда Қуат Хамитов екінші раунда қарсыласын «тұншықтыру әдісімен» ұтты. Осылайша, отандық файтер кәсіби мансабында жиырма бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Бобур Абдулазизов оныншы рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр. Айта кетейік, Қуат Хамитов бастапқыда Акоп Степанянмен (27-12) айқасу керек болатын. Бірақ ресейлік файтер белгілі себептерге байланысты Қазақстанға келе алмады.