Курстық жұмыс: «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………….3

 

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ……………………………………………………………………..6

   1.1 Нарық жағдайында өнім сапасы ұғымы, экономикалық мәні……………….6

   1.2 Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері……….9

   1.3 Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар……………………………………………10

 

2  «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ.

  2.1  «Баян-сұлу» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау………………………14

  2.2 «Баян- Сұлу» АҚ –ның бәсекелік қабілеттілігін және өнімнің сапалық қасиеттерін  бағалау…………………………………………………………………………………20

 

3 ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ……………………….31

  3.1  Халықаралық ИСО стандарттарын енгізу…………………………………………31

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………….36

Пайдаланылған әдебиеттер көздері……………………………………….38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың  өзектілігі: Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Қазақстанның   әлемдік нарыққа  қосылуы Бүкіләлемдік  Сауда  Ұйымына  мүше  болуға  ұмтылуы сапа  мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Сонымен қатар  бәсекеге  қабілетті  өным шығару үшін де сапаға үлкен мән беру қажет. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық даму жолына бет алған кезде сол сияқты әлемнің дамыған елу елдің қатарына қосылу міндеті анықталған уақытта отандық тауар өндірушілер өз өнімдерінің сапалық қасиеттеріне мән беруі тиіс.

Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында мынандай  мәселе көтерген   болатын: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық  үрдістерге сәйкес дамып келе  жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі  жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да  болса өзіне  лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел  болуын қалаймыз.

Біз қатаң бәсекеге  әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз  керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға  белсене қатыса  алады, қатысуға  тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің  қолайлы  экономикалық-географиялық жағдайымызға және  қолымыздағы  ресурстарымызға сүйенеді.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы  заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді  ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына  тікелей  қолдау  көрсетуге  міндетті».

Негізінен алғанда сапа тауарды нарықта  жылжытудың бірден-бір құралы болып табылады. Сол себептен ел экономикасы тұрақты және тиімді даму үшін сапаға, оның көрсеткіштерінің ілгері жылжуына көп көңіл бөлінуі тиіс.

Жұмыстың мақсаты- нарық жағдайында кәсіпорындағы өнімнің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру болып табылады.  Осы қойылған мақсатқа орай жұмыстың келесі міндеттері анықталды:

  • нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелерін қарастыру, сапа ұғымына анықтама беру;
  • «Баян-сұлу» АҚ мысалы негізінде өнімнің сапасына талдау жасау;
  • Өнім сапасын басқаруды жетілдіру бағыттары мен жолдарын қарастыру.

Жұмыстың зерттеу нысанасы —  ҚР Қостанай  қаласында орналасқан  кондитер өнімдерін шығаратын «Баян-сұлу» АҚ.

Негізгі  дерек  көздер: жұмыстың негізгі  дерек көздері ретінде бүгінгі  таңға дейін кәспорындағы өнім сапасын басқарудағы шетелдік, отандық  ғалымдардың ойлары және еңбектері, кәсіпорын құжаттары, оқулықтар,  газет-журналдар, басқа  да  мәліметтік  ақпараттар алынды.

Жұмыстың  құрылымы:  берілген  курстық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер  тізімінен  және  қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың бірінші тарауында нарық жағдайындағы өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелерін қарастырылды. Бұл тарауда өнім сапасына анықтамасын беріліп, оның көрсеткіштеріне талдау жасалды. Сонымен қатар өнім сапасына әсер ететін факторларға талдау жасалды.

Екінші тарауда «Баян-сұлу» АҚ мысалы негізінде кәсіпорындағы өнімнің  сапасына талдау жасалды. Бұл тарауда басты назар кәсіпорында өндірілетін өнім сапасын басқару әдістеріне аударылып, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне талдау жасалды.

Үшінші тарауда  өнеркәсіптік кәсіпорынның шығаратын өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Мәселен, шетелдік тәжирибеде кең қолданылып келе жатқан ИСО-9003 — өнімді бақылау және тексеру, ИСО-9004  сапаны және  сапа жүйесін жалпы басқару,  және  т.б. стандарттарын енгізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Нарық жағдайында өнім сапасы ұғымы, экономикалық мәні

Ғылыми және арнайы әдебиеттерде өнім сапасына берген анықтамалардың түр-түрлерін кездестіруге болады. Дегенмен де әбден қалыптасып, құлаққа үйреншікті стандартты анықтама  да баршылық. Өнім сапасы – бұл тауардың тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру  қабілетімен шартталатын қасиеттер жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       
   
     
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Кәсіпорындағы «сапа ілмегі»

 

             Сапа саласындағы белгілі американдық ғалым А.Фейгенбаум өзінің «Сапа билігін басқару»  атты еңбегінде өнім немесе бұйым сапасы ретінде келесі түсінік  береді: «өнім немесе қызмет көрсету  сапасын өнімнің немесе қызмет көрсетудің техникалық, технологиялық және тұтынушылық сипаттамаларының ортақ жиынтығы деп тануға болады…»

          Сонымен қатар, автордың дәл атап кеткені, өнім сапасы инженермен емес, тіпті жалпы басқару әдістерімен де  емес, тұтынушымен анықталады.

          Басқаша айтсақ, сапаның негізін өнімді немесе қызмет көрсетуді пайдаланудағы ұтынушының  тәжірибесі жатыр.

          Қазіргі кездегі өндірістің өнім сапасын қамтамасыз етудің өзектілігі келесідей негізгі себептерге байланысты:

  1. сапа- ірі сатып алушылар үшін басты критериі. Өнімнің бағасы жоғары болғаннан тапсырысты жоғалту, өнімнің сапасы төмен болғаннан жақсырақ.
  2. жалпылама сапа. Бәсекеге қарсы тұру үшін, кәсіпорын көптеген жеке шараларды жүзеге асырады. Сапа және сапаны басқару жүйесі кешенді шараларды ұсынады. Өндірістік процестің барлық сатыларын қамтиды- өнім саясаты, жоспарлау, маркетинг,өткізу ұжым, инновация және технология, кәсіпорын нарықта тиімді жұмыс жасауы үшін.
  3. сапа- шығындарды төмендетудің басты құралы. Кейіннен қатені жөндегенше, бірден дұрыс жасаған арзанырақ болып табылады.
  4. сапа – фирманың нарықта нық тұруын қамтамасыз етеді. Ашық және либералды нарық жағдайында тауар және қызмет көрсету бірін-бірі ауыстыра алады. Өнім сапа деңгейі маңызды болып келеді.

      Көптеген отандық зерттеушілер сапаны ғылыми-техникалық ілгері дамудың айнасы деп те  атайды.  Өнім сапасын – бұл кәсіпорын қызметінің  айнасы. Сапаға қарап қолданған техникалық, технология және  басқару  деңгейі анықталады.

          Сонымен қатар, өнім сапасы тек техникалық категория болып қана  қоймай, аса маңызды экономикалық категория болып та  танылады. Экономикалық категория ретінде ол тұтынушылық құнмен тығыз байланысты. Егер де  тұтыныушылық құн  тауардың негізгі пайдалылығы болса, онда өнім сапасы  өнімді пайдаланудағы нақты жағдайдағы тұтынушылық құнның көріну деңгейі болып табылады.

         Өнім сапасы тұтынушылық құнның бір немесе бірнеше қасиеттерін сипаттайды. Сонымен қатар өнім сапасы экономикалық категория ретінде  міндетті түрде кәсіпорын қызметінің өзіндік құн, баға, рентабельділік, пайда және  т.б. сияқты экономикалық көрсеткіштерін қалыптастырады.

          Өнім сапасын арттыру маңызын макро- және  микродеңгейлерде қарастыру керек. Макродеңгейдегі өнім сапасын жоғарылату келесі мүмкіндіктерді  береді:

  • Тауар мен қызмет көрсетулердің экспортын өсіру;
  • Экспорт құрылымын жақсарту;
  • ҒТП іс жүзіндегі дамуын жылдамдату;
  • Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру;
  • Халық игілігін көтеру;
  • мемлекет беделін көтеру және т.б.

Қарап отырсақ, өнім сапасымен көптеген мәселелер тығыз байланысты  болып келеді. Сонымен  қатар өнім сапасы кәсіпорынның кез келген меншік түріндегі басты  және  маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қазіргі нарық жағдайындағы кәсіпорындар  үшін сапалы  өнім шығару әлдақайда  маңызды  болып  келеді. Бұл ең  алдымен кәсіпорын беделі мен имиджін қалыптастыруға қажет. Жоғары деңгейлі имидж — бұл  танымалдық, сатып алушылардың фирмаға, оның өнімдеріне, жарнамасына деген тұрақты және  оң қатынасы. Нарық және бәсеке жағдайында фирма сұранысқа ие  сапалы  тауар өндірсе, оның болашағы зор  болмақ.

Сонымен, кәсіпорынның өнім сапасы мәселесінің шешілілуі – бұл жоғары  деңгейлі имидж, сыртқы және ішкі нарыққа шығу,  неғұрлым пайда алу, кәсіпорынның тұрақтылығы.

 

1.2. Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері

 

Өнімнің сапа деңгейі оның көрсеткіштер жүйесінің негізінде анықталады. Ол деңгейді анықтау үшін әр көрсеткіштің сандық мағынасын біліп, салыстыруға негіз ретінде  алынған өнім көрсеткіштерімен салыстыру керек. Өнім сапасының көрсеткіштері ретінде оның сандық мазмұнын  табу танылады. Ол үшін іс жүзінде  өнім ерекшеліктеріне байланысты бірнеше  әдістер қолданылады:

  • өлшеу әдісі (құралдар мен жабдықтар көмегімен);
  • тіркеу әдісі, ол тіркеу мен санаққа негізделеді (белгілі оқиғалар, заттар). Тіркеу әдісі арқылы патенттік-құқықтық, стандарттау, унификациялау сияқты көрсеткіштер анықталады.
  • есептеу әдісі өнім сапасын анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді пайдалануға негізделеді;
  • органолептикалық әдіс адамның сезу, тану мүшелерінің талдауын қарастырады;
  • әлеуметтік әдіс өнім туралы тұтынушылардың көзқарастарының талдауының негізінде жүргізіледі;
  • эксперттік әдіс мамандар (дизайнерлер, дегустаторлар және т.б.) тобымен іске асырылады.
 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Өнім сапасын талдау әдістері

 Cонымен, осы әдістерді сызба түрінде беретін болсақ, ол жоғарыдай болып келеді.

Сонымен қатар, іс жүзінде  өнім сапасын бағалау үшін өнім сапасынның жеке және жалпылаушыларын қамтитын көрсеткіштер қолданылады. Сапаның жалпылаушы көрсеткіштері өнім сапасын бір кәсіпорын бойы тұтастай сипаттайды. Оларға сорттылық, марка, класс, пайдалы заттың болуы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнім үлесі және  т.б.

          Жеке көрсеткіштер түрлі болып келеді де,  олар өнімнің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты болады. Оларды  үлкен екі топқа жинақтауға болады: жеке еңбек құралдарының көрсеткіштері және жеке еңбек қаражат құралдары.

 

1.3. Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар

 

Кез- келген кәсіпорында өнім сапасына түрлі факторлар ықпал  тигізеді. Сонымен қатар олар дәстүрлі түрде ішкі және сыртқы факторлар болып бөлінеді. Факторлардың атаулы екі түрін де  кесте арқылы  беретін  болсақ, ол  мынандай болып келеді:

 

Кесте – 1.  Өнім сапасына әсер  ететін  факторлар

Факторлар

 

Ішкі

Сыртқы

 

Ішкі факторларға кәсіпорынның тиесілі сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты  факторлар жатады. Олар түрлі болып келеді.

Сыртқы факторлар нарық қатынасы кезінде  өнім сапасын қамтамасыз етуде үлкен әсерін тигізеді. Бұлардың қатары көптеген түрлермен толығып отырады.

1

Техникалық.  Өнім сапасына тікелей әсер етеді. Сол себептен,  жаңа техника мен технологияларды енгізу, жаңа материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану  бәсекеге қабілетті өнім шығарудың негізі болып табылады.

Нарық және  тұтынушылар талаптары.

2

Ұйымдастырушылық.  Еңбек және  өндірісті ұйымдастырумен,  өнім сапасына деген тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары болуы,  қызметкерлердің  сәйкес келген біліктілігімен,  сапаны басқару мен  оны сертификаттау және  т.б. ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз байланысты  болып келеді.

Бәсекелестік.

3

Экономикалық.  Өнім шығару мен оны іске асыру шығындарымен,  өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету шығындарымен,  баға жасау саясаты және жоғары сапалы өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін  қызмемткерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартталады.

Өнім сапасы саласындағы  нормативті құжаттар.

4

Әлеуметік-психологиялық. Ұжымдағы сау әлеуметтік-психологиялық хал-ахуалдың  болуына, ыңғайлы жұмыс орынына, қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуына ықпал етеді.

Кәсіпорын имиджі.

 

Берілген кестедегі ішкі факторларға тоқталсақ,  кәсіпорын өндірісіндегі кейбір мәселлерді шешкен кезде қай фактордың басым екенін анықтау  қиынға түседі, себебі олар бірін- бірі толықтырып отырады да, өнімнің сапасының жоғары  деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Ал сыртқы факторлар жалпы өндірістің дамуына  әсер етеді. Мысалы  бәсекелестік факторын алатын болсақ, ол атап кеткен техникалық фактордың іске қослыуын қамтамасыз етеді, яғни жаңа технологияларды, жаңа құрал-жабдықтарды, жаңа материалдарды қолдану мен енгізуді талап етеді, соған дәнекер де болады. Бәсекелестік экономикалық тұрғыдан екі кәсіпорын арасындағы бақталастықты білдіреді. Сол себептен барлық ыңғайлылықтарды ескеріп, шешім қабылдауға жағдай жасайды. Бәсекелестіктің түрлері  көп. Олар сала аралық және  ішкі салалық болып бөлінеді. Іске асырылуы бойынша бағалық және бағалық емес болып бөлінеді.

Сонымен қатар өнімнің сапасына  ықпал етуші факторлардың  бірі  болып стандарттау танылады. Бұл да дүние жүзіндегі ҒТП  жылдамдатушылардың бірі болып табылады. Сыртқы факторлардың құрамына кіретін нормативті құжат стандарт деп аталады. Стандарт  стандарттау нысанасының ерекшеліктеріне және оған қойылатын талаптарына байланысты келесідей болып келеді:

  • негізгі стандарттар;
  • өнім мен қызмет көрсету стандарттары;
  • үрдіс стандарттары;
  • бақылау әдістерінің стандарттары.

Стандарттаудың жайылу көлеміне  қарай  олар келесілерге бөлінеді:

  • ұлттық. Бір елдің стандарттау бойынша ұлттық органымен қабылданған стандарт.
  • Аймақтық. Стандарттау бойынша халықаралық аймақтық органмен қабылданған стандарт.
  • Мемлекетаралық. Стандарттау, метрология және сертификация саласында ортақ келісімге келген мемлекеттер арасында қабылданған  стандарт.
  • Халықаралық. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйыммен (ИСО) қабылданған стандарт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

 

2.1. «Баян-сұлу» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау

«Баян-сұлу» АҚ Қазақстан Республикасындағы кондитерлік өнім шығаратын ірі кәсіпорындардың  бірі. Фабрика 1974 жылы құрылып, содан бері өнімдерімен тұтынушыларды қуантып келеді. Атаулы кәсіпорын  өзгеріп келе жатқан тенденциялармен қатар аттап, өзінің ұстанымдарын нығайтып келеді.

Атаулы  фабрика  өнімдерінің ассортименті де  баршылық.  Олар жоғары сапа талаптарына жауап береді. «Баян-сұлу» АҚ  жоғары іскерлік беделіне  ірі отандық және шетелдік компаниялармен жасаған келісім-шарттары мен әріптестігі кепіл бола алады. Атаулы фабрика Ресей, Украина, Белорусь, Германия, Польша, Нидерланд, Дания, Финляндия және т.б. мемлекеттерінің кәсіпорындарымен іскерлік қатынаста. Олардан өндірілген өінім ассортименті мен өнім сапасын арттыру мақсатында түрлі  қондырғылар мен құралдарды сатып алады.

Сонымен қатар аталған кәсіпорын құрылуынан бастап бүгінгі таңға дейін түрлі технологияларды  енгізе отырып, қызмет атқарып келеді.

 

2-кесте  «Баян-сұлу» АҚ-ның қызметтік өмірбаяны

Жылдары

Атқарған қызметі

1

1974

Кәсіпорын  құрылды

2

1975

Бисквит өндіру цехы іске қосылды, какао өнімдерін қайта өңдеу бойынша құрылғылардың іске қосылды, шоколад өнімдерін өндіру цехтары жұмыс істей бастады.

3

1977-1980

Өнімнің жаңа түрлерін шығару мен ассортименттің кеңейтілу жобалары іске асырыла бастады.

4

1981

Басшылықтың ауысуына байланысты (Кисилев А.П.) кәсіпорын жаңа бағытта өнім шығаруға бет алды (жылына 30мың тонна өнім).

5

1993

Қостанай кондитерлік фабрикасы «Баян-сұлу» ашық акционерлік қоғамға айналды.

6

1996

Кәсіпорындағы барлық  қызмет түрлері  компьютерлік  техникамен жабдықталып, өндірісті жергілікті  басқару жүйесі  енгізілді.

7

1996-1997

Орамасы бар өнім шығаруға арналған жаңа құрылғы «EDALE E250S»және “EDALE E510i” (Ұлыбритания).

8

1998-1999

Жаңа технология талаптарына жауап беретін құрылғылар іске қосылды (карамель өндіру құрылғылары, орама машиналары; Италия).

9

2003

Балы бар және  балсыз шоколад   өндіру технологиясы (Түркия).

 

«Баян-сұлу» компаниясының ресми дилері ЖШС «Интер Фуд Трейд» компаниясы болып табылады. Өндірілген өнім міндетті түрде кәсіпорынның негізін құрайды, сол себептен, оның қаржылық жағдайын талдауға тоқталайық.

«Баян-сұлу» АҚ-ның қаржы–экономикалық жағдайын талдау оның объективті бағасын ғана беріп қоймай, сонымен қоса экономикалық потенциалды тиімді қолдану жолдарын анықтап, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

          Тұтынушы нарығының циклді дамуы мен құбылмалылығына байланысты, шығарылған өнім түрлеріне сәйкес нарық конъюнктурасын жүйелі түрде бақылау қажеттілігі туындап отыр. Бұл шығарылған өнім көлемін басқарудың тиімді саясатын қалыптастыру мен кәсіпорынның даму мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет.  

          Талдау жүргізу екі негізгі мақсатты көздейді:

— «Баян-сұлу» АҚ-ның мүлкінің көлемі, құрылымы мен құрамы және оның міндеттемелерінің мөлшері мен жағдайы туралы түсініктеме беру;

— экономикалық тиімділік, төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық сияқты көрсеткіштірді «Баян-сұлу» АҚ үшін тауып, осы көрсеткіштердің даму тенденцияларын анықтау.

 

3- кесте «Баян Сұлу» АҚ қызметінің технико- экономикалық көрсеткіштерін талдау.

 

Көрсеткіштер

өлщем бірлігі

2004

2005

ауытқулар

 +-

%

1

Өткізілген өнімнен тскен табыс

мың. теңге

2550777,0

4039594,0

1488817,0

158,4

2

өткізілген өнімнің өзіндік құны.

мың. теңге

1984626,0

3257934,0

1273308,0

164,2

3

Жалпы табыс

мың. теңге

566151,0

781660,0

215509,0

138,1

4

Кезен шығыны

мың. теңге

289449,0

473363,0

183914,0

163,5

5

негізгі қызметтен түскен табыс

мың. теңге

276702,0

308297,0

31595,0

111,4

6

негізгі емес қызметтен түскен табыс

мың. теңге

50257,0

9795,0

-40462,0

19,5

7

салық салғанға дейінгі табыс

мың. теңге

326958,0

318092,0

-8866,0

97,3

8

таза табыс

мың. теңге

200641,0

199582,0

-1059,0

99,5

9

1 тг шаққандағы шығын

 теңге

0,89

0,92

0.03

103,61

10

өнім рентабелділігі

%

8,8

5,3

-3,5

11

сату рентабелділігі

%

7,9

4,9

-2,9

12

Жұмыскерлер саны

адам

432,0

450,0

18,0

104,2

13

Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі

мың. теңге

5904,6

8976,9

3072,3

152,0

14

Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры

мың. теңге

223065,0

230032,0

6967,0

103,1

15

бір жұмысшылардың айлық еңбек ақысы

теңге

43029,5

42598,5

-431,0

99,0

16

негізгі қорлардың орташа жылдық құны.

мың. теңге

716448,0

1035276,0

318828,0

144,5

17

қор қайтарымдылығы

 теңге

3,6

3,9

0,3

109,6

18

қор сыиымдылығы

 теңге

0,28

0,26

-0.02

92,9

19

қормен қарулану

мың. теңге

1658,4

2300,6

642,2

138,7

 

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз болса, оған қандай іс шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды жою. Осы бөлімде  1- кестеде көрсетілген негізгі көрсеткіштерді талдап, оның өсуі мен төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.

2 кестені қарастыратын балсақ 2 жыл бойынша мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз. Енді сол өзгерістердің себебін анықтап талдап шығуға тырысайын.

1) Өнімді өткізуден түскен табыс 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанды 1488817,0 мың тенгеге өсіп тұр, ол 158,4% құрайды. Оның себебі өнім көлемінің өсуі немесе еңбек өнімділігінің өсуі әсер етуі мүмкін.

2) Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1273308,0 мың теңгеге өсіп отыр, ол 164% құрайды, оның себебі шикі зат пен материалдардың бағасының өсуі, кәсіпорында жаңа технологияларды пайдаланбауы және өндіріс рентабельділігінің өсуі әсер етуі мүмкін.

3) Жалпы табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 215509,0 мың теңгеге өсіп отыр, ол 138,1% құрайды. Жалпы табыстың төмендеуінің негізгі себептерінің бірі өнімді шығаруға кеткен шығындардың өсуі болуы мүмкін.

4) Кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2005 жылымен 2004 жылды салыстырғанда 183914,0 мың теңгеге өсіп отыр және 163,5% құрайды. Оның  себебі 2005 жылы әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындардың жоғарылауы мүмкін.

5) Негізгі қызметтен түскен табыс 2005 жылымен 2004 жылды салыстырғанда 31595,0 мың теңгеге өсіп – 111,4% құрайды. Ол негізгі емес қызметтен түскен табыстың төмендеуі және өткізілген өнімнің өзіндік құнның төмендеуі әсер етуі мүмкін.

6) Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -40462,0 мың теңгеге кеміп, 19,5% құрайды.

7) Салық салғанға дейінгі табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда -8866,0 мың тенгеге төмендеп, 97,3% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуі, жалпы табыстың төмендеуі болуы мүмкін.

8) Таза табыс 2005 жылмен салыстырғанда 2004 жылы -1059,0 мың теңгеге төмендеп, 99,5% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуімен және жалпы табыстың төмендеуі және салық салғанға дейінгі табыстың төмендеуі әсер етуі мүмкін.

9) Бір теңгеден түскен табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 0,03-ге өсіп тұр.

Рентабельділік кәсіпорын табысының қалыптасуының сипаттайтын басты көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан да олар қаржылық жағдайына баға беруде және салыстырмалы анализ жасауда міндетті түрде есептеледі. Кәсіпорынға анализ жасау барысында рентабельділік көрсеткіштері инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың инструменті ретінде қолданылады.

10) Қарастырып отырған кәсіпрынның өнім рентабелділігі 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -3,5%-ға төмендеп отыр. Оның себебі жалпы табыстың төмендеуі және өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

11) Стау рентабельділігі 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда -2,9%-ға төмендеп отыр. Оның себебі өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

12) Жұмыскерлер саны 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 18 адамға көбейді, ол 104,2% құрайды. Оның себебі өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі.

13) Бір жұмысшының еңбек өнімділігі 2005 жылмен 2004 жылды  салыстырғанда 3072,3 мың теңгеге өсті және ол 152% құрайды. Оның  себебі еңбек ақының өсуі болуы мүмкін.

14) Жалпы жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 6967,0 мың теңгеге өсіп, 103,1% құрайды. Ол өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуімен және еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты болуы мүмкін.

15) Бір жұмысекрдің орташа айлық еңбек ақысы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -431,0 теңгеге кеміп, 99,0% құрайды.

16) Негізгі қорлардың орташа жылдық құны 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 318828,0 мың теңгеге өсіп, 144,5% құрайды. Ол қор қайтарымдылығының өсуімен байланысты.

Негізгі капиталдық пайдалану деңгейі бір жағынан фондтар құрылымын қалыптастыруда кәсіпорының прогресивті технологиялық саясат болса, екінші жағынан өнімді шығару барысында өндірісті ұйымдастыру мен технология. Негізгі капиталды пайдалануды бағалайтын бірнеше көрсеткіштер бар. Олардың  арасындағы ең негізгі көрсеткіштер болып қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы саналады.

17) Қор қайтарымдылығы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 0,3 теңгеге өсіп, 109,6% құрайды. Оның себебі технология мен өндірісті ұйымдастыру болып табылады.

18) Қор қайтарымдылығы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -0,02 теңгеге өсіп, 92,9 құрайды. Оған әсер  еткен 2005 жылы жалпы табыстың төмендеуі және өнім мен сату рентабельділігінің азаюы әсер етуі мүмкін.

19) Қормен қарулану 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 642,2 мың теңгеге өсіп, 138,7% құрайды. Оған әсер еткен 2005 жылы негізгі қорлардың орташа құнының 13468,0 мың теңгеге артуы мен қызметкерлердің тізімдік санының ұлғаюы болып табылады.

 

2.2 «Баян- Сұлу» АҚ –ның бәсекелік қабілеттілігін және өнімнің сапалық қасиеттерін  бағалау

Кез  келген саланың  құраушы  бөліктері  мен  құрамдас  бөлшектері  арасында  бәскелестік  туындайды.  Бұл экономикамыздың  дамуының  басты  шарты  болып  келеді,  себебі, бәсекелестік  бар болған  жағдайда тауар мен  қызмет  көрсетудің  сапасы да, бағасы  да  тиімді  болмақ.

Кәсіпорынның, оның ішінде өнімнің де, бәсекелестікке  қабілеттілігі деп  оның  қысқа  мерзім ішінде  салынған капитал негізінде  сәйкес  келген  саладағы   табыстылықтың  орта  деңгейінен не  төмен емес,  не жоғары  емес  деңгейде  пайда  түсіру  қабілеттілігі  танылады.  Басқа сөзбен айтсақ, бәсекелестікке  қабілеттілік – кәсіпорынның  қысқа мерзім ішінде  тиімді қызмет етуі.  Бұл жерде өнім  өндіру  мен  оны  тұтыну  мерзімдерінің сәйкес  келулері  өте  маңызды болып  табылады. Бағдарламалар мен  өндірістік көрсеткіштерді  анықтаған кезде  кәсіпорынның (“Баян-сұлу” АҚ) басты  назары  тұтынушы сұранысы  мен қалауына  бөлінуі  тиіс. Осыған  орай кәсіпорынның  жемісті  қызметін анықтайтын  басты  факторлар  ретінде  келесілерді қарастыруды жөн көрдік:

  • мамандардың жоғары біліктілігі, оларды  дайындау;
  • жұмыстың тұрақты сапасын  (сенімділік, кепілдік, мерзімдерді  сақтау) қамтамасыз  ету;
  • тұтынушының таңдауына ықпал  етуші  кәсіпорынның (“Баян-сұлу”АҚ)  имиджі.

Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігі мен олардың бәсекелестік әлеуетін анықтайтын факторларды  қарастырғанымыз  жөн.   Ондайларға  біз  келесілерді  жатқыза  аламыз:

  • жоғары нарықтық  үлесі,
  • нарықтық үлесінің оңтайлы  динамикасы,
  • жақсы жасалып, артынша іске  асырылған  стратегия,
  • кәсіпорын тұтынушыларының  арасындағы  оның  жоғары рейтінгі,
  • беделдің оңтайлы динамикасы,
  • компанияның табысты стратегиялық топқа  жатуы,
  • қажетті қаржы қорларының болуы,
  • тауардың жалпы  номенклатурасы,
  • бағалық ерекшеліктер,
  • рентабельділік, технологиялық деңгей, инновациялық  әлеует, қызметкерлердің  жоғары  деңгейлі   біліктілігі.

Жоғарыда  аталғандарды қарастыра келе, кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігін  төмендетуші  факторларын  да  қарастыра  кеткен  жөн  деп  ойлаймын. Ондай факторлардың ішінен келесілер  ажыратылады:

  1. төмен нарықтық  үлес,
  2. нарықтық үлестің  теріс  динамикасы,
  3. стратегияның жоқ болуы,
  4. беделдің төменділігі,
  5. имидждің теріс  динамикасы,
  6. компаниянық табысты емес  стратегиялық топқа жатуы,
  7. шығындардың көп  болуы,
  8. қызмет көрсету сапасының  төменділігі және  т.б.

Демек, өнім мен оны өндіруші кәсіпорынның бәсекелестікке  қабілеттілігі  мен оны  анықтаушы  факторларды  қарастырғанда, тек  ішкі  факторларды  ғана емес,  сонымен  қатар сыртқы факторларды да  есепке алу  керек.   Бұл  орайда  біз  жалпы  бәсеке қабілеттілігіне  ықпал  етуші  сыртқы  факторларын да  анықтауымыз қажет:

  • нарық әлеуеті,
  • қолжетерлік жеңілдігі,
  • тауар түрі,
  • кіру барьерлері (қажетті  инвестициялар, мемлекеттік  реттеу),
  • нарықтың біртектілігі,
  • кәсіпорынның құрылымдық салалары  мен  нақты  ұстанымдары,
  • кәсіпорынның атаулы салаға тартылу  деңгейі,
  • технологиялық жаңалықтарды енгізу  мүмкіндігі,
  • көлем негізіндегі  үнемдеу,
  • фирмалардың диверсификациясы.

Бәсекелестік шарттары кезінде кәсіпорын жағдайын анықтауда  құрылымдық және  функционалдық әдістер пайдаланылуы мүмкін. Бірінші  әдіс құрылымдық болып табылады. Оған сәйкес кәсіпорында бағалау  саланың  монополизациялану деңгейі  білімінен барып шығуы  мүмкін.  Жаңа  бәсекелестердің жолында пайда болатын  негізгі  кедергілерге   ірі  өндірістің үнемділігін, өнім дифференциация деңгейі, өмір сүріп жатқан  фирмалардағы шығындар ерекшелігі, капитал көлемі және т.б. жатқызылады. Бәсекелестіктің  жиілігі бірқатар  өлшемдердің қызметі болып табылады, нарықтың  даму қарқыны неғұрлым аз болса,  соғұрлым  бәсекелестік  жиілігі де  төмен болып  келеді. Сонымен  қатар,  тауар  немесе  қызмет  көрсетуді  неғұрлым  дифференциациялау мүмкіндігі  аз  болса,  онда  бәсекелестікке  қабілеттілік  жылдамдығы  да  өспек.   Бұл  ең  бастысы тұтынушылардың  бір фирма  тауарынан екінші фирма  тауарына  ауысудың  тым  төмен құны үшін бәсекелестіктің  өсу  маңыздылығымен байланысты  болып  келеді. бизнестен шығу  неғұрлым  қиын  болса,  соғұрлым бәсекелестік  тығыз дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет. Бәсекелік қабілеттің кешкнді үш факторы.

 

Аталған үш факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі  бірін – бірі толықтырып отырулары қажет.

Бәсекелік қабілетті анықтау төмендегі формуланың көмегімен жүргізіледі:

К=Э-И/ Э+И * 100%

Мұндағы  К- өнімнің бәсекелік қабілетінің ағымды коэффициенті;

                  Э- өндірілген өнімнің экспорттық үлесі, %.

                  И – ішкі нарықтағы импорттың үлесі, %.

 

Сонымен қатар  басқа  салалардағы  ірі  компаниялардың  келуі  де  бәсекелестікті өсіреді. Атаулы бизнес саласына кірген жаңа  компаниялар  салада   алғы  орынға ие  болуларын  көздейді.

Бәсекелестік  жиілігін  анықтаудың  екінші  әдісі функционалдық  болып табылады.  Бұл жерде  басты  орында фирманың экономикалық  көрсеткіштері («шығын – баға», өндірістік  қуатты өндіруі,  өнім  көлемі,  пайда  нормасы және  т.б.)  ойнайды. Бұл жағдайда талдау нысаны  болып  үш  нысана  белгіленген.

Біріші топқа кәсіпорынның өндірістік-өткізу қызметінің тиімділігін беруші көрсеткіштер жатады. Олар таза пайданың таза сатуларға, материалдық активтердің таза құнының таза айналым капиталына деген қатысын  білдіреді.

Екінші топ көрсеткіштері компанияның өндірістік саласының  қызметін сипатайды. Көп жағдайда негізгі және айналымдағы капиталдың  пайдалану жиілігін белгілейді. Бұл топқа таза  сатулардың   материалдық  активтердің таза құнына, таза  айналым  капиталына,  материалдық-өндірістік  қорларға деген қатынасы, материалдық-өндірістік  қорлардың  таза айналым  капиталына  деген қатынасын   белгілейді.

Үшінші топқа кәсіпорынның  қаржылық  қызметімен  байланысты  көрсеткіштер кіреді. Оларға  айналымдағы капиталдың  ағымдағы қарызға  деген қатынасы, ағымдағы  шоттардың төлену кезеңі, ағымдағы қарыздың  материалдық шоттарға  деген қатынасы,  ұзақ  мерзімді  міндеттемелердің таза  айналым  капиталына  деген қатынасы кіреді.

Функционалды әдіс жеке кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, сонымен  қатар,  фирманың жалпы көрсеткіштеріне жататын еңбек өнімділігі пайдаланылады. Көрсетілген көрсеткіштердің салыстырылуы мен салғастырылуы фирманың немесе оның бөлігінің бәсеке қабілеттілік  деңгейін сипаттайды.

Сонымен  қатар,  кәсіпорын  қызметінің  тиімділігін  анықтау  кезінде сату  көлемінің  активтерге  деген  қатынасы  мен  сату  көлемінің  негізгі  капиталға деген қатынасы маңызды рөл ойнайды. Атаулы  көрсеткіштердің өсуі фирма операцияларының тиімділігінің өсу деңгейін немесе бағалардың  инфляциялық  көтерілуін білдіреді. Тиімділікті бағалау кезінде аса  үлкен маңызға түскен пайда  мен шыққан шығын шоттары  баптарының  өзгеруі  ие  болады.

 Соңғы  кезде  отандық «Баян- Сұлу» кондитерлік кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықта біршама танымал болып келеді. Тұтынушылық қасиеттері жағынан шетелдік өнімдерден кем түспейтін бұл кондитерлік өнімдер ішкі нарықта өз орындарын нығайту шараларын іздестеру.

4-кесте «Баян — Сұлу» АҚ-ның кондитер өнімдерінің бәсекелік қабілет деңгейлерін бағалау.

 

Кондитер өнімдерінің атауы 

Бәсекелік қабілет көрсеткіштері

Бәсекелік қабілет деңгейі

Бәсекелік тұғыры

Сапа деңгейі

Тартымдылық деңгейі

Нарықтық бағасы 1кг

«Каракум»

9,5

9,3

595

0,54

1

«Чародейка»

9,2

9,2

555

0,48

2

«Мишка на севере»

9,0

8,9

450

0,33

3

 

« Баян – Сұлу» АҚ-ның өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігін талдау барысында кондитер өнімдерінің арасында ең жоғарғы көрсеткішке «Каракум» сауда белгісі ие болып тұр. «Чародейка» өнімінің «Каракум» өнімімен салыстырғанда сапа деңгейі 0,3-ке , ал «Мишка на севередан» 0,5-ке жоғары болып шықты.

Сонымен қатар кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігі туралы кәсіпорындардың қаржылық есеп беруінде толық тіркелетін төменде  берілген  көрсеткіштер  бойынша  талдау  жасауға  болады:

  • құн және  санмен  берілген  сату динамикасы,
  • Егер де өткізілген  өнімнің құны оның  сыртқы  өсуінеқарағанда тез  өссе, ондаоғандегенсұраныс  та  көбееді (бұл жерде  бағалардың  инфляциялық  өсу факторын  есепке  алған  жөн); егер  де  жағдай  кері  болса,өнім сұранысқа иеболмай,кәсіпорын оның  бағасын төмендетуге  мәжбүр  болады.
  • Пайданың сату көлеміне деген  қатынасының  өсуі бәсекелестікке қабілеттіліктің  өсуін  білдіреді,
  • Сату көлемінің іске асырылмаған  өнімге  деген  қатысы  алдыңғы екі  көрсеткішті толықтырады. Оның  азаюы сұраныстың төмендеуін немесе өнімнің  артық өндірілуін  білдіреді,
  • қуаттылықты арттыру, көбейту (басынан қиындылықты кешіре бастаған кезде фирма қуаттылығынан айырыла  бастайды),
  • тапсырыс портфелі (егер де оның  көлемі  айтарлықтай болса,  фирма өнімінің  жоғары  сұранысқа  ие  екенін білдіреді),
  • капитал салынымының көлемі мен бағыттары.  

Әдетте  фирма капиталын өз көзқарасы тұрғысынан болашағы бар және тиімді өнім өндіруге  жұмсайды. Егер  де  ол  атаулы  өндіріске  капитал салынымын  тоқтатса,  бұл фирманың   табыс алуды  қарастырмайтынын білідіреді. Демек атаулы  тауардың сұранысқа ие  емес  екендігі  анықталады.

          Қызметінің алғашқы кезеңдерінде  фирма  ең  алдымен акциялардан  түскен  қаражат негізінде  жұмыс істейді. Артынша капиталданған  пайданың  плі  кеңее  береді. Соңғысының  қарқынды  өсуі  фирма  қызметінің  жоғары  тиімділігі  туралы қорытынды  жасауға  және  оның  тәуелсіздігінің өсуі  туралы  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  береді.

          Аталған көрсеткіштердің  арасынан  келесілер  есепке алынады:

Жеке  капиталдың баланс қорытындысына  деген  қатынасы. Ол фирманың  сырттай  қаржыландыру  көздерінен  тәуелсіз  екенін  білдіреді. Неғұрлым атаулы  қатынас  жақсы  болса,  соғұрлым оның  қаржылық  жағдайы жақсы болмақ. Қарыздың жалпы сомасы жеке капитал сомасынан  аспауы тиіс  деген ереже  барлығына  белгілі. Демек, егер атаулы қатынас 50 % құраса,  фирманың  қарыз капиталдары  арқылы  қаржыландырылуы орынды  деңгейде жүріп  жатыр  деген  сөз.

          Барлық қарыздың  жеке капиталға деген  қатынасы. Бұл алдыңғы көрсеткіш сияқты қаржыландырудың сыртқы және ішкі көздерінің  арақатынасын белгілейді. Қарыздың  жеке  капиталдан  аспауы  барлығына  алтын  ереже  болғанымен, кейбір қарыздар қысқа  мерзімді болғандықтан, жағдайды анықтау  үшін фирма құрылымы мен оның  шығындарын талдауды  қажет.

          Жеке капиталдың нақты капиталға деген қатынасы. Ол қаржыландырудың ішкі көздері арқылы негізгі қорға жасаған  инвестицияларының қандай  деңгейде  екенін  көрсетеді. Егер  де атаулы  қатынас 1-ден төмен  болса,  қорлардың бір  бөлігі  қарыз капиталы арқылы қаржыландырылады  деген сөз.  Демек,  артынша  пайыз  түрінде  төленетін  шығындарға әкеледі. Егер де төленетін пайыздың көлемі салынған капиталдан  түскен  табыстың  орта  нормасынан  жоғары  болса, ол залалды  болып  табылады.

          Ұзақ мерзімді қарыздың  жеке капиталға  деген  қатынасы.  Бұл фирманың бәсекелестікке қабілеттілігін анықтау кезіндегі маңызды көрсеткіш  болып табылады.

Фирма қызметі  ұзақ мерзімді  несиелер мен қарыз міндеттемелері  арқылы  қаржыландыру  төленетін  пайыздың  түскен пайдадан  неғұрлым аз  болған жағдайда ғана тиімді  болмақ. Ұзақ  мерзімді  несие  фирма  операциялары мен  әрекетін  неғұрлым  кеңейтуге  және көп  пайда  түсіруге  мүмкіндік  береді.

          Сонымен қатар,  қарыз  көлемі  айналымдағы капиталдан аспауы  керек. Керісінше  жағдайда фирма  қарыз қаражатының  бөлігін ағымдағы  операцияларға  жұмсайтынын  білдіреді. Демек,  оның  шығындары  тағы  да  өседі,  өйткені  ол пайыз мөлшерлемелерін  өтеуге  біраз қаражат  жұмсайды.  Операциядан  түскен  жеке  қаражат (ақша) есеп беруде  беріледі.

          Ағымдағы капитал салынымдарының өзін-өзі қаржыландыру  коэффициенті есеп  беру  жылында  негізгі капиталға  салынған  салыным  операциялардан  түскен   қаражат  есебінен  жүргізілгені туралы  мәлімет береді.

          Өтеу (жабу) коэффициенті немесе айналым активтерінің қысқа  мерзімді қарызға деген  қатынасы фирманың төлем  қабілеттілігі  мен бәсекелестікке  қабілеттілігін  сипаттаушы көрсеткіш  болып табылады. Ол  негізінен  1-ден  кем  болмауы тиіс.  Алайда, айналым активтерінің барлық  элементтері бірдей болмағандықтан, фирманың төлем  қабілеттілігін  сипатаушы  басқа  да  қосымша көрсеткіштер есептеледі.

          Айналым активтерінің өтімшілік  коэффициенті  ақшалай  қаражат  пен  айналым активтеріндегі  жедел  іске  асырылатын құнды  қағаздар  үлесін  көрсетеді.  Атаулы  коэффициент неғұрлым жоғары болса,  соғұрлым капитал  өтімділігі  жоғары  болмақ.  Демек  фирманың  төлем  қабілеттілігі  де, бәсеке  қабілеттілігі  де  жоғары болады  деген сөз. Қысқа  мерзімді  өтімділік  қаражаттарымен  жапқан кезде өтімділік категориясына ақшалай  қаражатпен  қатар дебиторлық қарыз да кіреді. Атаулы көрсеткіштердің төмендеуі   фирманың  төлем  қабілеттілігінің  төмен  екенін  білдіреді. Фирманың  төлем қабілеттілігі қарыз өтімді активтермен жабылған (өтелген) кезде ғана  жоғары  деп саналады.

          Сол  себептен кәсіпорын мен оның өндіретін өнімнің нарықтағы бәсеке қабілеттілігін  анықтаған  кезде, жоғарыда  аталған  көрсеткіштерді  біріктіре отырып қарастыру  қажет.

  1. қаржылық қортындының көрсетілген қызмет көлемінің () өгеруіне байланысты өзгеруін мына формула арқылы анықтаймыз:

мұндағы

 —  базисті қаржылық қорытынды

 — өндірілген өнім көлемінің толық шығындар бойынша өсу коэффиценті ()

Бұл көрсеткішті « Баян – Сұлу» АҚ бойынша есептейік:

9676 / 7858 = 1,231

 347(1,231-1)=80,2

  1. қаржылық қорытындының көрсетілген қызмет шығындарының 1 теңгеге өзгеруі салдарынан өзгеруі келесі формула бойынша анықталады:

Мұндағы

— базисті кезеңде өндірілген өнім көлемі;

— есепті кезеңде өндірілген өнім көлемі;

 — базисті кезеңдегі өндірілген өнім қызмет шығындары;

 — есепті кезеңдегі өндірілген өнім шығындары;

« Баян-Сұлу» АҚ бойынша бұл көрсеткіш 2003 -2004 жылдар үшін.

(7988/9926-7858/9676)374=34,7 мың теңге

  1. қаржылық қортындының өткізу құрлымының өзгеруі есебінен өзгеруін төмендегі формула бойынша анықтаймыз:

 

Мұндағы

 — есепті кезеңдегң баға бойынша өткізу көлемінің өсу коэффициенті.

Осы есептеулерді «Баян-Сұлу» АҚ бойынша есептеп табамыз.

= 9926/9676=1,026

=347(1,026-1,231)=-71 мың теңге.

 

       Енді өнімнің қасиеттеріне келетін болсақ, өнімді сапалық қасиеттері арқылы тандаған кезде тұтынушы үшін өнімнің дәмі, түсі, өңделу деңгейі маңызды болып табылады.

 5-кесте ішкі нарықтағы кондитер өнімдерінің сапалық қасиеттерін бағалау.

Кондитер өнімдерінің атауы

Дәмі

Иісі

Ораманың дизайны

Ауызда еруі

Сақтау мерзімі

« Каракум»

9,6

9,3

9,9

9,3

9,2

«Чародейка»

9,4

9,1

9,5

9,1

9,2

«Мишка на севере»

9,0

8,9

9,2

9,1

9,2

 

Осы анкеталық зерттеу көрсетіп отырғандай «Каракум» өнімінің сапалық қасиеттері жоғары  және де сұранысқа ие болып тұрғаны байқалып тұр.

6-кесте «Баян-Сұлу» АҚ «Каракум» өнімінің 100 грамм тағамдық құндылығы:

 

Көрсеткіштер

Бірліктері

Ақуыздар (гр)

4,7

Майлар (гр)

30,6

Көмірсулар(гр)

60,9

Қуаттылық құндылығы(ккал)

529

 

          Бұл кестеден біз «Каракум» өнімінің тағамдық құндылығы керемет болып тұр. 

Сонымен,  жалпы  алғанда, отандық өнімдердің бәсекелік қабілеттерін арттыру мәселесі әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр. Тек сапалық немесе құндылық көрсеткіштермен ғана емес, сол сияқты өнімнің тартымдылық қасиеттері мен де шетелдік өнімдерден ерекшелену міндетін орындау үшін әрбір кәсіпорынның өзінде бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану және оған мемлекет тарапынан кең қолдау көрсету қажеттілігі айқын сезіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

3.1. Халықаралық ИСО стандарттарын енгізу

          Өнімнің сапасына деген талап  ғылымның, техниканың халықтың өмір сүру деңгейінің дамуына қарай өзгеріп отырады. Осы себепті, өнімнің сапасын қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға, ғылыми- техникалық жетістіктердің қолданылуына сай өзгеріп отыратын заңдылық ретінде қабылдаған жөн.

          Өнімнің сапалық деңгейі бірнеше тұрғыда анықталады. Әлемдік нарыққа шығудың негізгі жолы болып – халықаралық сапа стандарттарының  талаптарын орындау және оны өндіріске енгізу қадамдары саналады.

            Бұл үшін, ең алдымен, ҚР 1999 жылы қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдардың кәсіпорындарды халықаралық сертификаттарға көшуге ынталандыратын жаңа нұсқасын қабылдау қажеттігі туындауда. Қазіргі қолданыста жүрген бұл заңдардың негізгі мақсаттары болып келесілер саналады:

        -өнімнің сипатына, пайдалану  мақсатына сай талаптар мен мөлшерлерді бекіту;

       — өнімнің адам өміріне, қоршаған ортаға қауіпсіздігін қалыптастыру;

       — өнімнің сапасына байланысты тұтынушылардың көзқарастарын қорғау;

       — өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруда кедергілерді жою;

        Аталған мақсаттарды әлемдік нарықта бәсекелік қабілетті қамтамасыз етудің басты құралы ретінде ИСО 9000 талаптарын өндіріске енгізумен толықтыру қажет деп санаймыз.

        Өндірістік өнімдердің сапалық қасиеттерін арттырудың басты құралы да осы стандарттау жүйесінің тиімділігімен байланысты. Кез-келген өнімнің жобалауынан оның дайын өнімге айналуына дейінгі кезеңнің барлығы да осы стандарттың талаптарымен қадағаланады.

        Стандарттау туралы халықаралық ұйым 1979 жылы «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету» жөнінде техникалық комитет құрған болатын. 1985 жылы  бұл ұйым сапаны қалыптастыру мақсатында бес халықаралық стандарттың  жобасын дайындады, ал 1986 жылы  британдық стандарттарға және халықаралық электротехникалық комиссиясының тәжірибелеріне сүйене отырып сериялы стандартын дайындап шықты, бұлардың қатарына:

  • -ИСО 9001- ИСО-9001–жобалау, дайындау, өндіріс, жөндеу және қызмет көрсету;
  • ИСО-9002– нақты өндіріс;
  • ИСО-9003-өнімді бақылау және  тексеру;
  • ИСО-9004 – сапаны және сауда жүйесін жалпы  басқару;

         Қазір бұл стандарттар әлемнің 73 мемлекетінде енгізілген. Осы ИСО 9000 стандарттары кәсіпорындардың өнімдерін сертификаттаудың базасына айналды.  Біздің мемлекетіміз де ИСО 9000 стандарттарын енгізіп ҚР СТ ИСО 9000-2001 талаптарын дайындады.

          Өнімнің сапасы мен оны стандарттау және сертификаттау бір-бірімен өте тығыз байланысты, сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруда бұл екі жүйені өзара үйлестіре отырып қарастырған жөн.

          Отандық өнімдердің сапасын арттыру тек стандарттаудың талаптарын ғана емес, мемлекеттің қолдауын да қажетсінетін шарт болып саналады. Сапалы өнім шығаруға жағдай жасау, оны экспорттауға қолдау көрсету мемлекеттік қамқорлықтың өзегі болмақ.

          Қазақстан экономикасының бәсекелестігін арттыру отандық өнімдердің сапасын арттыру арқылы жүзеге асатынын ескерсек, бұл бағытта ҚР  Үкіметінің    «2001 жылы 2 мамырдағы 590 қаулысымен бекітілген 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық «Сапа»  бағдарламасын» қабылдағанын атап өтуге болады. Бұл бағдарлама отандық тауарлар мен көрсетілген қызметтің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай- ақ отандық өнімдердің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындар қызметтерінің негізгі бағыттарын айқындайды.

         Негізгі мақсаты мен міндеттері болып:

  • көзделген өткізу нарығы стандарттарының талаптарына сай және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын ішкі және сыртқы нарықтарда сапалы және бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жобалау мен өндіру үшін жағдай жасау;
  • отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ғылыми- техникалық прогрес жетістіктерін енгізу;
  • өнімдер мен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сапасын және бәсекеге қабілеттілігі саласында нормативті- құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету;
  • сапа саласындағы нормативтік- құқықтық базаны жетілдіру;
  • сапаны арттыру саласында іс- шаралар ұйымдастыру және насихаттау болып табылады.  

             Аталған бағдарлама отандық тауар өндірушілердің өнім сапасын арттыруға, сол арқылы нарықтағы тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға нақты қадамдар жасауына түрткі болар деген ойдамыз.

            Ескере кету керек, ИСО талаптарын кәсіпорынға енгізу әрбір кәсіпорын үшін ерікті іс.  Алайда, мемлекетіміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында ИСО 9000-2001 талаптарын өндіріске енгізу өзекті мәселелердің біріне айналуда. Өйткені, халықаралық сапа талаптарына сай келмейтін өнімдер сыртқы нарықта шығарылмайды және бұл қадам ішкі нарықты сапасыз тауарлардан  қорғаудың бірден- бір жолы болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 250–ден астам кәсіпорын ИСО-9000 стандарттарын ендірген, ИСО – бұл халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1947 ж халықаралық стандарттарды жетілдіру мақсатымен қалыптасты. Бұл ұйымға әлемнің 147 мемлекеті кіреді, дүниежүзінде стандарттардың көп тарағаны ИСО–9000, ИСО-14000.

ИСО 9000 және  ИСО 14000 стандарттарын енгізу тек мынандай  кәсіпорындрға керек:

  • өзінің таурлары мен қызметнің сапысын көтергісі  келетін,
  • нарықта өз имиджін көтеру үшін,
  • нақты мемлекетте лицензия алу үрдісін жеңілдету  үшін,
  • шетелдік компаниялардан  тапсырыс алу үшін,
  • шетелдік инвесторларды тарту.
  1. ИСО- 9000 стандарттарына сәйкес кез келген кәсіпорында міндетті түрде 20 құраушы элемент қатысуытиіс:
  2. Басшылық жауапкершілігі
  3. Сапа жүйесі
  4. Келісім-шарттардың кезеңдік талдануы
  5. Жобалауды басқару
  6. Құжаттаманы басқару
  7. Өнімді алды ала сатып алу
  8. Тұтынушыларға ұсынылатын өнім
  9. Өнімді идентификациялау
  10. Үрдістерді басқару
  11. Бақылау және сынақтар
  12. Бақылаушы,сынақ, өлшеуіш құрал-жабдықтар
  13. Сынақ пен бақылау деңгейі
  14. Сәйкес келметін өнімге қатысты шаралар
  15. Түзетуші әрекеттер
  16. Тиеу-түсіру, сақтау мен орау жұмыстары
  17. Сапа туралы мәліметтерді тіркеуді басқару
  18. Сапаны іштей басқару шаралары
  19. Кадрларды даярлау
  20. Техникалық қызет көрсету
  21. Статистикалық әдістер.

ИСО 9000- 2001 талаптарын кәсіпорынға енгізу сапаны жалпы басқару жүйесінің негізі шығарылған өнімнің төрт деңгейдегі  сәйкестілігімен бақылаумен сипатталады.

  1. Бірінші деңгей -«Стандартқа сәйкестілігі». Мұнда өнімнің сапасы стандарттарға сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін болып бағаланады. Өнімнің сапалық деңгйі тұтынушылардың ескертпелері мен талап- тілектері бойынша да бақыланады.
  2. Екінші деңгей- «пайдалануға сәйкестілігі». Өндірілген өнім тек стандарттардағы талаптарға ғана емес, тұтынушылардың пайдалану қажеттіліктеріне де сәйкес болуы тиіс. Бұл деңгейді қамтамасыз ету тұтынушылармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет етеді.
  3. Үшінші деңгей- «нарықтың нақты талаптарына сәйкестілігі». Бұл жағдай жоғары сапалы өнімнің төмен бағамен сатылуына дәл келеді. Нарықтағы әрбір кәсіпорынның өз ісін шығынсыз, яғни ақаусыз атқаруға тырысуын қажетсінетін бұл деңгей, көп жағдайда, өндіріс орындарын тиімділікке итермелейді.

4 Төртінші деңгей- «ерекше талаптарға сәйкестілігі». Тұтынушылардың қандай-да бір жаңа талаптарына сай, өзгеше тұтынушылық қасиеттерімен ерекшеленетін, өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы өнімдердің сапалық құрамын жетілдіру.

Сапаны жалпы басқарудың бұл жүйесі кәсіпорынды нарықтық жаңа «куыстарын» қамтуға, бәсекелестерінен ерекшеленуге мүмкіндік береді.

Өндіріске инновациялық және ғылыми- техникалық жетістіктерді еңгізу, алдынғы қатарлы озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, оның шығындылығын төмендетуге де, сонымен қатар, оның баға бәсекесі жағдайындағы өтімділігін арттыруға серпін береді.  Сондықтан, Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде жеке ғылыми- техникалық дайындамалар мен инновация жетекші мәнге ие болуы керек деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі кезде өнімнің сапасын көтеру және оның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру Қазақстанда маңызды жағдайлардың бірі. Нарықтық жағдайларға өту өндірілетін өнімнің сапасына ешқандай әсерін тигізбеді,ол мына себептерге байланысты:

  • елде бәсекелестік орта қалыптаспаған ;
  • жоғарғы сапа деңгейін анықтайтын Ұлттық бағдарламаның болмауы;
  • кәсіпорынның көптеген басшылары нарықтық қатынастар жүйесіне дағдыланбаған;

Бұл кедергілердің жойылуы Қазақстандық кәсіпорынның өнім сапасын арттыру үшін және бәсекелестік ортаны арттыру үшін басты шарттары болып тұр, бірақ жеткіліксіз. Әлемдік тәжриебе көсетіп отырғандай, бұл жағдайды тек қана мемлекеттің басқару органдары және кәсіпорын басшылары оның маңыздылығын түсінгенде және оны шешу үшін қолынан келгенді жасаған кезде ғана шешуге болады.

Өнім сапасы экономикалық категория ретінде, тұтынкшылық бағамен тығыз байланысты, егер тұтынушылық баға – ол жалпы өнімнің пайдалылығы, ал өнім сапасы ол бәсекелестік ортада тұтынушылық бағаның қолдану деңгйін көрсетеді.

Мен қарастырып отырған кәсіпорынның өнімдері Қазақстан Республикасында өндірілетін кондитерлік өнімдердің ішнде сапа көрсеткіштері бойынша жоғары сұранысқа ие.

Өндірілген өнімнің сапасын бағалау сертификаттау арқылы ұйымдастырылады ол өнімнің сынақтан өткенін білдіреді және де алдағы өнімді бақылау жүйесін қалыптастырады.

Кәсіпорындағы өнім сапасы көптеген факторларға тәуелді:

  • өндірістің технологиялық деңгейіне;
  • өнімнің сертификаттауы мен стандарттауына;
  • кадрлардың квалификациялық деңгейіне;
  • өндірісті және еңбекті ұйымдастыру.

Жұмысымды қортындылай келе кәсіпорындағы өнімнің сапасын көтеру үшін кешенді әдістерді қолдану керек, яғни өнімнің өмірлік цикілі  сатыларында, оған әсер ететін барлық факторлары болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер көздері

 

  1. Экономика предприятия (фирмы): Учебник под ред. проф. О.И.Волкова и доц. О.В.Девяткина – 3-е издание, переработан. и доп.-М.: ИНФРА-М, 2003 г.-601 с.
  2. Экономика предприятия: Учебник для вузов под. ред. проф. В.П.Горфинкеля, проф. В.А.Швандара.-3-е изд., перераб. и. доп. М. Юнити – Дана, 2003. 718с.
  3. Экономика предприятия: Учебник для вузов под. ред. Ф.К.Беа, Э.Дихтла и М.Швайтцера. пер. с нем.- М.: ИНФРА-М, 1999г.-928 с.
  4. Скляренко В.К., Прудникова В.М. Экономика предприятия. Учебник-М.: ИНФРА-М, 2006 г.-528 с.
  5. Грибов В.Д. Экономика предприятия сервиса,: Учебное пособие,- М.: КНОРУС, 2006г.-250 с.
  6. И.А.Дубровин, А.Р. Есина, И.Н. Стуканова, Экономика и организация производства, Учебное пособие, М.: «Данилов и К», 2006. 202 с.
  7. Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» Заңы, Алматы, «Жеті жарғы», 1999 ж.
  8. ҚР Үкіметінің «2001-2005 жылдарға арналған Республикалық «Сапа» бағдарламасы туралы» қаулысы // Егемен Қазақстан, 2001, 8 мамыр.
  9. ҚР-ның «Стандаттау туралы» Заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 13 тамыз.
  10. Сергеев И.В. « Экономика предприятия» издание 2-ое, перер. и доп. Москва, Финансы и статистика, 2000, 304 с.
  11. Фейгенбаум А. Контроль качества продукций / сокр. пер. с англ. / автор предисловия и науч. Ред. Н.В. Гличев- М.: экономика, 1996. 98с.
  12. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсанында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана: Елорда, 2006.-44б
  13. Белый Е, Барашков С. Конкурентоспособность и качество продукции: два уровня управление// маркетинг , 2002, №4, б 29-33 .
  14. Окрепилов В.В. Управление качеством: учеб. для вузов.- 2-е Изд. доп и перераб. – М.: ОАО «Изд-во Экономика», 1998.
  15. Международные стандарты. Управление качеством продукции. ИСО 9000- ИСО 9004, ИСО 8402.- М.: Изд-во стандартов, 1988 с. 41.
  16. Әмірбекұлы Е. «Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру( ҚР- ғы өсімдік майларын шығаратын кәсіпорындардың мәліметтері бойынша) : 08.00.05. э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дис. – Алматы, 2004. 146 б.
  17. Google.kz.
  18. rambler.ru.