«Құны 2 миллион теңге»: Айжұлдыз Адайбекова анасына бағалы сыйлық тарту етті (видео)

Отандық танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова анасы Жанар Айжанованы ерекше қуантты. Өнер иесі жұлдызды анасына қымбат брендтен сыйлық алып берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова анасын қуантқан сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбадан блогер арудың сауда орталығында сыйлық таңдап, артынан оны Жанар Айжановаға сыйлағанын көруге болады. «Адамның өміріне 2 періште беріледі екен. Ол — мама және папа. Ережеп айын жақсы істен бастауды жөн көрдім. Ата- анаңды қуанту үшін саған мейрам да, туған күн немесе ерекше уақыт керек емес. Сенің ең қадірлі қолыңда тұрған дүниең — уақыт. Сыйлықтың түрі маңызды емес. Уақыт өткізу, тамақ дайындап беру, гүл сыйлау, жәй ғана сөзбен махаббатыңды жеткізу, материалдық дүние алып беру. Бәрі де жақсы. Жақсылық жасауды ұмытпаңыз. Мам, мен сізді жақсы көремін», — деп жазды видео астында Адайбекова. Айта кетейік, желідегі ақпаратқа сәйкес Айжұлдыз Адайбеованың сыйлаған бренд сөмкенің бағасы 2 миллион теңгенің шамасында екен

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Julie) (@aizhuldyz_adaibekova)

kaz.nur.kz