Курстық жұмыс: «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….
- Кәсіпорынның қаржы жағдайын жоспарлау және талдаудың мазмұны мен әдістері………………………………………………………………………………………………
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні мен оны жоспарлау және талдаудың мақсаты……………………………………………………………………………………………………..
1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін жоспарлау және талдаудың ақпараттық негізі ………………………………………………………………………………………………………..
- «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау……………….
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері …………………………………………………………………………………
2.2. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау……………………………….
2.3. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау ……………………….
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту және қаржылық өсуін жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………………….
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қазіргі кездегі мәселелері мен
оларды жетілдіру жолдары ……………………………………………………………………….
3.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының моделін
болжау және өңдеу ……………………………………………………………………………………
Қорытынды……………………………………………………………………………………………….
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….
Қосымша…………………………………………………………………………………………………..
Кіріспе
Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру — нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылыгы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылыгы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жагдайын талдау қажет. Тек терең және үқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға багытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
- Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін жоспарлау және талдаудың мазмұны
мен әдістері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні мен оны жоспарлау және талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау және талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау және талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорьшның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да, қызмет түрлері ушін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді».
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады.
М. Н. Крейнина , А.И. Ковалев және В.ІІ. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай — бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипат-тайтын көрсеткіштер жиынтығы».
Профессор И.Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы — бұл оның қаржы бәсекелес-тік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілет-тілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капи-талды пайдалану, мемлекет алдында жэне басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыс-тылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» — деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы — бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсет-кіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтиже-сінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде аныкталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кэсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды үсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңцегі қаржылық тұрақтылыгын және оньщ өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді… Қаржылық тұрақтылық — меншікті және қарыз қаражаттарының байла-нысы деп жазады.
Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сон-дай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыз-дарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақ-тысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржы-лық тұрақты болып табылады» деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық — бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепіл-дендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: «Кәсіпорында тұрақгы қалыптас-қан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы -қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қара-жаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіз-дігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыланды-ратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипат-тайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады».
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабі-леттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің ұздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Сурет 1. Баланстық пайданы факторлық талдаудың блок-схемасы
1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін жоспарлау және талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін жоспарлау және талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржьшық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сег-менттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарасты-рылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толты-рып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу ушін жылдық табыс ҚР заңымен көрсе-тілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып журген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономи-калық жүйенің қальштасуымен, екіншіден, біздің елі-міздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиім-ділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгал-терлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады
1991 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен түратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорын-ның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұ рады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік — бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы — яғни олардың өтімділік дәрежесіне байла- нысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазы-лады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражатгары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың тусіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулық-тардың және тэжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының » Бухгалтерлік талдау деген оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс — бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады.
- «Болат» ЖШС-ның қаржы нәтижелерін жоспарлау және талдау
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші — бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде ”табыстар” ұғымы келесідей түрде анықталады:
“Табыстар дегеніміз — қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі”.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы
“Бухгалтерлік есеп туралы ” заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған Жарлықтың 13-бабында былай делінген: “Табыстар бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы”. Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердіңабсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқзады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналады. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
- мемлекеттік бюджет табысының көзі;
- кәсіпорын мен брлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжрибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізг шарттар қажет болады:
- Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындырын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
- Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
- Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттырда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
- Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің айқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның тбыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау талдау міндеттеріне мыналар жатады:
- табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
- таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
- табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
- табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
- табыстың өсу резервтерін анықтау;
- кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
- табыстылықтың (рентабельдліктің) әр түрлі коэффициенттерін және олар дың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
2.2. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есетің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатынын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде — азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы себебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін есептеу үшін келесі кетені талдауға болады.
Кесте мәліметтеріне сәйкес «Болат» өндірістік кооперативінде 2005 жылы өнімді сатудан түскен табыстың +18901 мың теңгеге көбейгені байқалады (93714 — 74813). Нәтижесінде өндірістік өзіндік құны өткен жылмен салыстырғанда +8921 мың тг. (22591 — 13670) ұлғайды.
Кесте 1.
«Болат» өндірістік кооперативінде 2004-2005 жылдардағы табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін бағалау
№
|
Көрсеткіштер
|
Өл. бірл. |
Нақты |
Абсол. ауытқу +;- |
|
2004 ж. |
2005 ж. |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Өнімді сатудан түскен табыс |
мың тг. |
74813 |
93714 |
+18901 |
|
Өндірілген өнімнің өзіндік құны |
мың тг. |
13670 |
22591 |
+8921 |
|
Жалпы табыс |
мың тг. |
61143 |
71123 |
+9980 |
|
Мерзімдік шығындар, барлығы |
мың тг. |
43418 |
43344 |
-74 |
|
Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) |
мың тг. |
17725 |
27779 |
+10054 |
|
Негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) |
мың тг. |
2004 |
1654 |
-348 |
|
Салық салғанға дейінгі қызметтен түскен табыс (зиян) |
мың тг. |
19727 |
29433 |
+9706 |
|
Таза табыс (зиян) |
мың тг. |
19727 |
29433 |
+9706 |
«Болат» өндірістік кооперативінде 2005 жылы жалпы табыс 71123 мың тг. құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда +9980 мың тг жоғары, нәтижесінде негізгі қызметтен түскен табыстың көлемі жоғарылады. 2005 жылы берілген кәсіпорында негізгі қызметтен түскен қаржы нәтижесі 27779 мың тг. пайдаға шықты. Мерзім шығындары 2005 жылы өткен жылмен салыстырғанда -74 мың тг төмен.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасыныңмөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшлардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысуың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкте талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:
- біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
- екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
- үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші — жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді ткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың сімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикамық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы-материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәспорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құндеңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
2.3. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін жоспарлау және талдау
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
- жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекеленген элементтері;
2) өнімдер; 3) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кесте 2.
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі
«Болат» ӨК 2004-2005 ж.ж.
№
|
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі |
Нақты |
Абсол. ауытқу +;- |
|
2004 ж. |
2005 ж. |
||||
1 |
Жалпы табыс |
мың тг |
61143 |
71123 |
+9980 |
2 |
Жалпы активтер |
мың тг |
56890 |
63561 |
+6671 |
3 |
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі |
% |
107,5 |
111,9 |
+4,4 |
«Болат» ӨК мәліметтері бойынша жалпы активтердің табыстылық деңгейі 107,5 пайыздан 111,9 пайызға дейін ұлғайды, бұл кәсіпорынның активтері кәсіпорынның табыстылық деңгейіне көп үлес қосып отырғанын білдіреді .
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі — табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді.Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:
- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
- кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
- табысты болжау әдісі;
- шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталынған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасын индикаторыболып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Кестеде берілгендей, сатылған өнімнің табыстылық коэффициенті 2005 жылы -0,06 коэффициентке азайды.
Бұл көрсеткіш табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызыметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер,
Кесте 3.
Сатылған өнімнің табыстылық коэффициентін талдау
«Болат» ӨК 2004 -2005 г.г.
№
|
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі |
Нақты |
Абсол. ауытқу +;- |
||
2004 ж. |
2005 ж. |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Жалпы табыс |
мың тг. |
61143 |
71123 |
+9980 |
|
2 |
Өнімді сатудан түскен табыс |
мың тг. |
74813 |
93714 |
+18901 |
|
3. |
Жалпы активтердің орташа жылдық құны |
мың тг. |
56890 |
63561 |
+6671 |
|
4. |
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі |
% |
107,5 |
111,9 |
+4,4 |
|
5. |
Сатылған өнімнің табыстылық коэффициенті |
коэф |
0,82 |
0,76 |
-0,06 |
|
шешімдерқабылдауда негіз болып табылады.
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:
Таза табыс
Да=
Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс валютасы)
Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторлардың сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық активтердің табыстылық деңгейі — (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен (1 теңге) табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскенсайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көзқарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның 2000 жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштердің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:
- кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі — өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі; жалпы активтердің айналымдылығы.
Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрдеберілуі мүмкін: Жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген (сату) өнімнің табыстылығы активтер айналымдылығы.
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған таза табысы, өнімді өткізу табыстылығына (сату) және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдылығына байланысты болады.
Кесте 4.
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейіне баға беру
«Болат» ӨК 2004 – 2005 г.г.
№
|
Көрсеткіштер |
Нақты |
Абсол. ауытқу (+,-) |
|
2004 ж. |
2005 ж. |
|||
1. |
Жалпы табыс, мың тг. |
61143 |
71123 |
+9980 |
2. |
Меншікті капитал мың тг. |
35716 |
43617 |
+7901 |
3. |
Меншікті капиталдың табыстылығы, тг |
1,71 |
1,63 |
-0,08 |
Факторларды егжей-тегжейлі талдау үлестік қатысу (коэффициент) тәсілімен жүргізіледі. Ол үшін үлестік қатысу коэффициенттері, жоғары қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейінің төменгі қатарлы факторлар өзгерісінің абсолютті сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстылық коэффициенті (жалпы табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
Кесте 5.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер ететін көрсеткіштер «Болат» ӨК 2004 – 2005 ж.ж.
№
|
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі |
Нақты |
Ауытқу (+,-) |
|
2004 ж. |
2005 ж. |
||||
1. |
Жалпы табыс |
мың тг. |
61143 |
71123 |
+9980 |
2. |
Өнімді сатудан түскен табыс |
мың тг |
74813 |
93714 |
+18901 |
3. |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны |
мың тг |
29876 |
37191 |
+7315 |
5. |
Өндірістік қорлардың орташа жылдық құны |
мың тг |
24052 |
24877 |
+825 |
6. |
Өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті |
коэф |
0,32 |
0,27 |
-0,05 |
7. |
Сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін табыс – сатылған өнімнің табыстылық коэффи-циенті |
коэф |
0,82 |
0,76 |
-0,06 |
8. |
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі |
% |
82,6 |
285,9 |
+203,3 |
капиталдың тиімділігін арттыру үшін, қарыз капиталын пайдаланудың дұрыстығы жөніндегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін “тетік нәтижесінің” формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс. Талдау жүргізу түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту және қаржылық өсуін жетілдіру жолдары
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қазіргі кездегі мәселелері мен
оларды жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның қаржылық дағдарыс жағдайынан шығуының нақты жолдары оның тұрақсыздық себептеріне байланысты. Сондықтан көптеген кәсіпорындар тиімсіз мемлекеттік саясаттың әсерінен күйрейді. Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру жолдарының бірі қаржы жағдайы нашар шаруашылық субъектілердің мемлекеттік қолдау қажеттігі болып табылады. Бірақ мемлекеттік бюджеттің тапшылығы себебінен мұндай көмекті барлық кәсіпорындар ала алмайды. Акционерлік кәсіпорынның меншіктік айналым капиталы тапшылығын қысқарту мақсатында оны жаңа акциялар мен облигациялар шығару және орналастыру есебінен толықтыруына болады. Бірақ жаңа акцияларды шығару оның бағамының құлдырауына соқтыруы мүмкін және бұл банкроттықтың тағы бір себебі болуы мүмкін. Сондықтан батыс елдерінде көп жағдайда белгіленген проценттік кірістерімен конвертацияланатын облигациялар шығаруға тырысады және оны кәсіпорынның акцияларына ауыстыру мүмкіндігімен.
Банкрот деп танылған кәсіпорындарға бірқатар санкциялар қолданылады:
— өндірістік қаржы қызметін қайта ұйымдастыру;
- мүліктерін сатып, жою;
- кредиторлар мен кәсіпорын меншік иелері арасында келісім;
Қайта ұйымдастыру процедуралары төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жолымен белгілі бір ұйымдастыру техникалық шаралар жүргізуді қарастырады.
Талдаудың нәтижелері бойынша бағдарлама жасалуы қажет және банкроттыққа жібермеу және оны «қауіпті аймақтан» шығарудың ішкі және сыртқы резервтерін кешенді пайдалану мақсатымен кәсіпорынды қаржылық сауықтыру бизнес-жоспары жасалады.
Акционерлік кәсіпорындардың банкроттығын болдырмаудың жолдарының бірі акциялар бойынша дивиденттерді төлеуді қысқарту немесе толық бас тарту, акционерлерді қаржылық сауықтыру нақты бағдарламасымен және болашақта жоғары дивиденттер төлеуге сендіру шартымен.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың маңызды көзі факторинг болып табылады, яғни дебиторлық қарыздарды талап ету құқықтарын банкке немесе факторингтік компанияға беру, немесе келісім-шарт — цессия. Бұл бойынша кәсіпорын өзінің талаптарын несиені қайтаруды қамтамасыз ету ретінде дебиторларын банкке беру.
Кәсіпорынның материалды-техникалық базасын жаңартудың тиімді әдістерінің бірі лизинг болып табылады. Бұл бойынша жалға алынған мүліктің төлемін толық бір мезгілде талап етпейді және инвестициялаудың бір түрі ретінде қызмет етеді. Лизингтік операциялар бойынша жеделдетілген амортизацияны қолдану жабдықтарды оперативті жаңартуға мүмкіндік береді және өндірісті техникалық қайта жарақтауды жүргізеді.
Несиелерді кәсіпорынға жоғары табыстар алып келетін пайдалы жобаларға тарту тағы да бір кәсіпорынды қаржылық сауықтыру резервтеріне жатады. Осыған өндірісті диверсификациялау шаруашылық қызметтің негізгі бағыттары бойынша мәжбүрлік жоғалтулар бір бағыттағы басқа бағыттың пайдасымен жабылады.
Меншіктің капиталдың тапшылығын құрылыс мерзімін қысқарту, өндірістік коммерциялық циклды, қорларды жоғары нормативтік қалдығын, аяқталмаған өндірісті және т.б. қысқарту жолымен оның айналымдылығын жеделдету есебінен азайтуға болады.
Тұрғын үй, әлеуметтік, мәдениет, тұрмыс объектілерін ұстау шығындарын оларды жергілікті меншікке беру жолымен қысқарту негізгі қызметке капиталдың келуіне көмектеседі.
Негізгі өндіріс шығындарын қысқарту және тиімділігін жоғарылату мақсатында кейбір жағдайларда негізгі өндіріске қызмет көрсететін қызмет түрлерінің бірқатарынан бас тарту дұрыс және маманданған ұйымдардың қызметін пайдаланған орынды.
Егер кәсіпорын пайда алып, бірақ төлем қабілетсіз болса пайданы пайдалануды талдау қажет.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту резервтерін анықтау кезінде өтім нарықтарын, сұраныс пен ұсынысты зерттеу бойынша маркетингтік талдау жасау және осының негізінде өнім өндірісінің тиімді ассортименті мен өндіріс құрылымын жасау үлкен көмек көрсетуі мүмкін.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі және неғұрлым тиімді бағыттарының бірі өндірістің пайдалылығын ұлғайту бойынша және шығынсыз жұмысқа жету үшін ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Ол үшін кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсекелестік қабілетін жоғарылату, оның өзіндік құнын төмендету, материалдық, еңбек, және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік емес шығындарды қысқарту қажет.
Әр кәсіпорында жоғалтулардың барлық түрін жүйелі түрде анықтау үшін шығындарды немесе жоғалтуларды белгілі бір топтарға біріктіріп арнайы реестр жасау қажет:
А) брактан (жарамсыз өнім);
Б) өнім бермейтін өндіріс бойынша;
В) өнім сапасының төмендеуінен;
Г) сұраныс болмайтын өнімнен;
Д) пайдалы тапсырыс берушілер, пайдалы өтім нарықтарынан айырылып қалудан;
Е) кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалана алмағандықтан;
Ж) өнімнің бір бірлігіне белгіленген нормадан артық ресурстардың шығындалуы;
З) материалдар мен дайын өнімнің бұзылуы мен жетіспеушілігі;
И) толық тозбаған негізгі құралдарды істен шығарудан;
К) келісім-шарт тәртібін бұзғаны үшін айып санкцияларын төлеуден;
Л) мерзімі өткен дебиторлық қарыздардан;
М) Тиімсіз қаржыландыру көздерін тартудан;
Н) табиғат апаттарынан т.б.
Осы жоғарыдағы шығындар мен жоғалтулардың динамикасын талдау және оларды жою бойынша іс-шаралар өңдеу шаруашылық субъектінің қаржы жағдайын жақсартады.
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының моделін
болжау және өңдеу
Кәсіпорынның қаржы жағдайының болжамдық моделін жасау кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша бас қаржылық стратегия жасау үшін, оның болашақтағы мүмкіндіктерін бағалау үшін қажет. Ол кәсіпорынның шынайы қаржылық мүмкіндіктерін, ішкі және сыртқы факторларды зерттеу негізінде жасалуы қажет және негізгі, айналым қорларын, меншікті және қарыздық капиталды, пайданы бөлістіру, инвестициялық және баға саясатын тиімділеу сияқты мәселелерді қамтиды. Бұл жерде негізгі назар ақша табыстарын өсірудің ішкі резервтерін анықтау және мобилизациялау, өнім және қызмет көрсетудің өзіндік құнын ең жоғары деңгейде төмендету, пайданы бөлістірудің дұрыс саясатын таңдап алу, кәсіпорын капиталын оның барлық айналымында тиімді пайдалануға аударылады.
Шаруашылық субъектінің қаржылық тұрақтылығын болжаудың негізгі 4 әдісін бөлім көрсетуге болады: экстрополяция, айналым мерзімі әдісі, бюджеттеу әдісі, алдын-ала (болжау) баланс әдісі.
Бірінші әдісті пайдалану кезінде жай коэффициент (таза айналым капиталының сату көлеміне қатынасы) немесе байланыс теңдеуінің көмегімен бейнеленуі мүмкін айналым капиталы мен сату көлемі арасындағы тікелей байланыс мүмкіндігі есепке алынады:
Y=a+bx,
Бұл жерде, a – таза айналым капиталының тұрақты шамасы;
b- айналым капиталының сату көлеміне тәуелділік деңгейін бейнелейтін регрессия коэффициенті;
Бұл коэффициенттің мәнін және болжамдық сату көлемін білу арқылы таза айналым капиталына қажеттілікті анықтауға болады.
Таза айналым капиталын анықтаудың екінші әдісі өндірістік-коммерциялық циклдың ұзақтығын зерттеуге негізделген: қорлардың айналымдылық кезеңі + дебиторлық қарыздардың айналымдылық кезеңі – сату бойынша бір күндік айналымға көбейтілген кредиторлық қарыздардың айналымдылық кезеңі.
Мысалы, жоспарланған өнім сату көлемі – 150 млн. тг, қорларды қоймада сақтау мерзімі – 80 күн, жабдықтаушылардың несие мерзімі – 30 күн, дебиторлық қарыздарды өтеу мерзімі – 35 күн. Қорытындысында меншікті айналым капиталына қажеттілік: (80+35-30) х 150/360 = 35,4 млн. тг.
Бірақ бұл әдістің де кемшілігі бар. Өйткені айналымдылық мерзімі нормативтік болып табылмайды, ол әр түрлі факторлардың әсерінен өзгереді, сондықтан болжауды және дәлдікті қажет етеді.
Қорытынды
Курстық жұмыс Тараз қаласындағы Болат ӨК мәліметтері бойынша жазылған, яғни осы кәсіпорынның қызметі және ‘’Кәсіпорынның қаржы нәтижелерінің қалыптасуын талдау’’ тақырыбы бойынша толық қамтылды.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші — бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы..
Өнімді сатудан түскен табыс 2005 жылы 93714 мың теңгені құрады, ол 2004 жылғы деңгейге қарағанда 18901 мың теңгеге көп. Өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 13670 мың теңгені құраса, 2005 жылы 22591 мың теңгені құрады, бұл 2004 жылғы деңгейге қарағанда +8921 мың теңге жоғары, есеп беру жылы сатылған өнімнің өзіндік құнының пайыздық қатынасы 165,3 % құрады. Кезең шығындары 2005 жылы 43344 мың теңгені құрады, ол 2004 жылға қарағанда -74 мың теңге аз. Мұндай жағдай негізгі қызметтен түскен табыстың +10054 мың теңгеге өсуіне алып келді.
Жұмысшылардың орташа тізімдік санының 5 адамға көбеюі еңбек ақы қорының 24,0 мың теңгеге ұлғаюына (10584-10560) алып келді.
Еңбек ақы қорының ұлғаюы бір жұмысшының орташа жылдық еңбек ақысының өсуіне әсер ете алмады, ол өткен жылға қарағанда 24 мың теңге азайды.
Есеп беру жылы негізгі қорлардың орташа жылдық құны 7315 мың теңге өссе, бұл өсу қарқыны 124,5 % құрады.
2005 жылы қор қайтарымы 2,52 теңге болды, бұл 2004 жылға қарағанда +0,02 тг көп. Бұл негізгі құралдардың тиімді пайдаланылғанын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайының болжамдық моделін жасау кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша бас қаржылық стратегия жасау үшін, оның болашақтағы мүмкіндіктерін бағалау үшін қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Артеменко В.Г., Беленндир М. В. Финансовый анализ: Учебное пособие – М: Издательство «Дис», 1997 –128 с.
- Алборов Р. А. Аудит в организациях промышленности, торговли и АПК. –2 – е изд., перераб. и доп. – М: Издательство «Дело и сервис», 2000 – 432с.
- Баканов М. И, Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности.2 – е изд. М.: Финансы и статистика, 1987 – 320 с.
- Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 1998 –112 с.
- Барнгольц С. Б.,Белобжецкий И. А. Экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий и объединений. Учебное пособие –М.: 1986 –320с.
- Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
- Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие / К.Ш Дюсембаев.,С.К. Егембердива, З.К. Дюсембаева. – Алматы: «Каржы – Каражат», 1998 –512 с.
- Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (Теория и методология). Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
- Демченко В. С., Милета В. И. Системный анализ деятельности предприятия М.: Финансы и статистика, 1991 – 400 с.
- Ержанов М.С., Ержанова С.М. «Учетная политика на казахстанском предприятии» (практический аспект), Алматы, изд. дом «Бико» 1997 – 52 с.
- Ермолович Л. П.,Ермолович В. В. «Анализ эффеутивности промышленных предприятий и объединений »(справочное пособие) – Минск: Высшая школа, 1988 – 496 с.
- Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия.М.: Центр экономики и маркетинга, 1995 – 380 с..
- Крейнина М. Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. – М.: АО «Дис»; «МВ — центр», 1994 – 250 с.
- Ковалев В. В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. –2 – е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 1997 – 512 с.
- Ковалев В. В. Финансовый анализ – М: Финансы и статистика, 1996 – 432 с.
- Ковалев В.В., Ириков В.А. Финансовый менеджмент – компьютерный практикум. – Учебное пособие – М: Финансы и статистика, 1998 – 256 с.
- Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: — 2–е изд. перераб. и доп. – Мн:ИП «Экоперспектива», 1998-498с.
- Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. М.: Научно-производственная фирма «ЮНИ — ГЛОБ» совместно с издательско-полиграфическим объединением «МП», 1992