Қырғыздар қазақ балуанына құрмет көрсетіп, ат мінгізді (видео)

Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаевқа қырғыздар ат мінгізді. Бұл туралы  Altyn-orda.kz    KAZ.NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды. 

Бішкекте Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Қанатбек Бегалиев (Қырғызстан) пен Нұрбақыт Теңізбаевтың (Қазақстан) құрметіне грек-рим және еркін күрестен «Достық» турнирі өтті. Жарыстың ашылу салтанатында қырғыздар қонақжайлық көрсетіп, Нұрбақыт Теңізбаевқа ат мінгізді.

«Жарысты ұйымдастырған Қырғыз еліне үлкен алғыс айтамын! Бұндай жарыстар кішкентай балуандарымыздың шындалуына және әлемдік ареналарда ел намысын қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Бүгін ыстық ықыласпен қарсы алып жатқан, қырғыз еліне, досым Қанатбекке, жарысты ұйымдастырушы бауырым Анарбекке және бізді қолдап барған әрбір азаматқа мың алғыс! Алдағы уақытта біздің елде де осындай «Достық» турнирі жалғасын табады деп ойлаймын!», — деп жазды Нұрбақыт Теңізбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @tenizbayev.nurbakhyt