«Құны — 1 млн теңге»: жақында ұлды болған Өмірқұл Айниязовқа інісі ерекше сый тарту етті

2024 жылдың алғашқы күнінде ұлды болған Өмірқұл Айниязов жақындарының құттықтауын қабылдауда. Атұстары дүниеге келген әншіге інісі құны 1 млн теңге тұратын сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өмірқұл Айниязовтың аса бағалы сыйлық алғаны жайлы Instagram парақшасынан белгілі болды. Өнер иесі інісімен кездескен сәтінен арнайы видео жариялап, көпшілікке қымбат сыйлығын көрсетті. Әншінің інісі оны ұлды болуымен құттықтап, алтын және күміспен қапталған қамшы сыйға тарту еткен. «Өмірге атұстар келіп жатыр екен. Қазақта қамшының орны әрқашан бөлек. Бұл биліктің, күштің, рухтың символы. Соған орай алтын қамшымызды сізге ұсынсақ деп отырмыз. Ұлыңыз болашақта алты алаштың басын қосатын азамат болсын деген ниетпен сыйлап жатырмыз. Алтынмен, күміспен қапталған.

Өрімдеріндегі оюлар қолмен жасалған», — деді әншінің Біләл есімді інісі. Желі қолданушылары әншіден қамшының бағасын сұрап білмек болды. Өнер иесі көп күттірмей, оның құны 1 млн теңге екенін ашық айтты.

kaz.nur.kz