«Құдаша» халық әні — Қытайда да трендке айналды

«Құдаша» халық әні — Қытайда да трендке айналды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі орта мектептер мен колледждердегі оқушылардың, жоғары оқу студенттерінің біздің Музыкалық жас көрермен театры артистерінің орындауындағы «Құдаша» әнін – мерекелік кештерде сахналық композиция, флешмоб жасап жатқанын көріп сүйсінсек, бүгін Қытай Халық Республикасының мектеп оқушылары мен студенттерінің арасында да трендке айналған видеолары тарады.

Айта кетейік, «Гауһартас» музыкалық драмасындағы орындалатын әндер – премьера болған күннен бастап көрермен жүрегінің төрінен орын алды.

Әсіресе, халық әні “Құдаша” – айналасы 2-3 аптаның ішінде инстаграм, Tik-Tok секілді әлеуметтік желілерде миллиондаған тыңдарманның назарына түсіп, актуальды туындыға айналып шыға келді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADYRNA.KZ – Жаңалықтар (@adyrna.kz)