«Құны – 2 миллион теңге»: Айнұр Тұрсынбаева туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті
Айтыс саласының дүлдүлі, ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева туған күнін тойлап, жақындарының басын қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі 44 жасқа толып жатса да, туған күн тойлауды онша ұнатпайтынын жасырмады.
“Барлық ыстық ықыласқа, жылы лебізіңізге көп рақмет. Негізі туған күнді шулатып тойлатқанды жақсы көрмеймін. Түнгі 12.00-де Қайша Керей «Қазақстаннан сіз үшін арнайы келдік» деп Сartier сыйлап, қуантып қойды… «Жеген ас кешке жетпес, ықылас естен кетпес деген осы… Барлық гүл жіберіп жатқан алтындарыма Алла разы болсын!” – деп жазды айтыскер ақын.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Біз Айнұр әпкенің туған күніне сыйлық алуға шықтық. Таңдауымыз Сartier брендіне түсіп тұр. Құны 2 миллион тұратын білезік пен жүзік сыйламақпыз. Бізді қиын сәтте қолдап, көмек берген адам. Барлық бақытты тілеймін асыл әпке! Ағаммен осылай махаббатқа шомылып, бір жастықта қартайып, бала-шағаның қызығын бірге көріп, халықтың ықласына бөлене беріңіз”, – деп жазды бизнесвумен Қайша Керей.
Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаева күйеуінің тосынсыйын көрсетіп, “Мұндай сыйлық алған тарихтағы жалғыз әйелмін» деп әзілдеген еді.