«Құдай мені директордан құтқар» 5-сынып оқушысы мектеп директорынан таяқ жеп, қоштасу хатын жазды
Қызылорда облысы Жаңадария ауылындағы №203 мектеп директоры оқушыларды сабап, мұғалімдерді құлша қара жұмысқа салған. Өзі оқу ордасындағы темірге дейін өткізіп,тонумен айналысқан.
Бұл туралы «КҮН.КЗ» тілшісі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Оқушының ата- анасы ұлының қоштасу хатын тауып алған. Онда бала «Құдай, мені директордан құтқар» деген. Анасына «Мені басқа мектепке ауыстыршы, әйтпесе өмір сүргім келмейді» деген бала.
Баланың әкесі бұл мәселе шу болып көтерілген сәтте директор келіп, өздеріне үш миллион теңге ұсынғанын айтты. Ақшаны беріп, өзіне кешірім беріп, шуды тоқтатуға тырысыпты.
Тағы бір мұғалім директордың ұстаздарды қара жұмысқа салатынын айтқан.
«Кафель дегенді өмірімізде жасап көрген емеспіз. Бұны жасай алмаймыз десек, «ютубтан көріп үйреніңдер, ізденіңдер» дейді»,- деп жылап жіберді.
Баланың әпкесі болса директор мектепті тонап, теміріне дейін өз Газелімен келіп, артып кеткенін айтады.
«Міне видеода газель толы темір. Бұл директордың машинасы. Қайда апарып өткізгеніне дейін дәлелденді»,-дейді әйел.